Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалалары су астында қалды, деп хабарлайды Dailymail.
«Метеорологиялық басқарма Мекке, Мәдина және Джидда қалалары үшін «қызыл» деңгейлі қауіп жариялады. Әлеуметтік желілерде таралған бейнематериалдардан қалалардың көшелері өзенге айналғанын көруге болады. Көптеген көлік су астында қалып, күшті ағындар көліктерді ағызып әкетіп жатты», — деп жазады басылым.
Кейбір көліктер мен туристік автобустар жолдың ортасына тасталған. Үлкен су ағындары әдетте құрғақ болатын тасты аймақтар арқылы төменге түсіп, жолындағы ағаштарды, қалдықтарды, тіпті инфрақұрылым нысандарын шайып кеткен.