Валюта бағамы
  • USD -

    525.9
  • EUR -

    610.5
  • RUB -

    6.53
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері детектормен тексеріледі
Фото: gov.kz 03 ақпан 2025
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері детектормен тексеріледі

Қазақстанда құқық қорғау органдарының қызметкерлерін басшы лауазымға тағайындар алдында өтірікті әшкерелейтін детектормен тексеру ұсынылды, деп хабарлайды Ulys.

«Құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері жоғары тұрған басшы лауазымдарға ұсынылған кезде (аттестаттау немесе жоспардан тыс аттестаттау немесе жоғары тұрған басшы лауазымға конкурс аясында) полиграфологиялық зерттеуден  өтеді», - делінген «Ашық НҚА» порталында жарияланған құжатта.

Полиграфиялық зерттеу мыналарды анықтайды:

  • құқық қорғау органдарында қызмет етудегі жасырын теріс себептер (тыйым салынған қоғамдық бірлестіктерге, қылмыстық және террористік ұйымдарға жұмыс істеу);
  • есірткіге тәуелділігін, психотроптық, психикалық және физикалық тәуелділік туғызатын өзге де психоактивті заттарды тұтынып-тұтынбайтынын;
  • құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызметін толыққанды өткеруге кедергі келтіретін жасырын сырқаттарын, өз-өзіне қол жұмсауға бейімдігін;
  • табысы туралы, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері, қос азаматтығының бар екені туралы мәліметтерді жасыруын немесе бұрмалауын;
  • сыбайлас жемқорлық жасау, бөгде адамдарға құпия немесе қызметтік ақпарат беру фактілерін;
  • қылмыстық, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапқа тарту фактілерін;
  • тыйым салынған қоғамдық бірлестіктермен, қылмыстық және террористік ұйымдармен қатынас жасауын немесе егер бұл бұрын олардың қызметтік міндеттемелеріне кірмесе, коммерциялық құрылымдарға қатысуын;
  • қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактілерін.

Қаулы жобасы порталда 14 ақпанға дейін талқыланады.

RELATED NEWS
2025 жылы 40 мыңнан аса адам әскерге шақырылады
02 желтоқсан 2024
2025 жылы 40 мыңнан аса адам әскерге шақырылады

Келесі жылы мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы 41 706 жігітті шақыру жоспарланып отыр. Қорғаныс министрлігі «Ашық НҚА» порталында тиісті қаулы жобасын жариялады, деп хабарлайды Ulys.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы наурыз-маусымда және қыркүйек-желтоқсанда әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі 41 706 ер-азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Әскерге шақыру пунктері медициналық жұмысты қамтамасыз етеді. Ал Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылатындарды жинау және әскерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырады.

Қаулы жобасы 13 желтоқсанға дейін қоғам талқысына шығарылды.

Тоқаев Қорғаныс министріне тапсырмалар берді
29 қаңтар 2025
Тоқаев Қорғаныс министріне тапсырмалар берді

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндалды.

Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту барысы жайында айтты.

Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруге, басқару үдерістерін одан әрі цифрландыруға, Арнайы операциялар күштерін дамытуға, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстарды күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

 

Төрт жылда Қазақстандағы әскерде жүрген  310 сарбаз көз жұмды
11 қыркүйек 2024
Төрт жылда Қазақстандағы әскерде жүрген 310 сарбаз көз жұмды

2020 жылдан бері әскерде қаза тапқан сарбаздардың саны 310 адамға жеткен, деп хабарлайды Atameken business арнасы.

Қорғаныс министрлігі бейбіт күнде қынадай қырылып жатқан жас жігіттердің өліміне түрлі себептерді атайды: ауру-сырқау, суицид, жол-көлік оқиғасы, тағы басқалар.

Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғандардың өлімі жылдан-жылға артып келе жатқанын айта кеткен жөн.

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев былтыр 2020 жыл мен 2023 жыл аралығында армияда 270 сарбаздың бақилық болғанын мәлімдеген еді.

Жуырда ғана Ақтауда әскерде жүрген тағы бір сарбаз көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.