Қыз зорлады деп айыпталған кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulys.
«Мен туралы сұхбат беріп жатқан адамның лайлы әңгімелері маған мүлде қызық емес. Менің өмірлік ұстанымым, мақсаттарым мүлдем басқа. Ақиқат орын алатынына сенімдімін. Осыған байланысты менің заңды құқық қорғаушым баспасөз-конференциясын өткізетін болып шешті», – деді боксшы.
Кәсіпқой боксшы баспасөз жиыны 24 тамыз күні өтетінін мәлімдеді.
Айта кетейік, Жанқош Тұраровқа қыз зорлады деген айып тағылған болатын.