Валюта бағамы
  • USD -

    454.1
  • EUR -

    487
  • RUB -

    5.01
Ұлыбритания патшайымы II Елизавета  96 жасында дүниеден өтті
11 қыркүйек 2022
Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 96 жасында дүниеден өтті

Ұлыбритания патшайымы II Елизавета Балморал сарайында 96 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды BBC.

Британдық СІМ бұл оқиға туралы II Елизавета ресми Мемлекет басшысы болған 15 елдің үкіметіне, сондай-ақ Ұлттар достастығына мүше 38 елдің басшылығына хабарлады.

Патшайымның қайтыс болғаны туралы хабарланғаннан кейін Лондонның орталығындағы барлық үкіметтік ғимараттардағы мемлекеттік ту түсірілді.

Патшайымның ұлы ханзада Чарльз және басқа да отбасы мүшелері Шотландиядағы резиденциясына келіп, онымен бірге болды.

RELATED NEWS
БРЮССЕЛДЕ ЕУРООДАҚТЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БОЙЫНША ЖАҢА СТРАТЕГИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ
16 мамыр 2019
БРЮССЕЛДЕ ЕУРООДАҚТЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ БОЙЫНША ЖАҢА СТРАТЕГИЯСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Брюсселде Еуроодақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы таныстырылды. 17 беттен тұратын құжат «Еуро Одақ пен Орталық Азия: бекем әріптестік үшін жаңа мүмкіндіктер» деп аталады. Аталған халықаралық ұйым алғашқы стратегиясын 2007 жылы қабылдаған болатын. Одан бері де біраз уақыт өтті, геосаяси ахуал да қатты өзгерді, Орталық Азия аймағының маңызы да арта түсті. Сондықтан, аймақ елдерімен байланысқа жаңа көзқарас, жаңаша қадам жасау керек болды. Екі жыл ішінде ЕО дипломаттары мен аймақ елдерінің мамандары құжатты дайындауға белсенді түрде атсалысып, жаңа идеялар мен соны мазмұнды ұсыныстар жолдады. Жаңа стратегия Орталық Азия мен ЕО ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығарарына сенім мол. Жаңа құжатты ЕО Кеңесі маусым айында мақұлдап, 7 шілдеде Бішкекте өтетін Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлерімен кездесуде ЕО дипломатиясының басшысы Федерика Могерини ресми түрде таныстырады деп жоспарланған.

ЕУРОПАМЕН БАЙЛАНЫС АРТАДЫ
18 шілде 2019
ЕУРОПАМЕН БАЙЛАНЫС АРТАДЫ

Еуропа елдерімен байланысымыз тіпті артады. Себебі, бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропаның алты мемлекетіндегі, атап айтсақ, Болгария, Латвия, Португалия, Сербия, Словакия және Эстония елдеріндегі дипломатиялық миссияларға толыққанды Елшілік мәртебесін беру туралы Жарлықтарға қол қойды. Бұл маңызды шешімге қатысты Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің фйесбук парақшасында Президенттің көмекшісі Мұрат Нұртілеуовтің төмендегідей түсіндірмесін жариялады.

  

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуовтің бірқатар Еуропа елдеріндегі дипломатиялық миссияларын қайта құруға қатысты түсіндірмесі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде көпвекторлы сыртқы саясаттың «елімізге, ұлттық бизнеске, әр азаматымызға нақты пайдасын тигізуі тиіс» екенін айтты.
Отандық дипломатиялық қызмет әлемнің кез келген жерінде ұлттық мүддемізді нық қорғауы тиіс. Бұл ретте, саяси прагматизм мен экономикалық мақсатқа негізделген тиісті басымдықтарды анықтаудың маңызы аса зор.
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында еуропалық елдердің алатын орны айрықша. Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы Ынтымақтастықты кеңейту туралы келісімді іске асыру үшін еуропалық тараппен жүйелі жұмыс істеуіміз қажет. Еуроодақтың Орталық Азия бойынша биылғы маусымда қабылдаған жаңартылған стратегиясы серіктестікті нығайту үшін тың мүмкіндіктерге жол ашады.
Еуропалық одақ – Қазақстанның ірі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі. Еліміздің сыртқы сауда айналымының және Қазақстан экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестицияның жартысы Еуропалық одақ мемлекеттеріне тиесілі.
Осыған байланысты, Қазақстанның Болгария, Латвия, Португалия, Сербия, Словакия және Эстония елдеріндегі дипломатиялық миссияларға толыққанды Елшілік мәртебесін беру – Еуропа мемлекеттерімен өзара іс-қимылдарды тереңдетуге бағытталған маңызды қадам.
Қазіргі уақытқа дейін осы елдерде біздің дипмиссияларымыз бен консулдықтарымыз ғана жұмыс істеді. Бұл аталған мемлекеттермен өзара ынтымақтастықты қарқынды дамытуға толық мүмкіндік бермеді.

Жоғарыда көрсетілген мемлекеттердің Елшіліктері Қазақстанда тиісті деңгейде жұмыс істеуде. Осыған орай, біздің серіктестеріміз Нұр-Сұлтан тарапынан лайықты қадам жасалатынына сенім білдіргендерін атап өту қажет.
Ауқымы жағынан шағын Елшіліктерімізді қаржыландыру мәселесі жұмыс істеп тұрған дипломатиялық миссиялардың бюджеті шеңберінде қарастырылған. Бұл – әлемдік тәжірибеде бар тәсіл, яғни мемлекеттер дипломатиялық өкілдіктердің ықшам, кәсіби, тиімді құрамы негізінде сапалы әрі нәтижелі қызметке баса назар аударады.
Осылайша, Қазақстан Президентінің СІМ ұсынысы бойынша қол қойған Жарлығы Еуропалық Одақтың маңызды серіктестерімен қарым-қатынастарды дамытуға тың серпін беру үшін қажетті әрі орынды шешім болды. Аталған бастама мемлекетіміздің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметін әртараптандыруға арналған міндеттерді жүзеге асыруды көздейді.

 

Тоқаев: Нидерланд – Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы
28 мамыр 2024
Тоқаев: Нидерланд – Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы

Мемлекет басшысы Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттемен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Астанаға жұмыс сапарымен келген Нидерланд Премьер-министрі Марк Рютте кездесу өткізді.

Әңгімелесу барысында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейту перспективалары қарастырылды.

– Өзіңізбен 2015 жылы кездескен едік. Сол жүздесуді ерекше ықыласпен еске аламын. Сіздің өзара тиімді ынтымақтастығымызды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Сіз басқа әріптестеріңізге қарағанда Премьер-министр лауазымын ұзақ уақыт атқарып келесіз және халықаралық деңгейдегі тәжірибеңіз орасан зор. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Нидерланд – Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы. Елімізге құйылған тікелей инвестиция 120 миллиард доллардан асты. Елдеріміз бірлескен ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатыр, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Премьер-министрінің елімізге сапары Астана мен Амстердам арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға тың серпін беретінін атап өтті.

Өз кезегінде Марк Рютте екіжақты серіктестік деңгейін жоғары бағалады. Сондай-ақ ол Қазақстан мен Нидерландтың ықпалдастығын одан әрі жандандыру қажет екенін айтты.

– Мен Астанада алғаш рет 2010 жылы болдым. Бұл менің жаңа Премьер-министр ретінде Еуропа Одағынан тысқары жерге жасаған алғашқы сапарым еді. Содан кейін 2015 жылы сапармен келдім. Сол кезде жүргізген келіссөздеріміз әлі есімде. Екіжақты байланыстарымыздың қарқынды дамып келе жатқаны мені әрқашан таңғалдырады. Қазақстанның өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі теңгерімді ұстанымына айрықша құрметпен қараймын. Сонымен қатар еліңізді жаңа деңгейге көтеру үшін атқарып жатқан ісіңізді жоғары бағалаймын. Біз ауыл шаруашылығы, жасыл энергетика және су ресурстарын басқару салаларындағы идеялар мен әзірлемелерімізді бөлісуге дайынбыз, – деді Нидерланд Үкіметінің басшысы.

Келіссөз барысында сауда-экономикалық, энергетикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, сондай-ақ көлік, инновация, атом энергетикасы, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, климат, су ресурстарын басқару салаларындағы байланыстарды нығайту жолдары егжей-тегжейлі талқыланды.

Бұдан бөлек, тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ Еуропа Одағымен ықпалдастық аясындағы диалогты жалғастыру маңызды екеніне назар аударылды.

 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.