Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ұшақ апаты болған жерге барды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Өңір басшысы оқиғаның мән-жайын біліп, құтқару жүмыстарының барысымен танысты.
Сонымен қатар барлық құзырлы органға тиісті тапсырмалар берді және барлық жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында.
Еске салсақ, Ақтау қаласының маңында ұшақ апатқа ұшырады. Алдын ала болжам бойынша ұшақ Бакуден Грозныйға бет алған.