Ақтауда әскерде жүрген тағы бір сарбаз көз жұмды. Бас әскери прокуратура Ақтаудағы сарбаз өліміне қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulys.
2024 жылғы 7 қыркүйекте сағат 17:10 шамасында Ақтау қаласындағы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі «Оймаша» полигонының аумағында ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы Б-ға оқ атып, ол көз жұмды. Сол күні Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚК 99-бабының 1-бөлігі), делінген әскери прокуратура мәлімдемесінде.
Мәлімдемеге қарағанда, тергеу органы күдіктіні ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен ұстап, Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алған.
Іс бойынша процестік прокурор тағайындалған.