Валюта бағамы
  • USD -

    541.1
  • EUR -

    631
  • RUB -

    6.75
Вьетнамнан демалып келген қазақстандық әуежайға қонған бетте қамауға алынды
Фото: ашық көзден 20 тамыз 2025
Вьетнамнан демалып келген қазақстандық әуежайға қонған бетте қамауға алынды
 

Астана халықаралық әуежайында Камрань – Астана рейсімен келген 30 жастағы елорда тұрғыны мас күйінде ұшақта жанжал шығарғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Ulys.

Мәліметке сүйенсек, ер адам рейс кезінде айғайлап, бейәдеп сөздер айтқан және экипаждың заңды талаптарына бағынбаған. Оқиғаға байланысты көліктегі полиция қызметкерлері оны ұшақтан түсіріп, әкімшілік хаттама толтырды.

Сот қаулысымен тәртіп бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар ол қоғамдық орында мас күйде жүру, спирттік ішімдік ішу және әуе кемесіндегі тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көліктегі полиция департаменті азаматтарға қоғамдық орындарда, әсіресе әуе рейстерінде тәртіп сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

RELATED NEWS
Павлодарда туысқан қарындасын зорлаған жеткіншек 10 жылға сотталды
26 наурыз 2025
Павлодарда туысқан қарындасын зорлаған жеткіншек 10 жылға сотталды
 

Былтыр жазда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы ауылдардың бірінде туысқан ағасы зорлап, артынан жүкті болған қыз босанған еді. Бүгін Павлодар облысында осы іске қатысты сот өтті, деп хабарлайды Ulys.

Күдікті болған 17 жастағы бала кәмелет жасына толмағандықтан, сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Соттың бүгінгі шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Жазда оқушы қыздың босанғаны белгілі болған соң Павлодао облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова 12 жасар қыздың ауылына барған. Қыз бала отбасымен Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкино ауылында өмір сүріп жатыр. Атажұртқа көшіп келген қандастарды Қазақстанға ерте көшіп келген туыстары осы ауылға қоныстандырған көрінеді.

Ақмола облысында әжесі немересін өлтіріп, денесін үйдің ауласында көмген
04 наурыз 2025
Ақмола облысында әжесі немересін өлтіріп, денесін үйдің ауласында көмген

Ақмола облысының Щучинск қаласында асырап алынған баланың өліміне байланысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulys.

HALYQSTAN хабарлауынша, бес жылға жуық уақыт бойы жан түршігерлік қылмыстың іздері жасырулы болып келген. Бұл атышулы іс бойынша бала асырап алған анасы мен әжесі сот алдында жауап берді.

Бес жасар баланың денесі үйдің бақшасына жерленген, ал бұл сұмдық оқиға тек өткен көктемде ғана анықталды. Қылмыстың беті күтпеген қателіктің арқасында ашылған.

Асырап алған анасы басқа баласын денесі  көгеріп жүргендіктен ауруханаға алып келген, алайда құжаттарды шатастырып алған. Кейінірек оның төрт жыл бойы қайтыс болған балаға тиесілі туу туралы куәлікті қолданып жүргені анықталды.

Басты күдікті 65 жастағы әжесі бірден қамауға алынса, 29 жастағы асырап алған анасы да уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Сот жабық есік жағдайында өтіп, үкім шықты. Баланың әжесі – 21 жылға, өгей анасы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды
25 қаңтар 2025
Журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды

Қазақстандық журналист Дана Орманбаеваның үстінен ұлтаралық араздықты өршіту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Ulys Алматы полициясына сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы ұлтаралық араздықты қоздыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Сот «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен бірге күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды", - делінген полиция хабарламасында.

Журналист қазір Қазақстаннан басқа жерде тұрып жатыр. 

 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.