Семейде қалалық шыршаны безендіру кезінде биіктен құлаған адам мектеп мұғалімі жансақтау бөлімінде жатыр, хабарлайды Ulys.
Шыршаны безендіру кезінде биіктіктен құлаған мұғалімнің Қуат Айтқали екені белгілі болды.
«Семей қаласында мұғалімдерді жаңажылдық шыршаны безендіруге тарту және әріптесіміздің осы іс барысында жарақат алуы – заң бұзушылықтың айқын көрінісі.Педагогтерді кәсіби міндеттеріне жатпайтын мұндай жұмыстарға тарту – «Педагог мәртебесі туралы» заңды өрескел бұзу деп санаймын. Бұл оқиғаға байланысты облыс басшылығы әділ әрі жан-жақты тексеру жүргізіп, алдағы уақытта мұндай келеңсіздіктердің қайталануына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдайды деп үміттенемін», - деп жазды Оқу-ағарту министтрі министр.