Кикбоксер, әлем чемпионы Әли Серік Алматыда адам қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Ulys полицияға сілтеме жасап.
Бұл ақпаратты Алматы қаласының полиция департаменті растады.
«Наурызбай аудандық полиция басқармасы 20 жастағы жігітті өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, таныстар арасында жанжал туындап, нәтижесінде олардың бірі пышақ қолданған. Қылмыстық қару тәркіленді. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», - делінген ПД хабарламасында.
Әли Серік 58 келі салмақта бақ сынасқаны белгілі. Ол тай боксынан (муай-тай) әлем чемпионы.