Валюта бағамы
  • USD -

    532.5
  • EUR -

    548
  • RUB -

    5.17
Алматы облысы Іле ауданының әкімі ұсталды - Антикор
Фото: gov.kz 04 қыркүйек 2024
Алматы облысы Іле ауданының әкімі ұсталды - Антикор

Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды, деп хабарлайды Ulys.

Ол «лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану» (ҚР ҚК-нің 3-бабы, 4-бөлігі 361) және «билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану» (ҚР ҚК-нің 3-бабы, 4-бөлігі 362) баптары бойынша айыпталды.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалардың әшкереленгенін растайды. Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», - деп хабарлады Антикор.

Бағдат Қарасаев Іле ауданының әкімі қызметін 2018 жылдың қыркүйегінен бастап атқарды.

RELATED NEWS
«Каспий» футбол клубына қатысты ақша бопсалағандар деструктивті дін өкілдері - агенттік
25 желтоқсан 2024
«Каспий» футбол клубына қатысты ақша бопсалағандар деструктивті дін өкілдері - агенттік

ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров «Каспий» футбол клубында жасалған жемқорлық жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Каспий» футбол клубы» ШЖҚ МКК бұрынғы директоры мен деструктивті діни орта өкілдеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Олар зорлық-зомбылық қолдана отырып, аса ірі мөлшерде ақша бопсалады деген күдікке ілініп отыр», - деді Бигайдаров.

Оның айтуынша, Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен үш күдікті ҚПК-нің 128-бабы негізінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Қазіргі уақытта бұрынғы директордың оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру үшін футбол клубына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісіне қатысты ма, жоқ па тексеріп жатырмыз. Тергеу жалғасып жатыр», - деді ресми өкіл.

Қайырымдылыққа бөлінген ақшаны жымқырды деген қоғам белсендісінің 1 сөмкесі 25 млн теңге тұрады - агенттік
13 желтоқсан 2024
Қайырымдылыққа бөлінген ақшаны жымқырды деген қоғам белсендісінің 1 сөмкесі 25 млн теңге тұрады - агенттік

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде жиналған қайырымдылық ақшаны ұрлады деген күдікпен қамауға алынған Перизат Қайрат бренд сөмкелер мен зергерлік бұйымдарға құмар болған. Қаржы мониторингі агенттігі таратқан ақпарат бойынша, Перизат Қайраттың бір сөмкесінің өзі 25 млн теңге тұрады, деп хабарлайды Ulys.

Қайырымдылық қорының басшысы су тасқынынан зардап шеккендерге және Палестина халқына гуманитарлық көмек көрсету мақсатында жиналған 1,7 млрд теңгені жымқырды деген күдікке ілінген.

Бүгін Қаржы мониторингі агенттігі Перизат Қайраттан тәркіленген мүліктерді көрсетті.

«Перизат Қайраттың тұрғылықты жерін тінту барысында қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат техника, Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және тағы басқа танымал әлемдік брендтердің киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдары, сөмкелері тәркіленді», - делінген хабарламада.

Күдіктіден тәркіленген қымбат зергерлік бұйымдардың жалпы құны 70 млн теңгеден асады.  Мәселен, Graff брендінің сырға-алқалары 10 млн теңгеден басталса, Rolex сағатын 7 млн теңгеге сатып алған. Ал Bulgari сағаты 6 млн 750 мың теңге тұрады екен.

Бұдан бөлек, Перизат Қайраттың бренд сөмкелерге деген махаббаты да ерекше болған сыңайлы. Құқық қорғау органдары күдіктінің үйінен жалпы құны 110 млн теңгеден асатын ондаған сөмке тапқан.

Бренд сөмкелердің ең арзаны 1 млн теңге тұрса, ең қымбаты да 25 млн 600 теңге болып шықты. 2 млн, 4 млн, 14 млн теңгеге сатып алған сөмкелері де бар.

ҚМА Перизат Қайраттың жиырма шақты бренд сөмкесінің суреті мен бағаларын жариялады. Перизат Қайрат барлық сөмкесіне P.K деп аты-жөнінің бас әріптерін жаздырған.

ҚазАвтоЖол-дың бұрынғы басшысы 200 млн теңге жымқырған
18 желтоқсан 2024
ҚазАвтоЖол-дың бұрынғы басшысы 200 млн теңге жымқырған

«ҚазАвтоЖол» компаниясының бұрынғы төрағасы бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulys Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты «Жақсы-Есіл-Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге, соның ішінде Есіл өзені арқылы өтетін көпірді салуға бөлінген 200 млн теңге көлемінде мемлекет қаражатын жымқырған.

«Келісімшарттың бұзушылықтармен жасалғандығы және берілген аванстың ысырап етілгендігі дәлелденді. Жоба бойынша жұмыс басталмаған. Сотталғандар 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот мемлекетке келтірілген залалды өндіріп алды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», - делінген Бас көлік прокуратурасы хабарламасында.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.