– Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатты пробация қызметіне уақтылы тіркемеген Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлерін тәртіптік жауапқа тартты. Бұл туралы аталған комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
«Процестік тәртіпті бұзғаны үшін бірқатар кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - дейді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.
Айта кетсек, жуырда әлеуметтік желіде бостандығы шектелген Нұрасыл Болаттың көшеде емін-еркін жүрген видеосы жарияланған еді.