Ұлттық қауіпсіздік комитеті курсант қазасына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulys.
Комитеттің хабарлауынша, ҰҚК шекара академиясында 3-курста оқыған курсант 22 қыркүйекте Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үй ауласынан өлі табылған. ҰҚК курсант кезекті демалысқа шыққан болатын деді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті курсант биіктен құлап мерт болды деп хабарлады. Комитет полиция осы оқиға бойынша тергеу бастады, оған не түрткі болғанын анықтап жатыр деді.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда ҰҚК Шекара академиясының курсанты көз жұмғанын және ол12-қабатты үйдің жоғарғы қабатынан секіріп кеткені туралы хабарлаған болатынбыз.