Валюта бағамы
  • USD -

    511.3
  • EUR -

    595.5
  • RUB -

    6.59
Талғардағы оқиға: Шерзаттың ағасы суицид жасады
Фото: видеодан скриншот 09 желтоқсан 2024
Талғардағы оқиға: Шерзаттың ағасы суицид жасады

Талғарда төбелес кезінде көз жұмғана Шерзаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаев өзіне қол жұмсап көз жұмды. Алматы облысының полициясы Талғар маңында денесі табылған Нұрқанат Ғайыпбаевтың өлімінен қатысты  мәлімдеме жасады.

Полицияның айтуынша, марқұм өлерінің алдында ағасына хат жазып, өзін Шерзаттың жанына жерлеуді сұраған.

«Аға, не істесем де кешір. Мен бауырымның өлгенін қаламадым. Барынша тырыстым. Аға, сен біз үшін кек алу керексің. Сол үшін жаралғансың. Бірақ, мен істеген істі қайталама. Сенде ұл-қыз бар, соларды ойла. Мені сені қатты жақсы көремін, кешір», - деп жазған марқұм.

Оның хатын алған ағасы бірден жауап беріп, қайда жүргенін сұраған.

«Ақымақ болма, үйге қайт. Берген уәдең қайда? Сені қайдан іздеп табайын. Мама ауырып қалады», - деп жауап берген ағасы.

Бұл оқиғаға қатысты полиция түсініктеме берді.

"Талғар қаласының маңында 30 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны бойынша, келесіні хабарлаймыз.  Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол асылу арқылы өз-өзіне қол жұмсаған.
Марқұм ағымдағы жылдың 4 қазанында қайғылы қаза тапқан кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың ағасы екені анықталды.Тергеу барысында марқұм туыстарының біріне өзіне-өзі қол жұмсау туралы мессенджерде жіберген жазбасы анықталды. Хабарламада ол туысқандарымен қоштасып, інісінің жанына жерлеуді сұрады. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтау үшін тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Еске салсақ, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.

RELATED NEWS
Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып жіберген
30 шілде 2025
Павлодарда әйел екі баласын терезеден лақтырып жіберген

 

 

Павлодар қаласында адам шошырлық оқиға болды. Екі баласын терезеден лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен әйел адам медициналық есепте тұратыны анықталды, деп хабарлайды Ulys.

Полиция әйел мен екі жас баланы жарақаттаған факті бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Оқыс оқиғаға қатысты облыстық Полиция департаменті агенттік тілшісіне пікір білдірді.

«30 шілдеде Павлодардағы Нұрмағамбетов көшесіндегі үйдің 4 және 5-қабаттары арасында орналасқан кіреберіс терезесінен екі жас бала мен әйел құлағаны анықталды. Зардап шеккендер кіреберіс есіктің үстіне құлаған, барлығы ауруханаға жеткізілді.

Кісі өлтіру мен суицидке оқталу фактілері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел мамандандырылған медициналық мекемеде есепте тұрады. Жергілікті жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істейді», – делінген департамент хабарламасында.

Астанада фельдшерді соққыға жыққан ер адам сотталып тынды
28 мамыр 2025
Астанада фельдшерді соққыға жыққан ер адам сотталып тынды
 
Астанада жедел жәрдем қызметкерін соққыға жыққан ер адам сотталып кетті, деп хабарлайды Ulys.

2025 жылғы 29 қаңтарда Астанада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасалып, ол жабық бас-ми жарақатын алған. Оқиға шақыртуға келген жедел жәрдем бригадасы мен науқастың туыстарының бірі арасында болған.

Фельдшер сотқа арыз жазып, денсаулығына келтірілген залал үшін материалдық өтемақы талап етті. Прокурор шабуыл жасаған ер адамға 1 жылға бас бостандығын шектеуді сұрады. Ал жәбірленуші бұл жазаны 3 жылға дейін ұзартуды өтінді.

Айыпталушы кінәсін толық мойындады, әрекетіне өкініш білдірді, сондай-ақ оның кішкентай баласы барекені ескерілді. Ауырлататын жағдайлар анықталған жоқ.

Сот Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бұл қылмысты орта дәрежелі денсаулыққа қасақана зиян келтіру ретінде бағалап, мынадай шешім шығарды:

  • 1 жыл 6 ай шартты түрде бас бостандығынан айыру (шартты жаза),
  • материалдық өтемақыны жәбірленушіге өтеу міндеттелді.
Сырттай 17 жылға сотталған Бергей Рысқалиев Лондонда жүр
28 сәуір 2025
Сырттай 17 жылға сотталған Бергей Рысқалиев Лондонда жүр

Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев Лондонда сакура гүлдеген маусымды тамашалап жүрген сәтінен видео жариялады. Бірнеше жылдан бері Ұлыбританияда тұрып жатқан экс-шенеуніктің видеосы әлеуметтік желіге тарады, деп хабарлайды Ulys.

Бергей Рысқалиев Лондон орталығында да жиі көзге түсетіні белгілі. Бұған дейін әлеуметтік желіде оның Burberry дүкенінің алдында президент әкімшілігінің бұрынғы басшысы Аслан Мусинмен бірге түскен суреті тараған еді. Аслан Мусин де бүгінде Черногория азаматтығын алып, Еуропада қоныстанған.

Айта кетейік, жуырда Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің де Жапониядағы сакура маусымына тамсанған видеосы әлеуметтік желілерде тараған еді.

Бергей Рысқалиев 2006-2012 жылдары Атырау қаласы мен Атырау облысының әкімі болып қызмет етті. 2012 жылы қызметінен кеткеннен кейін оған жемқорлық, ұйымдасқан қылмыстық топ құру, аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру айыптары тағылды. Тергеу ісі бес жылға созылып, 2019 жылы сот Рысқалиевті сырттай 17 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Оның ағасы Аманжан Рысқалиев 16 жылға сотталған.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.