Франция прокуратурасы Telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың өткен сенбіде Парижде ұсталуына байланысты баспасөз мәлімдемесін таратты. Бұл туралы ВВС жазды.
Париж прокуратурасы Павел Дуровқа тағылуы мүмкін 12 эпизодты жариялады. оның ішінде құзырлы органдарға ақпарат беруден бас тарту, алаяқтық пен есірткі сатуға қатысының болуы, балалардың порнографиялық видеоларын сақтауға, киберқылмыстарға, ақша жылыстатуға қатысуы және т. б. бар.
Прокуратура 8 шілдеде ашылған істі Киберқылмыспен күрес орталығы мен Ұлттық алаяқтықпен күрес басқармасы (ONAF) тергеп жатқанын айтты.