Валюта бағамы
  • USD -

    533.5
  • EUR -

    549.5
  • RUB -

    5.09
Ыстанбұлда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған естелік монетаның тұсаукесері өтті
16 қыркүйек 2021
Ыстанбұлда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған естелік монетаның тұсаукесері өтті

Ыстанбұлда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған естелік монетаның тұсаукесері өтті. Бұл туралы Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі хабарлады.

Іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел, Түркия Теңге сарайының директоры Абдуллаһ Ясир Шахин, зиялы қауым өкілдері мен журналистер қатысты.

Күмістен соғылған монетаның дизайнын Теңге сарайымен бірлесіп әзірлегендіктерін айтқан Бас консул Әлім Байел онда еліміздің терең тарихы мен Түркі әлемінің қара шаңырағы ретіндегі ролін айқындағандықтарын айтты.

Елші Абзал Сапарбекұлы монетаның бауырлас Түркияның қастерлі Тәуелсіздігіміздің мерейлі тойына жасаған ерекше сыйы ретінде түрік елінің Қазақстанға деген ыстық ықыласының белгісі екендігін мәлімдеді.

Өз кезегінде, Абдуллаһ Ясир Шахин өзі басқарып отырған Түркия Республикасы Теңге сарайының 1467 жылдан бастау алатынын айта келе, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына осындай тарту жасаудың өздері үшін үлкен қуаныш екендігін жеткізді. Монетаның бет жағында Қазақстанның мемлекеттік туы мен түрікше «Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы» жазуы орын алған. Сырт жағының ортасында Қазақстанның картасы бейнеленген. Картаның ішінде латын әріптерімен қазақша «Qazaqstan» деп жазылған.

Сондай-ақ, картада қазақ жеріндегі бірқатар тарихи мемлекеттердің атаулары түрікше жазылған. Атап айтқанда, олар: сақтар, ғұндар, Түрік қағандығы, Алтын Орда мен Қазақ хандығы. Реверстің үстінгі жағында Орхон-Енисей ескерткіштеріндегідей көне түркі жазуымен «Түрік» деп жазылған.

Астынғы жағында қошқармүйіз оюы бейнеленген. 31 грамм күмістен құйылған және құны әлдеқайда жоғары монетаның номиналды бағасы 30 түрік лирасы. Ә. Байел әдетте мұндай монеталардың 20 лиралық номиналға ие болатынын, алайда түрік тарапының Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Қазақстан үшін бұл ережені өзгерткендігін айтты.

Естелік монета Түркия Теңге сарайының ресми сайтында сатылымға шығады. А. Сапарбекұлы мен Ә. Байел шектеулі санмен шыққан монетаның отандық, түрік және әлемдік коллекционерлердің үлкен қызығушылығына ие болатынына деген сенімдерін білдірді.

 

 

RELATED NEWS
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда
15 мамыр 2024
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда

Түркияда мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Осыған байланысты ел президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның барлау және Әділет министрлігінің басшыларымен шұғыл отырыс өткізді, деп хабарлайды Ulys түркиялық басылымдарға сілтеме жасап.

Түрік ұлтшылдарының жетекшісі Девлет Бахчели2016 жылдың шілдесінде елді дүрліктірген мемлекеттік төңкеріс қайталануы мүмкін екенін ескертті.

Бір күн бұрын Анкара Бас прокуратурасы "Айхан Бора Каплан" қылмыстық ұйымына қатысы бар деген күдікпен  үш полицейге қатысты тергеу бастады. Олардың үйлерінде тінту жүргізілді.

Türkiye газеті өз кезегінде "Айхан Бора Каплан" ұйымымен байланыста болды деп айыпталған Анкара қауіпсіздік басқармасында бірқатар полиция қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуына байланысты Түркияда үлкен қарсылық көрсетілгенін жазады. Олардың үйлерінде цифрлық материалдарды алу мақсатында тінту жүргізілді.

"Президент Ердоған Әділет министрі Йылмаз Тунджмен және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрагим Калынмен Бахчелидің мәлімдемесінен кейін Мемлекет басшысының резиденциясында шұғыл түнгі отырыс өткізді", — деп жазады Türkiye.

Ердоған ел Парламентінде сөз сөйлейді деп күтілуде.

Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды
24 қазан 2024
Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды

Кеше кешкісін Түркия Анкарадағы TUSAŞ аэроғарыш компаниясы штаб-пәтерінің маңында қатты жарылыс болған. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады. 

Түркия ІІМ жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар барын айтады. Ал ел билігі оқиғаны "теракт" деп атады. 

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая хабарлауынша,  теракт салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 22 адам жарақат алғаны айтылған.

Шабуылды жасаған екі лаңкес өлтірілді. Лаңкестердің бірі әйел.

ЕРДОҒАН МЕН ГУТТЕРИШ УКРАИНАҒА ТАРАПТАРДЫ  ТАТУЛАСТЫРУ ҮШІН КЕЛДІ
17 тамыз 2022
ЕРДОҒАН МЕН ГУТТЕРИШ УКРАИНАҒА ТАРАПТАРДЫ  ТАТУЛАСТЫРУ ҮШІН КЕЛДІ

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гуттериш Украинаға келді.

Бүгін олар Украина президенті Володимир Зеленскиймен бірге үшжақты кеңес өткізеді. Аталған жиында орыс-украин соғысының дипломатиялық жолмен бітуіне ықпал ету, Украина астығын әлемдік нарыққа шығаруға қатысты жасалған тетіктерді күшейту, сондай-ақ қауіпті жағдайда тұрған Запорожье атом электр стансасының мәселесі талқыланбақ.

Зеленскийдің шақыруын қабыл алып келген Гуттериш ертең  Одесса қаласына барып, келесі күні Ысанбұлға табан тірейді.

Екі әлемдік саясаткердің тараптарды татуластыру талпынысынан жемісті нәтиже күту өте қиын... Тек соңғы екі мәселенің оңалуына ықпал етсе де үлкен олжа болар еді.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.