Жаңаөзеннің «Самал» шағын ауданында 28 қараша күні кешке ер адам суицид жасаған, деп хабарлайды Lada басылымы.
Желіде тараған ақпараттарға сүйенсек, бұл адам алдымен әйелімен жанжалдасып қалған, содан екінші қабаттағы балконға шығып, тамағын кесіп жіберген. Кейін үйдің төртінші қабатына барып, секіріп кеткен. Екі аяғы сынған тұрғын ауыр жағдайда Жаңаөзен көпбейінді ауруханасына түскен.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.