Валюта бағамы
  • USD -

    532.5
  • EUR -

    549.5
  • RUB -

    5.23
 Қазақстандағы дропперлердің 90 пайызы шетелдіктер
Фото: istockphoto.com 09 қаңтар 2025
Қазақстандағы дропперлердің 90 пайызы шетелдіктер

2024 жылы Қазақстандағы «дропперлердің» 90 пайызы резидент емес адамдар. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды Ulys Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қылмыстық кірістерді заңдастыру үшін биыл осындай 6,2 мың адамның картасы қолданылған екен.

«Бұл карталар арқылы айналымның жалпы сомасы 24 миллиард теңгеге жетті. Ақшаны заңсыз жылыстатқысы келгендер үшінші тұлғаларға тіркелген байланыс операторларының SIM карталарын пайдаланған. Көбінесе «дроп-карталар» есірткі саудасы, кибералаяқтық, заңсыз құмар ойындар және басқа да қылмыстық әрекеттерге байланысты схемаларда қолданылған», - деп хабарлайды ҚМА.

RELATED NEWS
Еріктілер қозғалысының белсендісі ұсталды
14 қараша 2024
Еріктілер қозғалысының белсендісі ұсталды

Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізілуде. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

«Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде. Қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылды. Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге „Mercedes-Benz S450“, 80 млн теңгеге „Lexus LX-600“ және 39 млн теңгеге „Haval“ автокөліктерін сатып алды. Осы кезеңде ол жалпы сомасы 600 млн теңгені құрайтын елорданың премиум санаттағы „Akbulak Riviera“, „Highvill Ishim Gold“, „Көк Жайлау“ ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда), сондай-ақ „Vela Village“ коттедж қалашығында жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алды.Сонымен қатар, қазақстандықтардың қайырымдылыққа жіберген қаражат есебінен Перизат Қ. Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы „St. Regis“, „Shangri-La“, „Palazzo Versace“ және „Kempinski“ сияқты бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған. Бұл елдерде ол „Cartier“ және „Louis Vuitton“ сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, фешенебельді мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған», — делінген агенттік хабарламасында.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікті қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Перизат Қ. өзінің заңсыз әрекеттерімен еріктілер қозғалысының беделіне нұқсан келтіріп, оның ашықтық пен адалдық принциптеріне күмән келтірді және халықтың сеніп тапсырған қаражатын талан-таражға салған.

Күдікті ұсталды.

Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды
13 мамыр 2024
Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі аяқталды. Судья Айжан Құлбаева Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министрге 24 жыл жаза кесті, деп хабарлайды Ulys.

«Жаза мөлшері туралы мәселені судья мен алқабилер ашық дауыс беру арқылы шешті. Сот үкімімен Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді судья.

Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Мұнан соң Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.

Алматыда 20 жастағы әлем чемпионын өлтіріп кетті
25 желтоқсан 2024
Алматыда 20 жастағы әлем чемпионын өлтіріп кетті

Кикбоксер, әлем чемпионы Әли Серік Алматыда адам қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Ulys полицияға сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады. 

«Наурызбай аудандық полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыстық қару тәркіленді. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», - делінген ПД хабарламасында.

Әли Серік 58 келі салмақта бақ сынасқаны белгілі. Ол тай боксынан (муай-тай) әлем чемпионы.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.