Валюта бағамы
  • USD -

    516.9
  • EUR -

    607
  • RUB -

    6.55
Қазақстандық бітімгерлер бар Голан жотасындағы жағдай шиеленісті - ҚМ
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі 08 желтоқсан 2024
Қазақстандық бітімгерлер бар Голан жотасындағы жағдай шиеленісті - ҚМ

Қазақстандық бітімгерлер қызмет ететін БҰҰ-ның Голан жоталарындағы (СОННР) жауапкершілік аймағындағы жағдай шиеленісті, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.


- Миссияның жеке құрамы мандатқа сәйкес өз функцияларын орындап жатыр. БҰҰ күштерінің ажырасуды бақылау жөніндегі уәкілетті тұлғалары сириялық және израильдік тараптардың өкілдерімен тұрақты байланыста. Бітімгерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралар қабылданып жатыр. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жағдайдың дамуын бақылауда ұстап отыр, - делінген министрлік хабарламасында.

Голан жоталарындағы қазақстандық әскери қызметшілермен тұрақты байланыс орнаған. Қажет болған жағдайда миссияны эвакуациялауды БҰҰ басшылығы миссия қолбасшылығының ұсынысы бойынша қарайтын болады.

 

RELATED NEWS
2025 жылы 40 мыңнан аса адам әскерге шақырылады
02 желтоқсан 2024
2025 жылы 40 мыңнан аса адам әскерге шақырылады

Келесі жылы мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы 41 706 жігітті шақыру жоспарланып отыр. Қорғаныс министрлігі «Ашық НҚА» порталында тиісті қаулы жобасын жариялады, деп хабарлайды Ulys.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы наурыз-маусымда және қыркүйек-желтоқсанда әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі 41 706 ер-азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Әскерге шақыру пунктері медициналық жұмысты қамтамасыз етеді. Ал Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылатындарды жинау және әскерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырады.

Қаулы жобасы 13 желтоқсанға дейін қоғам талқысына шығарылды.

Тоқаев Қорғаныс министріне тапсырмалар берді
29 қаңтар 2025
Тоқаев Қорғаныс министріне тапсырмалар берді

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қорғаныс ведомствосының былтыр атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік дайындығының жай-күйі мен әскерлерді даярлаудың жаңа тәсілдері жөнінде баяндалды.

Руслан Жақсылықов мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау, әлеуметтік және идеологиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ әскери инфрақұрылымды дамыту барысы жайында айтты.

Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев министрге армияның жауынгерлік әлеуетін көтеруге, басқару үдерістерін одан әрі цифрландыруға, Арнайы операциялар күштерін дамытуға, әлеуметтік-идеологиялық жұмыстарды күшейтуге қатысты нақты тапсырмалар берді.

 

Төрт жылда Қазақстандағы әскерде жүрген  310 сарбаз көз жұмды
11 қыркүйек 2024
Төрт жылда Қазақстандағы әскерде жүрген 310 сарбаз көз жұмды

2020 жылдан бері әскерде қаза тапқан сарбаздардың саны 310 адамға жеткен, деп хабарлайды Atameken business арнасы.

Қорғаныс министрлігі бейбіт күнде қынадай қырылып жатқан жас жігіттердің өліміне түрлі себептерді атайды: ауру-сырқау, суицид, жол-көлік оқиғасы, тағы басқалар.

Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғандардың өлімі жылдан-жылға артып келе жатқанын айта кеткен жөн.

Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев былтыр 2020 жыл мен 2023 жыл аралығында армияда 270 сарбаздың бақилық болғанын мәлімдеген еді.

Жуырда ғана Ақтауда әскерде жүрген тағы бір сарбаз көз жұмғаны туралы жазған болатынбыз.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.