Валюта бағамы
  • USD -

    447.5
  • EUR -

    515.5
  • RUB -

    5.11
МҰЗДЫҚТАРДЫҢ ЕРУІ — ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ СУ ПРОБЛЕМАСЫН КҮРДЕЛЕНДІРЕДІ
09 сәуір 2019
МҰЗДЫҚТАРДЫҢ ЕРУІ — ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ СУ ПРОБЛЕМАСЫН КҮРДЕЛЕНДІРЕДІ

Соңғы кезде өзендерге ағатын құйылатын судың көлемі ұлғайды деп қуанатын адамдарды жиі көреміз. Алайда, мамандар бұған қайғарады. Себебі, мұздықтардың жылдам еруі салдарынан судың көлемі артуда. Орталық Азия аймағында Аралдың тартылуына қатысты, Әмудария мен Сырдарияның дұрыс, тиімді пайдаланбауы мен салада жаңа технологиялардың болмауынан тыс аймақта суға қатысты тағы бір проблема бар. Ол соңғы жылдары Тянь-Шянь мен Памир тауларындағы мұздықтардың жылдам ери бастауы. Оған климаттың жылынуы мен Аралдан ұшқан тұзды шаң-тозаң қатты әсер етуде.

Аралды Құтқару Халықаралық Қорының Қазақстандағы атқарушы директоры Болат Бекнияздың айтуынша, Сырдария мен Әмудария су келетін жағы біздің мұздықтар ғой. Оның көлемі азайып жатыр, кейбір жерде 50, кей жерде 40 % кеміген. Климаттың өзгеруіне байланысты негізгі судың көлемі азайып жатыр. Тәжікстан Республикасы Ғылым академиясы Су проблемалары, гидроэнергетика және экология институтының аға ғылыми қызметкері Бахром Мамадалиев, Ұсақ мұздықтар жоғалуда. Бұл судың азаюына әкеледі, бүкіл елдердегі өзен суларының экологиялық ахуалы нашарлайды. Соңы су ресурстарының жетіспеушілігі мен тапшылығына ұласады. Яғни  тұтас елді-мекендер сусыз қалып, халық арасында ауру-сырқау артады деген сөз.

Орталық Азия елдері таяу жылдары үлкен проблемаға айналатын осы мәселелерді қазірден шешуі тиіс. Алайда бірауыздық танытқаннан гөрі бас-басына би болуға асық. Тағы бір үлкен проблема — судың басындағы елдер тіпті өзендерді басы бүтін өз меншігі ретінде көруге көшкен.  БҰҰ-ның кеме жүрмейтін халықаралық су арналарын пайдалану құқығы туралы конвенциясының (Нью-Йорк, 1997 ж.) 5-бабының 2-тармағында «Судың бойындағы мемлекеттер халықаралық ағын суды әділетті және парасатты түрде пайдалануға, игеруге және қорғауға қатысады. Мұндай қатысуға, осы Конвенцияда қаралған суды пайдалану құқығы сондай-ақ оны қорғау мен игеру мәселесінде ынтымақтасуға қатысты міндеттер де жатады» деп тайға таңба басқандай жазылған. Түркия Республикасы Әлеуметтік инновация зерттеу орталығының үйлестірушісі, профессор  Жемал Зехир бұл мәселеге қатысты былай дейді:  «Трансшекаралық суларды халықаралық құқық су басындағы  елдердің басы бүтін өз меншігі ретінде қолдануына рұқсат бермейді. Бұл өте маңызды. Яғни Қазақстанға аққан Сырдария мен Әмударияны басқа мемлекеттер өз құқықтарын шектен асыра пайдаланып, басқара алмайды. Қазақстанның қажеттелігін ескеруі тиіс әрі келіссөз жасаулары керек. Аумағын басып өтетін үшін оларды қолдануларына хақтары бар, бірақ шектен асыра пайдалана алмайды». Тағы бір түркиялық ғалым Хасрет Чомак та, «1997 жылы шыққан БҰҰ-ның келісіміне сай, трансшекаралық және шекара маңы өзеннің басында отырған елдер су саясатына өзгеріс жасауда оны пайдаланатын өзге мемлекеттердің мүддесіне кесірі тию ықтималы жоғары болса, кем дегенде алты ай бұрын оларға хабар беріп, рұқсатын алуы тиіс. Судың бастауы бізден шығады, мен ойлағанымды істеймін, қалағанымша  қолданамын деген түсінік болмайды. Себебі халықаралық ұйымның құжаты осыны мұқият ескертеді» деді.

Расында да, табиғатта су мен жел адамдар сызған шекараларға мойынсұнбайды.  Бір елден екінші елге виза, паспорт алмастан емін-еркін өте береді. «Бұл су менікі» деуге ешбір мемлекеттің хақы жоқ. Әрине, қолдану құқына, қажеттіліктерін өтеу құқына ие. Алайда халықарлық құқық көршіңіздің де құқына зардап етпеңіз, қажет болғанда, оған да су бересіз дейді. Сондықтан біріге отырып келісу керек, мүмкіндік болса, ортақ су қоймаларын жасау керек. Энергия мәселесін де бірігіп шешу қажет.

Аралды Құтқару Халықаралық Қорының Қазақстандағы бөлімшесінің су ресуртары жөніндегі департаментінің басшысы Әмірхан Кеншімов, Екі конвенция бар. Біреуі 1992 жылы қол қойылған Хелсинки конвенциясы. Ол жақсы жұмыс істеп тұр. 45-тен астам ел мүше. Оның ішінде: біз де мүшеміз, Өзбекстан да мүше. Бірақ оны Қырғызстан мойындамай отыр, Тәжікстан мойындамай отыр. Содан кейін барып 1997 жылғы Нью-Йорк конвенциясы бар. Басында шарты болған 35 мемлекет мойындағаннан кейін күшіне енеді деп, былтыр күшіне енді. 35 мемлекет мойындады. Біз оған кірген жоқпыз, Өзбекстан оған кірген.

Мәселен, Қырғызстан «Қамбар Ата» су електр стансасын, Тәжікстан болса «Рогунды» салуға шетел инвесторларын іздеуде. Бірақ, мұндай жобаларға үшінші елдердің қаржы салуы қауіпті. Су мәселесін басқару үдересіне шетелдіктерді араластыру алаңдатпай қоймайды. Ертең ойынға айналдырып жүрмей ме? Сондықтан Орта Азия елдері су электр стансаларын бірігіп салуы керек. Қырғыз Республикасының Ауылшаруашылығы және мелиорация экс-министрі Чынгысбек Узакбаев, Бүгін инвесторлар керек деп жатамыз, бірақ шеттен келгендерден мен қорқамын. Ашық айтайын Қырғызстанда қазіргі кезде экономикалық аухал нашар. «Қамбар Ата-1» мен жоғары Нарын су электр стансаларын құруға Қытай екі алақанын ысқылап дайын отыр. Кел мен ақша берейін деп. Ал орыстар Ресей де  біздің ең жақын дос мемлекет. Олар да сұқтанып отыр. Ендігәрі Орта Азиядан шықпаймын деп Трамп та қатты айтып жатыр. Олар бұл аймақтан ешқашан шықпайды, өйткені олардың әрбірінің осы жерде өңірлік саясаты мен мүддесі бар.

Ал Түркиядағы «Hydropolitics association» халықаралық ұйымының президенті  Дурсун Йылдыздың көзқарасы: «Орта Азияда энергия мәселесін су проблемасымен қатар шешу қажет. Әйтпесе, тек судың жайын реттеу оңайға соқпайды. Себебі, Кеңес дәуірінде экономиканың су көп қолданылатын салалары дамытылды. Мысалы, Өзбекстанды суға аса мұқтаж тікелей егістікке тәуелді сала етті. Судың жоғары жағында орналасқан қырғыз бен тәжік энергиясы жоқ болған соң судан энергия алуға ұмтылса, керісінше суармалы алқабы көп төмендегі елдер суға мұқтаж болды».

Демек, судың басындағы елдердің де, соңындағы елдердің де мүддесі толық үйлесім табуы керек. Сонда ғана мәселе толық шешімін табады. Бұл үшін ортақ су банкін құру — тиімді жолдардың бірі. Қырғыз Республикасының Ауылшаруашылығы және мелиорация экс-министрі  Жумакадыр Акенеевтің пікірінше, Бірігіп су банкі түзілсе, ол банк Сауд Арабиясы сияқты қаржылы елдермен келіссөз жасап, сіздер су құбырын тартып  беріңіздер деу керек. Одан соң су құбыры арқылы өзімізден асқан суды оларға сатып, түскен ақшаны су мәселесін шешуге пайдалансақ болады. Аралды толтыруымыз керек, халқымыз жақсы су ішуі керек. Өйткені, денсаулығы жақсы адамның өмір сүруі ұзарады.

Су банкісін құру үшін әрбір елдің өзінің квотасы болады. Су энергетикалық ресуртарға кейбір жерлерде осы квоталарды алмастыру қажет. Құқықтық сұрақтарды реттеу жеке мәселесі тұрақты диалогты қажет етеді. Жылдың әр түрлі маусымында энергетикалық ресурстарды реттеу мен пайдалану тағы да осы мәселелер бойынша тұрақты жұмыс қажет етеді. Бұндай бастаманы 2003 жылы Қазақстанның тұңғыш  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған болатын. Ол суды жеткізіп беруші елдер мен тұтынушы елдер арасында диалог бола алатын су-энергетикалық консорциумын құруды бастама етіп көтерді. Бірақ Орталық Азия мемлекеттері  ол кезде дайын болмады деп есептеймін. Өйткені су мен энергетика бірге жүрсе, әр мемлекет одан пайда табады. Сол үшін оның бәрі бір консорциумның қолында болу керек. Гидроэнергетика, су мәселесі бәрі бір басқармада болу керек. Сонда әр мемлекет өз пайдасын көреді.

Қазір трансшекаралық су бассейндерінде қазір мынадай өткір мәселелер тұр: су ресурстарының азаюы, балық қорының азаюы, суармалы жер өнімділігінің күрт түсуі, биоресурстардың жоғалуы, мұздықтардың деградацияға ұшырауы, сел қауіпінің артуы мен шөлдердің ұлғаюы сонымен қатар өзен сағасындағы ормандардың деградацияға ұшырауы. Сондықтан трансшекаралық өзендер мәселесін бес мемлекет біріге отырып жуық арада жедел шешуі тиіс.

Әлемдегі су проблемаларын шешкен елдерге қарасақ, олардың ерекшеліктері Орта Азия мемлекеттерінде де бар. Ол ұқсас мәдениет. Еуропаға қарасақ та, Америка мен Канада арасындағы байланысты алсақ та, бір-бірлеріне ұқсас, тілі бір адамдар. Түбі де бір, мәдениеті де. Бір отбасының мүшесі сияқты. Орта Азия аймағындағылар Кеңес Одағы кезінде де бірге өмір сүрді. Сондықтан тарихи-мәдени байланыстар терең, діні бір, адамдары бір-біріне өте жақын. Мәселенің шешілмеуіне ешбір негіз жоқ. Бірақ аймақ көшбасшыларына саяси ерік-жігер керек. Олар бастарын бәйгеге тігуі тиіс.  Себебі, көршінің қажеттілігін өтесең ғана, сенің де мәселең шешімін табады.

«Судың тілін білген ұтады, судың тілін білмеген құртады». Аймақта     гидроэнергетикалық саясат шатқаяқтап тұр. Суды дұрыс бөлісіп, басқара алмағандықтан көп дүниеден ұтылып отырмыз. Мәселен, су-энергетикалық саясатындағы әріптестікке немқұрайлылықтың салдарынан Орта Азия елдері жылына 1,7 миллиард АҚШ долларынан айырылады. Яғни бұл аймақ елдері жалпы ішкі өнімінің 3 пайызы. Орталық Азия су энергетикасының біртұтас саясатсыз проблеманы шеше алмайды. Бұл тек аталған елдердегі өзара әріптестік арқасында ғана қол жететін дүние. Қазіргі кезде бұл мәселе пісіп жетілді. Су мәселесін шешетін де кезең жетті.

Өзбекстан басшысы, Қырғызстан басшысы ауысты. Орталық Азия басшыларының бір-бірімен байланысы артып, біраз проблемалар шешілді. Енді аймақ басшылары зардабы ауыр болатын су проблемасын жедел бірігіп, ақылдаса отырып қолға алуы тиіс. Әйтпесе, көп дүниеден кеш қаламыз.

 

 

Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ, журналист

RELATED NEWS
Шымкенттегі рейдтен кейін Қытай инвесторлары Тоқаевтан көмек сұрады
23 мамыр 2026
Шымкенттегі рейдтен кейін Қытай инвесторлары Тоқаевтан көмек сұрады

Vera.kz мәліметінше, оқиға 6 мамыр күні болған. Инвесторлардың айтуынша, сол күні кешке полицияның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері зауыт аумағына кірген. Бұған Өзбекстаннан түскен анонимді хабарлама себеп болған. Онда кәсіпорында еңбек мигранттарын заңсыз ұстап, тегін жұмыс істетіп жатыр деген ақпарат айтылған.

Кәсіпкерлер бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын айтады. Соған қарамастан, рейд кезінде ондаған адам ұсталған.

Инвесторлардың сөзінше, арнайы қабылдау орнына шамамен 80 адам жеткізілген. Кейін олардың бір бөлігі босатылғанымен, бірнеше адам әлі де қамауда қалған. Инвесторлардың айуынша, бұл мәселеде жергілікті билік жұмыс істеуге кедергі болып отыр деп болжайды. 

Қытайлық тарап ұсталғандардың арасында зауытты кеңейтуге инвестиция салуды жоспарлаған серіктестер болғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, барлық қажетті құжаттары мен визалары болған. Кейбір құжаттар Алматыдағы көші-қон қызметінде визаны ұзарту рәсімінде жатқан.

Кәсіпкерлердің пікірінше, рейд салдарынан өндіріс процесі де тоқтап қалған. Себебі техникалық жүйелерге жауапты мамандардың бір бөлігі ұсталған.

Инвесторлар индукциялық пештер мен өндірістік желілер шұғыл тоқтатылғанын айтады. Олардың сөзінше, уақытында тоқтатылмағанда өндірістік апат болуы мүмкін еді.

Қытайлық кәсіпкерлер бұл жағдайдан кейін Қазақстандағы инвестициялық ахуалға алаңдап отырғанын жеткізді. Олар өндірістің тоқтауы мен құқық қорғау органдарының әрекеті шетелдік инвесторларға кері әсер етуі мүмкін деп есептейді.

Сол себепті инвесторлар мемлекет басшысынан жағдайға араласуды сұрап отыр.

БҮГІН ТҮРКИЯДАҒЫ МҰСТАФА КЕМАЛ АТАТҮРІК БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КҮРЕСКЕ 100 ЖЫЛ БОЛДЫ
19 мамыр 2019
БҮГІН ТҮРКИЯДАҒЫ МҰСТАФА КЕМАЛ АТАТҮРІК БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КҮРЕСКЕ 100 ЖЫЛ БОЛДЫ

Бүгін 19-мамыр бауырлас Түрік Елінде Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі. Дәл бүгін сондай-ақ Түркиядағы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған ұлт-азаттық күрестің басталуына 100 жыл толды. Тәуелсіздік үшін ұлттық қозғалыста жастар басым болғандықтан 1938 жылдың 20 маусымы күні 19 мамырды Жастар және спорт күні ретінде белгілеу туралы заң қабылданды.

Осы тарихи датаға орай ҚазАқпарат халықаралық агенттігіне Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уяныктың осы тарихи оқиғаға қатысты сондай-ақ Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың  жырына қатысты пікірі шықты.

Онда былай делінген: «Қазақтың қайсар рухты ақыны Мағжан Жұмабаев «Алыстағы бауырыма» атты тарихи өлеңін ХХ ғасырдың басындағы Түркияның тағдырына алаңдап жазған. Бүгін Түркиядағы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған ұлт-азаттық күрестің басталуына 100 жыл толды. 1919 жылдың 19 мамырында Мұстафа Кемал  Самсунға инспектор ретінде  аттанып, сол жылдың жазында-ақ Одақтас елдердің басқыншылығына қарсы  түріктердің  ұлт-азаттық  көтерілісін бастады. Осман империясының бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тауып, Ыстамбұл Антанта одағының қолына өтіп, капитуляция шарты бойынша ел армиясы толық таратылып, қарусызданып жатқан шақ болатын бұл. Түрік тәуелсіздігіне қауіп төнгенін жар салып, Осман армиясы қатарынан  кеткен Ататүрікті ел қолдағанымен, Сұлтан билігі  аяқтан шалып, тіпті сыртынан өлім жазасына кеседі. Іштегі күрестен де қауіпті соққыны солтүстік-шығыста армяндар,  батыста гректер ұдайы қайталап жатты. Антанта үштігінің капитуляция шартын  желеу етіп тізеге салуы да жаңа  бағытқа бет бұрған түрік жұртына ауыр тиді. Осындай қиын-қыстау шақта  рухты ақын Мағжан Жұмабаев «Алыстағы бауырыма» атты өлең жазды. Жаулары жан-жақтан анталаған түрік жұртының тағдырына алаңдап жазылған бұл тарихи өлең бауырлас екі елдің достық ұранына айналған. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада өткен шарада айтқан.  «Тамыры мен тарихы бір бауырларымыздың да сол кездегі халқымыздың қанды шайқастарын, оның ауыр шарттары мен тәуелсіздік аңсарын жүректерімен сезіне білген. Қазақтың дара ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма» атты өлең шумақтарында бауырларымыздың бізге деген жанашырлық сезімдері көрініс тапқан еді» - деді Түркия елшісі. Бауырлас түрік жұрты үшін айтулы саналатын тарихи күнге орай ҚазАқпарат тегеуірінді ақынның достық ұранына айналған өлеңін ұсынған.

 USD - 476.22
 
 EUR - 490.15
 
 RUB - 7.81

БҮГІН ТҮРКИЯДАҒЫ МҰСТАФА КЕМАЛ АТАТҮРІК БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КҮРЕСКЕ 100 ЖЫЛ БОЛДЫ

Көріністер: 220
 
 
 
 
 
 

Бүгін 19-мамыр бауырлас Түрік Елінде Ататүрікті еске алу, жастар және спорт мерекесі. Дәл бүгін сондай-ақ Түркиядағы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған ұлт-азаттық күрестің басталуына 100 жыл толды. Тәуелсіздік үшін ұлттық қозғалыста жастар басым болғандықтан 1938 жылдың 20 маусымы күні 19 мамырды Жастар және спорт күні ретінде белгілеу туралы заң қабылданды.

Осы тарихи датаға орай ҚазАқпарат халықаралық агенттігіне Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уяныктың осы тарихи оқиғаға қатысты сондай-ақ Алаштың ақиық ақыны Мағжан Жұмабаевтың  жырына қатысты пікірі шықты.

Онда былай делінген: «Қазақтың қайсар рухты ақыны Мағжан Жұмабаев «Алыстағы бауырыма» атты тарихи өлеңін ХХ ғасырдың басындағы Түркияның тағдырына алаңдап жазған. Бүгін Түркиядағы Мұстафа Кемал Ататүрік бастаған ұлт-азаттық күрестің басталуына 100 жыл толды. 1919 жылдың 19 мамырында Мұстафа Кемал  Самсунға инспектор ретінде  аттанып, сол жылдың жазында-ақ Одақтас елдердің басқыншылығына қарсы  түріктердің  ұлт-азаттық  көтерілісін бастады. Осман империясының бірінші дүниежүзілік соғыста жеңіліс тауып, Ыстамбұл Антанта одағының қолына өтіп, капитуляция шарты бойынша ел армиясы толық таратылып, қарусызданып жатқан шақ болатын бұл. Түрік тәуелсіздігіне қауіп төнгенін жар салып, Осман армиясы қатарынан  кеткен Ататүрікті ел қолдағанымен, Сұлтан билігі  аяқтан шалып, тіпті сыртынан өлім жазасына кеседі. Іштегі күрестен де қауіпті соққыны солтүстік-шығыста армяндар,  батыста гректер ұдайы қайталап жатты. Антанта үштігінің капитуляция шартын  желеу етіп тізеге салуы да жаңа  бағытқа бет бұрған түрік жұртына ауыр тиді. Осындай қиын-қыстау шақта  рухты ақын Мағжан Жұмабаев «Алыстағы бауырыма» атты өлең жазды. Жаулары жан-жақтан анталаған түрік жұртының тағдырына алаңдап жазылған бұл тарихи өлең бауырлас екі елдің достық ұранына айналған. Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Уянык Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада өткен шарада айтқан.  «Тамыры мен тарихы бір бауырларымыздың да сол кездегі халқымыздың қанды шайқастарын, оның ауыр шарттары мен тәуелсіздік аңсарын жүректерімен сезіне білген. Қазақтың дара ақыны Мағжан Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма» атты өлең шумақтарында бауырларымыздың бізге деген жанашырлық сезімдері көрініс тапқан еді» - деді Түркия елшісі. Бауырлас түрік жұрты үшін айтулы саналатын тарихи күнге орай ҚазАқпарат тегеуірінді ақынның достық ұранына айналған өлеңін ұсынған.

Алыстағы бауырыма

Алыста ауыр азап шеккен бауырым,

Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым,

Қамаған қалың жаудың ортасында

Көл қылып көздің жасын төккен бауырым.

 

Алдыңда ауыр қайғы жатқан бауырым,

Өмірі жапа шеккен жаттан бауырым.

Түксиген жүрегі тас жауыз жандар,

Тірідей терің тонап жатқан бауырым.

 

Апырмай, емес пе еді алтын Алтай –

Анамыз бізді тапқан асау тайдай!

Бауырында жүрмеп пе едік салып ойнақ,

Жүзіміз емес пе еді жарқын айдай!

 

Алалы алтын сақа атыспап па ек,

Тебісіп бір төсекте жатыспап па ек.

Алтайдай анамыздың ақ сүтінен

Бірге еміп, бірге дәмін татыспап па ек.  

 

Тұрмап па еді, біз үшін мөлдір бұлақ

Сылдырап, сылқ-сылқ күліп, таудан құлап.

Даяр боп ұшқан құстай соққан құйын,

Тілеген бір-бір тұлпар бейне пырақ!  

Алтайдың алтын Күні еркелетіп,

Келгенде жолбарыс боп, жаңа ержетіп,

Ақ теңіз, Қара теңіз ар жағына,

Бауырым, мені тастап қалдың кетіп.  

 

Мен қалдым - жас балапан қанат қақпай,

Ұшам деп ұмтылсам да дамыл таппай.

Жөн сілтер, жол көрсетер жан болмады,

Жауыз жау қойсын ба енді мені атпай.

 

Қорғасын жас жүрекке оғы батты,

Күнәсіз таза қаным судай ақты.

Қансырап, әлім құрып естен тандым,

Қараңғы абақтыға берік жапты.

 

Көрмеймін кеше жүрген қыр-сайды да,

Күндіз - Күн, түнде - күміс нұрлы Айды да.

Ардақтап, шын жібектей арайға орап

Өсірген алтын анам - Алтайды да.  

 

Апырм-ай, айрылдық па қалың топтан,

Шабылып қайтпайтұғын жауған оқтан.

Түріктің жолбарыстай жүрегінен

Шынымен қорқақ құл боп жаудан бұққан.  

 

Шарқ ұрып, ерікке ұмтылған Түрік жаны,

Шынымен ауырды ма бітіп халі?!

От сөніп жүректегі, құрғады ма

Қайнаған тамырдағы ата қаны?!  

 

Бауырым, сен о жақта, мен бұ жақта,

Қайғыдан қан жұтамыз.

Біздің атқа Лайық па құл боп тұру?

Кел, кетелік Алтайға, ата мирас, алтын таққа!

 

 

 

Сурет QHA сайтынан алынды.

БРЮССЕЛДЕ ЕУРООДАҚТЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БОЙЫНША ЖАҢА СТРАТЕГИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
16 мамыр 2019
БРЮССЕЛДЕ ЕУРООДАҚТЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БОЙЫНША ЖАҢА СТРАТЕГИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Брюсселде Еуроодақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы таныстырылды. 17 беттен тұратын құжат «Еуро Одақ пен Орталық Азия: бекем әріптестік үшін жаңа мүмкіндіктер» деп аталады. Аталған халықаралық ұйым алғашқы стратегиясын 2007 жылы қабылдаған болатын. Одан бері де біраз уақыт өтті, геосаяси ахуал да қатты өзгерді, Орталық Азия аймағының маңызы да арта түсті. Сондықтан, аймақ елдерімен байланысқа жаңа көзқарас, жаңаша қадам жасау керек болды. Екі жыл ішінде ЕО дипломаттары мен аймақ елдерінің мамандары құжатты дайындауға белсенді түрде атсалысып, жаңа идеялар мен соны мазмұнды ұсыныстар жолдады. Жаңа стратегия Орталық Азия мен ЕО ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығарарына сенім мол. Жаңа құжатты ЕО Кеңесі маусым айында мақұлдап, 7 шілдеде Бішкекте өтетін Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлерімен кездесуде ЕО дипломатиясының басшысы Федерика Могерини ресми түрде таныстырады деп жоспарланған.