Әлемге коронавирустың жаңа түрі – ХЕС тарап жатыр. Бұл бұрынғыға қарағанда қауіптірек, деп хабарлайды BBС..
«Ковидтің бұл түрі алғаш рет маусым айында Германияда пайда болған. Кейін Ұлыбритания, АҚШ, Дания елдерінен табылды», - деп жазды Scripps Research институтының директоры, америкалық ғалым Эрик Топол твиттер парақшасында.
Оның айтуынша, ХЕС жаңа ғана басталып жатыр, бірнеше апта мен бір-екі ай өткен соң, күшіне мініп, сырқаттың жаңа толқыны туады.
Мутацияланған ХЕС өткен ковид вирусына қарағанда тезірек тарайды. Ғалымдар қазіргі қолданыста бар вакциналар бұл вирустан келетін ең ауыр зардаптардың алдын алады деп отыр.
Ұлыбритания ғалымы Франсуа Балудың сөзінше, алдағы қыста ХЕС коронавирустың негізгі түріне айналуы бек мүмкін.