Валюта бағамы
  • USD -

    515.1
  • EUR -

    576
  • RUB -

    6.33
СҚО-да сүйіктісін сәбиімен бірге өртеп жіберген қылмыскер сотталды
Фото: СҚО ТЖД баспасөз қызметі/оқиға болған орын 12 мамыр 2025
СҚО-да сүйіктісін сәбиімен бірге өртеп жіберген қылмыскер сотталды

Петропавлда сүйіктісін сәбиімен бірге және өзінің інісін өлтірген қылмыскер Александр Канищев өмір бойына сотталып кетті, деп хабарлайды Ulys.

Адам шошырлық қанды оқиға 2023 жылдың қыркүйек айында болған. Сот үкімімен сотталған ер адам бастапқыда өрттен аман қалған жалғыз адам болып есептелген. Алайда, медициналық сараптама шыққаннан кейін ол күдіктілердің қатарына өтті.

Алапат өрттен кейін қылмыскердің сүйіктісі болған, бірақ заңды некеде тұрмаған 20 жастағы Алина Котяштың, оның бір жасар қызы Александраның және інісі Савелияның денесін эксгумацияға жіберуге мәжбүр болды.

Медициналық сараптама нәтижесінде бүлдіршіндер өртке дейін-ақ көз жұмғаны дәлелденді. Ал жас келіншек улы газға уланып көз жұмған. Тергеу барысында прокурор қылмыстық істің осы нұсқасына тұрып алды. Сот алғашқыда күдікті ретінде болған Канищевті ақтап алған. Бұл қанды оқиғадан кейін бір жылдан соң болды.

Дегенмен мемлекеттік айыптаушы сот шешіміне шағым түсірді. Айыптаушы тарап сүйенген негізгі дәлелдердің бірі балалардың қанында көмірқышқыл газының болмауы болды. Бұған қоса, сараптама кішкентай қыз баланың көзі тірісінде бас-ми жарақатын алғанын анықтады. Сондықтан прокурор зардап шеккендердің өртке дейін көз жұмғаны толықтай дәлелденген деп санады.

Ұзаққа бармай іс қайтадан сот алдында қаралды. Бұл жолы сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Александр Канищевтің сот үкіміне шағымдануына 15 күн уақыт бар.

RELATED NEWS
Ақмола облысында әжесі немересін өлтіріп, денесін үйдің ауласында көмген
04 наурыз 2025
Ақмола облысында әжесі немересін өлтіріп, денесін үйдің ауласында көмген

Ақмола облысының Щучинск қаласында асырап алынған баланың өліміне байланысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulys.

HALYQSTAN хабарлауынша, бес жылға жуық уақыт бойы жан түршігерлік қылмыстың іздері жасырулы болып келген. Бұл атышулы іс бойынша бала асырап алған анасы мен әжесі сот алдында жауап берді.

Бес жасар баланың денесі үйдің бақшасына жерленген, ал бұл сұмдық оқиға тек өткен көктемде ғана анықталды. Қылмыстың беті күтпеген қателіктің арқасында ашылған.

Асырап алған анасы басқа баласын денесі  көгеріп жүргендіктен ауруханаға алып келген, алайда құжаттарды шатастырып алған. Кейінірек оның төрт жыл бойы қайтыс болған балаға тиесілі туу туралы куәлікті қолданып жүргені анықталды.

Басты күдікті 65 жастағы әжесі бірден қамауға алынса, 29 жастағы асырап алған анасы да уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Сот жабық есік жағдайында өтіп, үкім шықты. Баланың әжесі – 21 жылға, өгей анасы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Павлодарда туысқан қарындасын зорлаған жеткіншек 10 жылға сотталды
26 наурыз 2025
Павлодарда туысқан қарындасын зорлаған жеткіншек 10 жылға сотталды
 

Былтыр жазда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы ауылдардың бірінде туысқан ағасы зорлап, артынан жүкті болған қыз босанған еді. Бүгін Павлодар облысында осы іске қатысты сот өтті, деп хабарлайды Ulys.

Күдікті болған 17 жастағы бала кәмелет жасына толмағандықтан, сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Соттың бүгінгі шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Жазда оқушы қыздың босанғаны белгілі болған соң Павлодао облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова 12 жасар қыздың ауылына барған. Қыз бала отбасымен Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкино ауылында өмір сүріп жатыр. Атажұртқа көшіп келген қандастарды Қазақстанға ерте көшіп келген туыстары осы ауылға қоныстандырған көрінеді.

 Қазақстандағы дропперлердің 90 пайызы шетелдіктер
09 қаңтар 2025
Қазақстандағы дропперлердің 90 пайызы шетелдіктер

2024 жылы Қазақстандағы «дропперлердің» 90 пайызы резидент емес адамдар. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды Ulys Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қылмыстық кірістерді заңдастыру үшін биыл осындай 6,2 мың адамның картасы қолданылған екен.

«Бұл карталар арқылы айналымның жалпы сомасы 24 миллиард теңгеге жетті. Ақшаны заңсыз жылыстатқысы келгендер үшінші тұлғаларға тіркелген байланыс операторларының SIM карталарын пайдаланған. Көбінесе «дроп-карталар» есірткі саудасы, кибералаяқтық, заңсыз құмар ойындар және басқа да қылмыстық әрекеттерге байланысты схемаларда қолданылған», - деп хабарлайды ҚМА.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.