Валюта бағамы
  • USD -

    528.7
  • EUR -

    611
  • RUB -

    6.55
 ТҮРКІ ӘЛЕМІ  ҮШІН 2020 ЖЫЛ АБАЙ ЖЫЛЫ ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫ
18 желтоқсан 2019
ТҮРКІ ӘЛЕМІ ҮШІН 2020 ЖЫЛ АБАЙ ЖЫЛЫ ДЕП ЖАРИЯЛАНДЫ

Түркі әлемінің биылғы жылғы мәдени астанасы — Ош қаласында өткен ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы тұрақты кеңесінің XXXVII-ші отырысында 2020 жылды қазақтың біртуар ақыны Абай Құнанбайұлы жылы деп жариялау туралы шешім қабылданды. 

Халықаралық ұйымның таратқан ақпаратына жүгінсек, Қазақтың қайраткер ұлы Дүйсен Қасейінов басқаратын Түркі халықтарының ЮНЕСКО-сы саналатын беделді ұйым келесі жылы Қазақтың біртуар ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына қатысты Түркі әлемінде бірқатар іргелі істер жасауды жоспаралап отыр. Оштағы ордалы жиында Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов түркі елдерінен келген лауазымды тұлғаларға Қазақтың бас ақыны, өз дәуірінде «басқа шауып, төске өрлеген» өр ақын туралы мол мағлұмат берді. Сонымен қатар, жиналғандар 2020 жылы  Түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде тарихи терең Хиуа қаласын жариялады. 

Суреттер turksoy.org сайтынан алынды.

RELATED NEWS

Тұңғыш президенттің бұрынғы келіні 12 жылға сотталды
29 тамыз 2024
Тұңғыш президенттің бұрынғы келіні 12 жылға сотталды

Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Қайрат Сатыбалдының экс-жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Ulys.

Сот шешімі бойынша Гүлмира Сатыбалды 12 жылға, Мәди Батыршаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Гүлмира Сатыбалды Қылмыстық кодекстің бірқатар бабы бойынша айып тағылды: адамды заңсыз бас бостандығынан айыру, бопсалау.

Оның жүргізушісі Мәди Батыршаевты да заңсыз бас бостандығынан айырды деп айыптады. Сотта прокурор Сатыбалды 13 жыл, ал Батыршаевты 9 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Сотталушылар мен олардың адвокаттары соттан оларды ақтауды сұрады. Сатыбалды орташа қауіпсіздік мекемесінде 12 жыл жазасын өтейді. Оның көмекшісі - Батыршаевқа тоғыз жыл берілді.

Сот сотталған Сатыбалдыдан жәбірленуші Ж.-ның пайдасына 2,6 млрд теңге материалдық шығын, сонымен қатар 10 млн теңге моральдық шығын, сотталған Батыршаевтан 2 млн теңгені өндірді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Антикор Astana LRT-ның бұрынғы басшысын БАҚ арқылы сотқа шақырды
22 тамыз 2024
Антикор Astana LRT-ның бұрынғы басшысын БАҚ арқылы сотқа шақырды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  Astana LRT ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Ulys.

Қазіргі уақытта тергеу нәтижесінде ауыр қылмыс жасауда жиналған дәлелдер күдікті Талғат Ардан әрекеттерін ҚР Қылмыстық Кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша саралауға мүмкіндік берді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 208-бабы 1-бөлігіне сәйкес күдікті жауап алуға шақырылады. Алайда, күдікті Т. Ардан Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және келуден жалтаруына байланысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ҚПК-нің 205-бабының 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, күдіктіні шақыру туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды», - деп хабарлады Антикордың баспасөз қызметі.

Антикордың хабарламасында жауап алу және күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулыны жариялау үшін Талғат Ардан 2024 жылы 23 тамызда сағат 09:00-де Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 19, "Б" блогы мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына жедел-тергеу тобының басшысы Ж. Өтепқалиевке келуі қажет екені айтылған.

«Күдікті тергеу әрекеттеріне қатысу үшін қорғаушыны дербес шақыруға не қылмыстық процесті жүргізуші органның қорғаушының қатысуын қамтамасыз ету туралы өтінішхат беруге құқылы (ҚР ҚПК 68-бабы). Егер қорғаушыны күдікті немесе оның заңды өкілдері, сондай-ақ олардың тапсырмалары бойынша басқа адамдар шақырмаса, қорғаушының қатысуын қылмыстық процесті жүргізетін орган қамтамасыз етеді (ҚР ҚПК 67-бабы)», - делінген Антикордың хабарламасында.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.