Валюта бағамы
  • USD -

    529.7
  • EUR -

    551
  • RUB -

    5.15
Талғардағы Шерзат Полаттың ісі бойынша тағы бір күдікті ұсталды
видеодан алынған кадр 18 қазан 2024
Талғардағы Шерзат Полаттың ісі бойынша тағы бір күдікті ұсталды

Кәмелетке толмаған Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу барысында 17 қазан күні тағы бір күдікті К. есімді азамат ұсталды, деп хабарлайды Ulys.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізу жалғасуда. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің бақылауында», - деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті.

Айта кетсек, 4 қазан күні Талғар қаласында болған қайғылы жағдай қоғамда үлкен резонанс тудырды. 16 жастағы Шерзаттың өліміне қатысты іс Ішкі істер министрінің жеке бақылауында. Кейін марқұмның отбасы тұратын үйді өртеп жіберді.

RELATED NEWS
Еріктілер қозғалысының белсендісі ұсталды
14 қараша 2024
Еріктілер қозғалысының белсендісі ұсталды

Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізілуде. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

«Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде. Қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылды. Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге „Mercedes-Benz S450“, 80 млн теңгеге „Lexus LX-600“ және 39 млн теңгеге „Haval“ автокөліктерін сатып алды. Осы кезеңде ол жалпы сомасы 600 млн теңгені құрайтын елорданың премиум санаттағы „Akbulak Riviera“, „Highvill Ishim Gold“, „Көк Жайлау“ ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда), сондай-ақ „Vela Village“ коттедж қалашығында жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алды.Сонымен қатар, қазақстандықтардың қайырымдылыққа жіберген қаражат есебінен Перизат Қ. Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы „St. Regis“, „Shangri-La“, „Palazzo Versace“ және „Kempinski“ сияқты бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған. Бұл елдерде ол „Cartier“ және „Louis Vuitton“ сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, фешенебельді мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған», — делінген агенттік хабарламасында.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Перизат Қ. өзінің заңсыз әрекеттерімен еріктілер қозғалысының беделіне нұқсан келтіріп, оның ашықтық пен адалдық принциптеріне күмән келтірді және халықтың сеніп тапсырған қаражатын талан-таражға салған.

Күдікті ұсталды.

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды
13 мамыр 2024
Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі аяқталды. Судья Айжан Құлбаева Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министрге 24 жыл жаза кесті, деп хабарлайды Ulys.

«Жаза мөлшері туралы мәселені судья мен алқабилер ашық дауыс беру арқылы шешті. Сот үкімімен Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді судья.

Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Мұнан соң Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.

Талғардағы қылмыс: Қылмыс әлемінің серкесі делінген Хасан Қасымбаев ұсталды
04 қараша 2024
Талғардағы қылмыс: Қылмыс әлемінің серкесі делінген Хасан Қасымбаев ұсталды

Ел арасында «Хуторские» қылмыстық тобының лидері делінген Хасан Қасымбаев ұсталды. Бұл ақпаратты Алматы облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды Ulys.

«Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде жоғарыда аталған қылмыстық әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен 2024 жылғы 2 қарашада Қ. есімді азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жолданды», - делінген хабарламада.

Тергеу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Естеріңізге салайық, 16 жастағы Шерзат Полаттың қазасынан кейін әлеуметтік желіде Талғарда «Хуторские» ұйымдасқан қылмыстық тобы бар екені, оның лидері Хасан Қасымбаев екені туралы қауесет тарай бастады. Алайда Ішкі істер министрлігі Қасымбаевтың күдіктілермен байланысы анықталмағанын, «Хуторские» деген банда да жоқ екенін мәлімдеген.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.