“Азаматтық ұшақ Ресей аумағында, Грозный қаласының маңында сырттан зақымданып, іс жүзінде басқарудан айырылған. Біз сонымен бірге ұшақты радиоэлектронды күрес құралдары арқылы басқара алмайтындай жағдайға жеткізгенін де білеміз. Бұл ұшаққа келтірілген алғашқы зақым” деді Әлиев әзербайжан телеарнасына берген сұхбатында.
Ол атқылаудың салдарынан ұшақтың артқы бөлігі қатты зақымданғанын айтты.
Оның сөзінше, түпкілікті қорытынды қара жәшікті ашқаннан кейін белгілі болады. Әзербайжан президентінің сөзінше, ұшақты қасақана атқыламаған.
Әлиев сонымен бірге "қандай да бір газ баллоны жарылды" деп мәлімдеген Ресей билігі кінәсін мойындап, Әзербайжаннан кешірім сұраудың орнына "мәселені жасыруға" тырысты деді.
“Ресейдің ресми құрылымдарының қандай да бір газ баллоны жарылғаны жөнінде болжамды алға тартуы біздің көңілімізді қалдырды әрі таңғалдырды. Яғни, Ресей жағы мәселені жасырғысы келетінін айқын көрсетті және бұл әрине, абырой әкелетін нәрсе емес” деді Әлиев.