Семей қаласында жаңа әкім тағайындалды. Жаңа қала әкімі лауазымына Талғат Мұратов келді, деп хабарлайды Ulys қалалық әкімдікке сілтеме жасап.
Бұрынғы Семей қаласыныі әкімі Нұрбол Нұрсағатов жұмысынан кететінін шыршаны безендіру кезінде жарақат алған педагог оқиғасымен байланысты емес. Қала әкімдігі тағайындау мен мұғалім оқиғасының бір-біріне еш қатысы жоқ деп хабарлады.
«Шыршадан құлап жарақат алған мұғалімнің оқиғасы Нұрбол Төлегенұлы Нұрсағатовтың қызметінен босатылуына еш қатысы жоқ. Ол оқиғадан бір апта бұрын өз еркімен жұмысынан кету туралы өтініш берген», - деп хабарлады Семей әкімдігі.
Сондай-ақ, ведомство қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілікті ескертті.
Айта кетейік, Жаңа жылдық шыршаны безендіруге атсалысқан ұстаздардың бірі жарақат алып, ауруханаға түсті. Тергеуден кейін мектеп директорларына қатаң сөгіс жарияланып, қалалық білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды.