Үндістанда діни рәсім кезінде 46 адам суға батып кетті, оның ішінде 37 бала, 7 әйел болған, деп хабарлайды Reuters.
Үндістанның солтүстігінде миллиондаған әйел – Дживитпутрика Врат атты мерекені атап өтеді. Діни рәсім кезінде олар ораза ұстап, балаларының амандығын тілеп, өзенге шомылады. Кейде шамылуға балаларын да алып барады.
Биыл Үндістанда жауын-шашын шамадан көп жауып, өзендер мен тоғандар суға толған.