Маңғыстау облысында тек шетел азаматтарына арналған казино ашылмақ. Бұл туралы аталған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Ulys.
Әкімнің айтуынша казиноға Қазақстан азаматтарының баруына тыйым салынатын болады.
- Ойынханаға адамдар тек шетелдік төлқұжатпен кіре алады, яғни шетелдіктер ғана бара алады. Мұндай тәжірибе әлемде бар. Мысалы, жалақы алып, сосын ойынханаға барып ұтылып қалдыңыз, әрине ренішті. Бұл кімге керек? Біздің мақсат шетелден келетін адам Қазақстан экономикасына ақша қалдырып кетуі керек, — деді Нұрдәулет Қилыбай.