Валюта бағамы
  • USD -

    501.5
  • EUR -

    545
  • RUB -

    5.83
Ақтау маңында Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырады
Фото: Азамат Сәрсенбаев 25 желтоқсан 2024
Ақтау маңында Әзербайжан ұшағы апатқа ұшырады

Ақтау қаласының маңында ұшақ апатқа ұшырады. Алдын ала болжам бойынша ұшақ Бакуден Грозныйға бет алған, деп хабарлайды Ulys.

Бұл ақпаратты Қазақстанның төтенше жағдайлар қызметі растады.

Алдын ала болжам бойынша, ұшақ Бакуден Грозныйға бет алған және «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі.

 

RELATED NEWS
Ақтау маңында құлаған ұшақты  ресейлік зымыран зақымдаған -  Euronews
26 желтоқсан 2024
Ақтау маңында құлаған ұшақты ресейлік зымыран зақымдаған - Euronews

Ақтау маңында құлаған Azerbaijan Airlines әуе компаниясының ұшағын ресейлік «земля-воздух» зымыраны атып түсірген. Бұл туралы Euronews Әзірбайжан үкіметіндегі дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.

Euronews таратқан хабарламаға қарағанда, ұшақ Грозныйға қонбақ болған кезде зымыран ұшырылған, сол кезде олар дронның шабуылын тойтарып жатқан. 

Болжам бойынша, зымыран ұшақтың жанында жарылып, оның сынықтары ұшақты зақымдаған.

Euronews ақпарат көздеріне сілтеме жасай отырып, ұшқыштардың апатты жағдайда қону туралы өтініш білдіргенін мәлімдеді. Алайда ұшақтың зақымданғанына қарамастан Ресейдің ешбір әуежайы қонуға рұқсат бермеген. 

Еске салсақ, кеше Ақтау маңында ұшақ құлап, 40-қа жуық адам көз жұмды. Оның ішінде қазақстандық 6 адам болды.

Ақтауда сарбаз көз жұмды
09 қыркүйек 2024
Ақтауда сарбаз көз жұмды

Ақтауда әскерде жүрген тағы бір сарбаз көз жұмды. Бас әскери прокуратура Ақтаудағы сарбаз өліміне қатысты ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulys.

2024 жылғы 7 қыркүйекте сағат 17:10 шамасында Ақтау қаласындағы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің бірінің взвод командирі «Оймаша» полигонының аумағында ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы Б-ға оқ атып, ол көз жұмды. Сол күні Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы қасақана кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады (ҚК 99-бабының 1-бөлігі), делінген әскери прокуратура мәлімдемесінде. 

Мәлімдемеге қарағанда, тергеу органы күдіктіні ҚПК-нің 128-бабы тәртібімен ұстап, Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алған. 

Іс бойынша процестік прокурор тағайындалған.



Астанада пойыз жолында жарылыс болды
14 ақпан 2025
Астанада пойыз жолында жарылыс болды

14 ақпанға қараған түні Астанадағы теміржол вокзалына пойыз арқылы жеткізілген контейнер жарылды, деп хабарлайды Ulys.

Жарылыс түнгі сағат 00:25-те Астана стансасындағы іріктеу алаңының 12-жолағында болды. Елордаға пойыз арқылы жеткізілген жүк контейнері жарылған. Бір адам қолынан жеңіл жарақат алды, алайда ауруханаға жатқызуды қажет етпеді.

Полицейлер жолаушылар мен жақын маңдағы тұрғындарға қауіп төнбегенін хабарлады.

«Көліктегі полиция департаменті бұл оқиға бойынша «Темір жол көлігін пайдалану немесе қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнына дереу департамент басшылығы жеткен. Арнайы жедел топ құрылды, олар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісіп кетті», - деп хабарлады Көліктегі ПД.

ҚТЖ жарылған контейнердің жеке компанияға тиесілі екенін хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша ішінде электр жабдықтары – трансформаторлар мен генераторлар болған.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.