Валюта бағамы
  • USD -

    526.5
  • EUR -

    610.5
  • RUB -

    6.55
Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
Фото: Ақорда 20 қаңтар 2025
Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Бұл туралы  Ақорда хабарлайды.

Президентке ведомствоның алдағы кезеңге арналған жоспары, сын-қатерлерді ескере отырып ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шешімдері туралы баяндалды.

ҰҚК төрағасы ұлттық қауіпсіздік органдарын перспективті дамыту бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар, жедел қызметтік іс-қимылды ұйымдастыру және оның құрылымын жетілдіру жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы қызметті кадрлық және техникалық тұрғыдан нығайту, нормативтік-құқықтық базаны жаңғырту, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі үдерістерді оңтайландыру мен цифрландыру жұмыстары жайында айтылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына халықаралық терроризмге және діни экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне қарсы тұру, киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік шекараны қорғау және күзету салаларындағы жағдай туралы ақпарат берілді.

Кездесу соңында Президент ұлттық қауіпсіздік органдары қызметінің негізгі бағыттары бойынша бірқатар тапсырма берді.

RELATED NEWS
2025 жылы 40 мыңнан аса адам әскерге шақырылады
02 желтоқсан 2024
2025 жылы 40 мыңнан аса адам әскерге шақырылады

Келесі жылы мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы 41 706 жігітті шақыру жоспарланып отыр. Қорғаныс министрлігі «Ашық НҚА» порталында тиісті қаулы жобасын жариялады, деп хабарлайды Ulys.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы наурыз-маусымда және қыркүйек-желтоқсанда әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі 41 706 ер-азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Әскерге шақыру пунктері медициналық жұмысты қамтамасыз етеді. Ал Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылатындарды жинау және әскерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырады.

Қаулы жобасы 13 желтоқсанға дейін қоғам талқысына шығарылды.

Тоқаев Қорғаныс министріне тапсырмалар берді
29 қаңтар 2025
Тоқаев Қорғаныс министріне тапсырмалар берді

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндалды.

Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту барысы жайында айтты.

Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруге, басқару үдерістерін одан әрі цифрландыруға, Арнайы операциялар күштерін дамытуға, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстарды күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

 

Төрт жылда Қазақстандағы әскерде жүрген  310 сарбаз көз жұмды
11 қыркүйек 2024
Төрт жылда Қазақстандағы әскерде жүрген 310 сарбаз көз жұмды

2020 жылдан бері әскерде қаза тапқан сарбаздардың саны 310 адамға жеткен, деп хабарлайды Atameken business арнасы.

Қорғаныс министрлігі бейбіт күнде қынадай қырылып жатқан жас жігіттердің өліміне түрлі себептерді атайды: ауру-сырқау, суицид, жол-көлік оқиғасы, тағы басқалар.

Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғандардың өлімі жылдан-жылға артып келе жатқанын айта кеткен жөн.

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев былтыр 2020 жыл мен 2023 жыл аралығында армияда 270 сарбаздың бақилық болғанын мәлімдеген еді.

Жуырда ғана Ақтауда әскерде жүрген тағы бір сарбаз көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.