Бангладеш Халық Республикасындағы қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ҚР азаматтарына аталған елге ахуал тұрақтанғанға дейін барудан уақытша бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды Ulys.
«Қазіргі уақытта Бангладеште жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтар қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Бангладеш Халық Республикасындағы қызметін қоса атқарушы Үндістан Республикасындағы Елшілігімен тұрақты байланыста болуды сұраймыз», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Бангладештегі шілдеде басталған наразылық қайта басталып, кемінде 95 адам мерт болған.