Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тағы бір қызметкері өзіне суицид жасады. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі хабарлады.
"Ағымдағы жылғы 7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі – суицид.Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", - делінген хабарламада.