Валюта бағамы
  • USD -

    485.5
  • EUR -

    563
  • RUB -

    5.85
Үндістанда жолаушылар ұшағы құлап, 200-ден аса ада көз жұмды
reuters 12 маусым 2025
Үндістанда жолаушылар ұшағы құлап, 200-ден аса ада көз жұмды

Үндістанның батысындағы Ахмадабад қаласынан ұшып шыққан Air India әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшыраған. Алдын-ала мәліметтер бойынша, борттағы 242 адам түгел қаза тапты, деп хабарлайды Ulys.

Ұшақ бүгін әуежайдан ұшып шыққаннан кейін бірнеше минуттан соң тұрғындар тұратын ауданға  құлаған. Air India мәліметінше, ұшақ Ұлыбритания астанасының оңтүстігінде орналасқан Гатвик әуежайына бағыт алған.

Полиция қатты күйген 100-ден астам мәйіттің жергілікті мемлекеттік ауруханаға жеткізілгенін хабарлаған.

«Ұшақ дәрігерлер тұратын жатақханаға құлаған... біз аумақтың 70-80%-ын тазаладық, жақында қалған бөлігін де тазартамыз», – деп мәлімдеді полицияның жоғары лауазымды офицері.

Үндістанның CNN News-18 телеарнасының хабарлауынша, ұшақ BJ медициналық колледжінің мемлекеттік жатақханасының асханасының шатырына құлап, көптеген медицина студенттері қаза тапқан.

Reuters дереккөзі мәлімдегендей, жолаушылардың арасында 217 ересек адам, 11 жасөспірім, 2 бала болған. Air India хабарламасына сәйкес, олардың 169-ы Үндістан азаматтары, 53-і британдықтар, жеті португал және бір канадалық болған.

Flightradar24 ұшу мониторингі сайтының деректеріне сәйкес, ұшақ Boeing 787-8 Dreamliner моделіне тиесілі – қазіргі уақытта қолданыстағы ең заманауи жолаушылар ұшақтарының бірі. Бұл апат ел тарихындағы ең ірі әуе апаттарының бірі саналады.

RELATED NEWS
Үндістанда жолаушылар ұшағы құлап, 200-ден аса ада көз жұмды
12 маусым 2025

Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар 2 мыңадамнан асып кетті
01 сәуір 2025
Мьянмадағы жер сілкінісінен қаза тапқандар 2 мыңадамнан асып кетті

Өткен аптада Мьянмадағы қатты жер сілкінісінен көз жұмғандар саны күннен-күнге көбейіп жатыр. Соның ішінде, ғибадатхана қирап, үйінде астында 200 монах қаза тапса, 50 баланы мектеп ғимараты басып қалған. Зілзала кезінде мешіттерде намаз оқып жатқан 700 мұсылман зардап шеккен, деп хабарлайды АР.

БҰҰ мен гуманитарлық көмек ұйымдары жер сілкінісінің салдары елде аштық пен ауру-сырқау мәселесін ұшықтырып жібереді деп алаңдап отыр. Мьянмадағы азаматтық соғыс гуманитарлық көмек беру жұмыстарын қиындатады.

Бірнеше күн бұрын Мандалай қаласында болған күші 7,7 балдық жер сілкінісі әуежайды бүлдіріп, жүздеген ғимаратты қиратып кетті.  MRTV мемлекеттік телеарнасының мәліметінше, ел басшысы Мин Аун Хлайн Пәкістан премьер-министрімен телефон арқылы сөйлескен уақытында 2065 адамның көз жұмып, 3900-ден астам адамның жарақат алғғанын, 270 адамның із-түзсіз жоғалғанын айтқан.

Қазір оқиға үйінделерді аршу жұмыстарына халықаралық құтқарушылар жұмылдырылған, оның ішінде Ресейден, Қытайдан, Үндістаннан және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген адамдар бар.

Еуропалық Одақ, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея сияқты бірнеше мемлекет миллиондаған доллар қаражат бөлгенін жеткізді.

Сондай-ақ Бангкок қаласында жер сілкінісінен кем дегенде 18 адам қаза тапқан, 33 адам жараланып, 78 адам жоғалып кеткен.

Канада Илон Маскты азаматтығынан айырмақ
24 ақпан 2025
Канада Илон Маскты азаматтығынан айырмақ

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Илон Масктың қос азаматтығын жоюға үндеу жасады, деп хабарлайды Anadolu.

Канадада Илон Маскты ел азаматтығынан айыруды талап ететін петиция басталды. Канадалықтар Илонды «елдің ұлттық мүддесіне қайшы келетін әрекет жасады» деп сынға алуда

Канада премьер-министр Джастин Трюдо Илон Маскты Канада азаматтығынан айыруға шақырды. Илонның анасы канадалық.

Петицияда кәсіпкер Маск «байлығы мен билігін Канададағы сайлауға ықпал ету үшін пайдаланады» және «Канада егемендігін жоюға тырысатын шетелдік үкіметтің мүшесі» делінген.

Қол қойған петиция 20 маусымда Қауымдар палатасына ұсынылады.