Валюта бағамы
  • USD -

    521.1
  • EUR -

    611.5
  • RUB -

    6.65
Қайрат Сатыбалдыұлыдан екі жылда 783 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтты
Фото: скриншот 15 тамыз 2024
Қайрат Сатыбалдыұлыдан екі жылда 783 млрд теңгенің активтері мемлекетке қайтты

Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитеті Қайрат Сатыбалдыұлының кінәсін мойындау және заңсыз иемденген активтерін қайтару туралы процестік келісімінің шарттарын орындау жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Ulys.

Бұл активтердің жалпы сомасы бағалауды ескергенде, 50 млрд теңгеден асады. Қазіргі таңда 18 млрд теңгенің активтері қайтарылды.

«Олардың қатарында Алматыдағы 2 ірі бизнес орталығы, коммерциялық жылжымайтын мүлік және Астананың беделді ауданындағы элиталық үй бар.

Сатыбалдыұлынан тінту барысында алынған 95 мың АҚШ доллары Арнайы мемлекеттік қорға аударылды.

Сонымен қатар жүздеген миллион теңгеге эксклюзивті зергерлік бұйымдар, брендтік сағаттар, коллекциялық монеталар және басқа да сәнді бұйымдар (көлемі 174 атау бар) мемлекетке қайтарылды», — деп жазды бақылаушы органнан.

Біріккен Араб Әмірліктерінен жалпы құны 192 млн теңгені құрайтын Rolls-Royce Cullinan және Aston Martin маркалы көліктер түріндегі активтер қайтарылды.

Жалпы сомасы 33 млрд теңгені құрайтын Қ.Сатыбалдыұлы мен оның жақындарына тиесілі шетелдік мүліктің тапсырылуы аяқталу сатысында.

«Оның қатарында Дубай қаласындағы құны 20 млрд теңге тұратын екі бағалы вилла; Францияның Көкшіл жағалауындағы құны 4 млрд теңге тұратын төрт элиталық пәтер; құны 5 млрд теңге тұратын Ресейдің Мәскеу қаласындағы беделді тұрғын үй кешендеріндегі 15 жылжымайтын мүлік; құны 4 млрд теңгеден астам Түркияның Бодрум және Стамбул қалаларындағы екі элиталық вилла және пәтер жатады.

Басқа істерді ескере отырып, Қ.Сатыбалдыұлы 2,5 жыл ішінде мемлекетке 783 млрд теңгеге активтерді қайтарды», — делінген ақпаратта.

RELATED NEWS
Жемқорлықпен күрес: Әлемдік рейтингте Қазақстан нешінші орында
11 ақпан 2025
Жемқорлықпен күрес: Әлемдік рейтингте Қазақстан нешінші орында

Transparency International «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» халықаралық рейтингінде 2024 жылы Қазақстан нәтижелерін тағы да жақсартты, деп хабарлайды Ulys Антикорға сілтеме жасап.

Әлем бойынша орташа балл – 43, ал «Шығыс Еуропа және Орталық Азия» аймағында (19 ел) 35 болды.

Қазақстан рейтингінің 2016 жылдан бастап айтарлықтай өскен ел ретінде атап өтілді – 11 баллға (29 баллдан) өсу.

«Орталық Азия өңірі елдерінің ішінде Қазақстан ең жоғары позицияны иеленеді және рейтингті жақсартқан жалғыз ел болып саналады. Индексте Қазақстаннан кейін Үндістан (38), Индонезия (37), Аргентина (37), Сербия (35), Украина (35), Бразилия (34), Таиланд (34), Түркия (34), Беларусь (33), Ресей (22) және т.б. елдер орналасқан. Жемқорлықты қабылдау индексі Қазақстанның рейтингін шығару үшін 9 түрлі ұйымның деректері пайдаланылған композиттік индекс болып саналады. Рейтинг мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың сараптамалық және бизнес-бағалауларына негізделген», - делінген Антикор хабарламасында.

Нығматулиннің іздеуде жүрген ағасы Қазақстаннан қылмыстық іс қозғалмай тұрып кетіп қалған
20 наурыз 2025
Нығматулиннің іздеуде жүрген ағасы Қазақстаннан қылмыстық іс қозғалмай тұрып кетіп қалған

Парламент Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулин тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulys.

«Біз оның Қазақстанда емес екенін білеміз. Тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалған. Ол Қазақстанда емес. Оны іздеу және елге қайтару бойынша шаралар жүріп жатыр. Іздеу шаралары барлық елді қамтиды, оған мемлекетаралық іздеу жарияланған», - деді Құрақбаев Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Естеріңізге салайық, наурыз айының басында 69 жастағы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланғаны хабарланды. Оны іздеуге прокуратура бастамашы болған, ал іздеу шараларын Антикор жүргізеді.

Футбол федерациясының бұрынғы басшысына қатысты тергеу басталды
04 наурыз 2025
Футбол федерациясының бұрынғы басшысына қатысты тергеу басталды

Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ulys.

Қаржы мониторингі агенттігі Барменқұловқа, сондай-ақ федерацияның бірқатар бұрынғы қызметкерлеріне қатысты тергеу әрекеттері мен тінту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Барменқұлов 2021-2024 жылдар аралығында ҚФФ басшысы қызметін атқарған.19 қарашада ұйымның кезектен тыс отырысында ол қызметінен кетті.

БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты, ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрыңғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды,- делінген Қаржы мониторингі агенттігі хабарламасында. 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.