Түркістан қаласында «Қазақстан қоғамдық даму институты» КеАҚ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «SARAP» эксперттік клубының «Жолдау 2024: азаматтардың саяси қатысуы және әлеуметтік әділет» тақырыбындағы аймақтық жиынын өткізді.
Аталған аймақтық жиын 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналды. Күн тәртібіне сәйкес Жолдауда қарастырылған мемлекеттік шешімдерді қабылдаудағы азаматтардың қатысуы, экология мәселелері және АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдум сияқты маңызды сұрақтар қарастырылды. Іс-шараға Түркістан облысының облыстық және қалалық мәслихат депуттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, атом энергиясы саласының кәсіби мамандары, жастар және азаматтық қоғам, партия және ҚҚДИ өкілдері қатысты.
Жиын «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Бейсенбаевтың модераторлығымен өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы жариялаған еді. Дауыс беру 2024 жылдың 6 қазанына белгіленді. Аталмыш қадам мемлекеттің энергетикалық тұрақтылығын дамыту мәселесі бойынша азаматтардың пікірін ескеру деген әрекетті көрсетеді»
ҚР Энергетика министрлігі Ядролық физика институтының ССР-Қ зерттеу реакторы кешенінің бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаев Қазақстанда атом саласының дамуы туралы жан-жақты айтып, нақты кейстерге тоқталды.
«Қазақстанда АЭС салу – бұл энергия тапшылығына деген жауап. Елдегі электр энергиясына сұраныстың артуы және қолданыстағы станциялардың тозуы жаңа энергия қуатын табуды өзектендірді. Көміртексіз энергетиканы құру міндеті мен елдің ресурстары атом энергетикасын дамытуға мүмкіндік туғызып отыр. Атом энергетикасы елдің көмір мен табиғи газға тәуелділігін төмендетуде өте маңызды, бұл әсіресе декарбонизация мен таза энергия көздеріне көшу контекстінде аса маңызды».
Қазақстандық қоғамдық даму институты сарапшысы, саясаттанушы Бауыржан Серікбаев өз сөзінде АЭС салу мәселесі бойынша жақын арада өткізілген қоғамдық тыңдаулардың маңыздылығын атап өтті. Оның пікірінше, еліміздің аймақтарында бірқатар қоғамдық тыңдаулар өткізу азаматтардың бейбіт атомдарды пайдаланудың негізгі аспектілері туралы жалпы хабардарлығын арттырды.
«Электр энергиясын тұтынудың өсуін ескерсек, елді тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін электр энергиясын өндірудің жаңа түрін енгізу керек. Мемлекет басшысының Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерделеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында реакторлық технологияларды таңдау бойынша бұрын жүргізілген зерттеулерді өзектендіру, атом электр станциясының қуаты мен құрылыс ауданын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы жылдың 19 сәуірінде Түркістан қаласында бұл мәселеге қатысты қоғамдық тыңдау өтті. Жалпы, талқылау қорытындысы бойынша атом электр станциясын салу туралы қоғам қабылдауының оң динамикасын атап өтуге болады».
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ профессоры, «Жаратылыстану ғылымдары, нанотехнологиялар мен жаңа материалдар» ҒЗИ директоры Шерзод Курбанбеков атом электр станциясы өндіретін электр энергиясының өзіндік құнына қатысты мәселелерді көтерді.
«АЭС өндіретін электр энергиясының құны электр станцияларының басқа түрлерімен өндірілетін энергиямен айтарлықтай бәсекелестік тудырады. Көмірсутек генерациясында шикізат құнының үлесі шамамен 60-70% құрайды, ол дегеніміз электр энергиясының бағасы көмірсутек бағасының төмендеуіне немесе өсуіне тікелей байланысты екенін білдіреді. Ал атом генерациясында уран құнының үлесі 10% - дан аспайды, яғни уран бағасының ауытқуы электр энергиясының түпкілікті құнына іс жүзінде қатты әсер етпейді».
Қазақстандық қоғамдық даму институты сарапшысы Дамир Белгібаев азаматтық жауапкершіліктің рөлін атап өтіп алдағы референдумның маңыздылығына назар аударды.
«АЭС салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум шеңберінде Қазақстанда атом энергиясын дамытуға байланысты мәселелерді талқылауға азаматтарды белсенді тарту маңызды. Атом энергиясы көптеген дамыған елдерде экономикалық орындылығы, тұрақтылығы және қауіпсіздігі үшін пайдаланылатынын атап өту керек. Бұл энергия көзін дұрыс өндірудің қатаң стандарттары мен халықаралық бақылау сақталады, сондықтан да ол қауіпсіз болып саналады. АЭС құрылысы басталмас бұрын жан-жақты зерттеу, лицензия алу және экологиялық сараптама сияқты бірқатар жұмыстар атқарылады. Атом энергиясы – ең озық әдістерді қолданатын жоғары технологиялық, экологиялық таза және қауіпсіз сала. Ол қазіргі ғана емес, сонымен қатар орта мерзімдегі климаттық мәселелерді шешуге қажетті бағыт».
Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының Электр қуатымен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Әбдеш Керімжан еліміздің оңтүстік өңіріндегі энергия тапшылығын атап өтті.
«Елдің импорттық электр энергиясына тәуелділігінің артуын және 2030 жылға қарай оңтүстік аймақтағы болжамды 3,5 ГВт тапшылығын ескерсек, АЭС-тің салынуы елдің индустриялық дамуы үшін қажет және экономиканың барлық салаларына оң әсер берері сөзсіз».
«Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев энергетика мәселелерін қоғамдық талқылаудың өсу қарқынына тоқталды.
«Атом электр стансасын салу – мемлекеттік маңызы бар мәселе. Сондықтан бұл мәселе жалпыұлттық референдумда дауысқа салынып жатыр. Бұл тұрғыда дауыс беруге қатысу біздің ел тұрғындарының құқығы ғана емес, азаматтық борышы болып табылады. Мен қазірдің өзінде азаматтардың энергетика мәселелеріне деген қызығушылығының жоғары екенін байқап жүрмін. Біз атом электр станцияларының құрылысы туралы мәселеде қоғамдық қолдаудың өсетініне болжау жасауға болады».
Отырыс қорытындысы бойынша басқа да сарапшылар нақты мәселелерге тоқталып, бірқатар ұсыныстар жасады. Сондай-ақ олар талқылау барысында туындаған сұрақтар өз жауаптарын алды.