Маңғыстау облысында есірткі сату барысында үш адам ұсталды. ҰҚК және Шекара қызметі күдіктілерді 2024 жылдың 20 желтоқсанында қолға түсірді, деп хабарлайды Ulys ҰҚК сілтеме жасап.
Есірткі сату кезінде ұсталып, соттың санкциясымен үш қазақстандық қамауға алынды.
Заңсыз айналымнан 600-ден астам метадон таблеткасы мен 300 грамм апиын тәркіленді.
«Осыған дейін, осы жылдың қарашасында ҰҚКД-ның күшімен Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен оңтүстік өңірлерден 300 кг-дан астам каннабис тобының есірткілері тәркіленген ішкі есірткі жеткізу арнасы жойылды.
Жоғарыда аталған фактілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», - делінген хабарламада.