Валюта бағамы
  • USD -

    497.1
  • EUR -

    586
  • RUB -

    6.53
Ұлттық құрылтайды айтылған тағы мәселе Мәжіліске жетті
26 қыркүйек 2024
Ұлттық құрылтайды айтылған тағы мәселе Мәжіліске жетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда есірткі таратушыларды ұстау есірткі саудасына тыя алмайтынын, оны өндірушілердің жазасын қатайды тапсырған болатын.

«Тек былтырдың өзінде есірткіге қатысты 7,5 мыңнан астам қылмыс анықталды. Заңсыз айналымнан 41 тонна есірткі алынды. Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын», - деген еді Мемлекет басшысы.

Президенттің бұл сөзі оңай пайдаға қызығып, есірткі саудасына ұрынған жеткіншектердің ата-анасына біраз үміт сыйлаған сияқты. Елдің әр түкпірінен жиналған ата-аналар мен құқық қорғаушылар Астанада жиі бас қосып, есірткімен күресті қазіргі науқаншылдықтан арылтуды талап етіп жүр. 
Мемлекет басшысы есірткі саудасымен күресті күшейту керектігін 2020 жылдан бері айтып жүр. Осылайша бірнеше заң қабылданып, жаза қатаңдатылды. Соның әсерінен 2022-2024 жылдары  19 175 адам есірткіге қатысы бар қылмысы үшін сотталған. Оның 117-сі кәмелет жасына толмаған.

Қылмыстық кодекстің 296-303 баптары осы есірткімен байланысты қылмыстардың жазасын белгілейді. Парламент Мәжілісінде аталған баптарды қайта қарайтын жұмыс тобы құрылған. Оның Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода басқарады.

«Жұмыс тобы есірткі жасырғыштардың жауапкершілігін жіктеп бөлу мәселелерін пысықтап жатыр. Атап айтқанда,  297-бапқа тағы бір бөлік қосылып, «есірткі өндірісі» деген ұғым енгізілуі мүмкін. Оның жазасы – өмір бойына бас бостандығынан айыру. Бұл мәселені Президенттің Ұлттық құрылтайда айтқан болатын. Жыл аяғына дейін бір шешімге келеміз деп отырмыз», - дейді депутат.

RELATED NEWS
Ұлттық құрылтайды айтылған тағы мәселе Мәжіліске жетті
26 қыркүйек 2024
Ұлттық құрылтайды айтылған тағы мәселе Мәжіліске жетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда есірткі таратушыларды ұстау есірткі саудасына тыя алмайтынын, оны өндірушілердің жазасын қатайды тапсырған болатын.

«Тек былтырдың өзінде есірткіге қатысты 7,5 мыңнан астам қылмыс анықталды. Заңсыз айналымнан 41 тонна есірткі алынды. Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін. Қазір есірткі сатқан қылмыскер қатаң жазаға тартылады. Менің ұсынысым: есірткі заттарын өндіретін адамдардың жазасын барынша қатайту керек. Оны ең ауыр қылмыстарға теңестіру қажет. Парламентті бұл бастаманы қолдауға шақырамын», - деген еді Мемлекет басшысы.

Президенттің бұл сөзі оңай пайдаға қызығып, есірткі саудасына ұрынған жеткіншектердің ата-анасына біраз үміт сыйлаған сияқты. Елдің әр түкпірінен жиналған ата-аналар мен құқық қорғаушылар Астанада жиі бас қосып, есірткімен күресті қазіргі науқаншылдықтан арылтуды талап етіп жүр. 
Мемлекет басшысы есірткі саудасымен күресті күшейту керектігін 2020 жылдан бері айтып жүр. Осылайша бірнеше заң қабылданып, жаза қатаңдатылды. Соның әсерінен 2022-2024 жылдары  19 175 адам есірткіге қатысы бар қылмысы үшін сотталған. Оның 117-сі кәмелет жасына толмаған.

Қылмыстық кодекстің 296-303 баптары осы есірткімен байланысты қылмыстардың жазасын белгілейді. Парламент Мәжілісінде аталған баптарды қайта қарайтын жұмыс тобы құрылған. Оның Мәжіліс депутаты Дмитрий Колода басқарады.

«Жұмыс тобы есірткі жасырғыштардың жауапкершілігін жіктеп бөлу мәселелерін пысықтап жатыр. Атап айтқанда,  297-бапқа тағы бір бөлік қосылып, «есірткі өндірісі» деген ұғым енгізілуі мүмкін. Оның жазасы – өмір бойына бас бостандығынан айыру. Бұл мәселені Президенттің Ұлттық құрылтайда айтқан болатын. Жыл аяғына дейін бір шешімге келеміз деп отырмыз», - дейді депутат.

Ұлттық құрылтай және саяси майдан
25 қыркүйек 2024
Ұлттық құрылтай және саяси майдан

Құрылтай деген ұғым қазақтың таным-түсінігінде кілт сөз, ұлттық код ретінде берік орнаған. Елдің тағдырын шешетін күрделі кезеңдерде, көбіне шешуші шайқастар алдында қазақ хандары құрылтай шақырып, халықпен ақылдаса отырып шешім қабылдайтын болған.

Қазақ халқы өз мемлекеттілігін қалпына келтіргеніне 31 жыл толғанда ұлттық кодқа айналған осы «құрылтай» ұғымы жаңа мәнге ие болып, саяси институтқа айналуға бет алды.

Құрылтай ұғымының мемлекеттің саяси өмірінде маңызды институтқа айналған тұсы Қазақ хандығының дәуірі еді. Керей-Жәнібектен басталып Кенесары ханға дейінгі  Жошы ұрпақтары  бірнеше рет ұлттық құрылтай  шақырып, халықты біріктіруге, сыртқы және ішкі саяси мәселелерді шешуге талпынды.

Тарихи деректерге сүйенсек, құрылтай институтының қызметіне ең көп жүгінген хандардың бірі Қасым хан (1511–1521) болғанға ұқсайды. Осы құрылтайлардың нәтижесінде Қазақ хандығының заңдары жүйеленіп, «Қасым ханның қасқа жолы» қабылданды.

Ал Тәуке хан XVII ғасырдың аяғында құрылтай шақырып, қазақтың ру-тайпалық қарым-қатынасын реттеген, шариғат пен әдет-ғұрыпты, мемлекет басқару мен құқықтық қатынастарды үндестірген әйгілі «Жеті жарғы» қабылданады.

Бұдан кейін әйгілі құрылтайлардың бәрі Жоңғар шапқыншылығымен байланысты шақырылып отырған деуге болады.

1643 жылғы Орбұлақ шайқасының алдындағы құрылтай,   1729–1730 жылдардағы Аңырақай шайқасы алдындағы құрылтай қазақ тарихындағы ең ұзақ соғыстың тағдырын айқындауға септігін тигізді.

«Құрылтай» сөзінің қазіргі қазақ санасына шайқас, соғыс, майдан сөздерімен қанаттасып сіңуіне осындай тарихи фактілер себеп болған. Ал шын мәнінде Атырау мен Алтайдың арасында бытырай қоныстанған көшпелі халықтың бірлігін ыдыратып алмай ұстап тұру үшін, шұғыл жағдайларда басын тез біріктіру үшін, хан ордасында қабылданған саясаттың әр тайпаға, руға, әулетке жетуі үшін құрылтай өткізудің маңызы зор болған.

Қазақстан – мелитористік саясат ұстанбайтын, бейбітсүйгіш ұстанымдағы ел. Сондықтан Ұлттық құрылтай ұғымы жаугерлік мақсатта емес, саяси майдан құралы ретінде өмірге қайта еніп отыр.

Бұл институт қазір қоғам мен билік арасындағы диалогтың бір жолы болып есептеледі. Ол бір жағынан қарапайым азаматтардың саяси белсенділігін дұрыс арнаға бағыттап,  «Еститін мемлекет» саясатын жандандыру үшін маңызды.

Осыған дейін Ұлттық құрылтайдың үш үлкен жиыны өтті десек, соның бәрінде айтылған орынды идеялар мен ұсыныстар заң ретінде, жоба ретінде іске асып жатыр.

Сондықтан Ұлттық құрылтайды талқылау платформасы ғана емес, ұсыныстар мен шешімдер қабылдайтын алаң деп бағалауға болады.

2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің орнына Ұлттық құрылтайды құру идеясын ұсынды.  Оның да негізгі жұмыс бағытын «Мәселелерді алаң мен көшеде емес, емес, ресми жиында талқылау керек» деген ұстаныммен үндес еді.

Ұлттық құрылтай идеясына скептикалық көзқараспен қараушылар көп болғанымен, үш жылдың ішінде ол өзін реформалық заңдардың генераторы ретінде көрсете білді.

Нақтырақ айтсақ, 2024 жылдың өзінде ғана Ұлттық құрылтайдың бастамасымен бірнеше маңызды заң қабылданды.

Біріншісі – «Әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігі туралы» Заң. Бұл заңды көпшілік экс-министр Қуандық Бишімбаевтың атышулы ісімен байланысты қабылданды деп жаңсақ түсініп жүр. Бұл заң туралы бастама Ұлттық құрылтайда көтерілген болатын.

Екіншіден, есірткі мен вейп саудасына ауыздықтайтын  электронды темекі (вейп) өнімдерін сатуға және өндіруге толықтай тыйым салуды көздейтін заң қабылданды.

Мемлекеттік рәміздер мен атауларды біріздендіруге арналған «Ономастика және геральдика туралы заң» қабылданды. Ұлттық құрылтайда Елтаңбаның қазіргі кескінін совет кезеңіндегі Гербке ұқсатқандардың ұсынысы да талқыға түскен. Бұл мәселе қоғам ішінде кеңінен талқыланып, қазіргі нұсқасы өзгеріссіз қалды.

Мемлекеттік кеңесші  Ерлан Қарин Ұлттық құрылтай тек пікір алмасумен шектелмейтін, нақты шешімдер қабылдауға бағытталған құрылым екенін үнемі айтып жүр. Ол шешімдер елдің әлеуметтік мәселелеріне, рухани толысуына ғана бағытталып жатқан жоқ, экономиканың маңызды проблемаларын да қамтып жүр.

Мысалы, Атыраудағы құрылтайда  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдар мен аудан орталықтарының тұрғындарына арнап, халықтың әлеуметтік осал санаттары үшін мөлшерлемесі 7 пайыздан аспайтын тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды тапсырды.

«Сонымен қатар Үкіметке Мемлекет басшысының бастамасымен сатып алу құқығымен берілетін жалға берілетін тұрғын үй көлемін айтарлықтай арттыру қажет. Сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткішке айналатын жөндеу-құрылыс жұмыстарымен кемінде 12 мың шақырым жолды қамту міндеті қойылды. Елдегі азаматтардың өмір сүру сапасы мен қоршаған ортаның жағдайын жақсарту үшін кемінде 1 700 шақырым газ желілерін жаңғыртудың да маңызы зор. Бұл бастамалардың биылғы жылы отандық кәсіпорындарды барынша тарту арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр», - дейді Ерлан Қарин. Мемлекеттік кеңесші атаған шаралардың бәрі Президенттің биылғы Жолдауында нақты көрініс тапқанын айту керек.

Мұның бәрі Ұлттық құрылтай Қазақстанның әлеуметтік-саяси өмірінде маңызды рөл атқаратын құрылымға айналғанын айғақтайды.

Лудомандардың табиғатын түсіне алып жүрміз бе
04 қыркүйек 2024
Лудомандардың табиғатын түсіне алып жүрміз бе

Сенімсіз статистика

 Қазақстанда құмар ойын мен бәс тігуге тәуелді адамдардың санын ешбір орган дөп басып айта алмай келеді. Былтыр осы мәселеге арналған заң жобаларын талқылаған кезде Мәжіліс депутаттары 350 мың адамның лудоманияға ұшырағаны екені туралы дерек келтірген болатын. Ал Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған статистика бойынша, құмар ойынға арбалғандардың саны 36 мыңнан аспайды. Екі деректің айырмашылығы 10 есе. Былтырғы мәлімет бойынша, тек 9 адамға ғана ресми «лудомания» диагнозы қойылған.

Деректердің бұлайша құбылуы елде жауапты мамандар мен органдар  аталмыш дерттің табиғатын әлі толық түсініп болмағанын көрсетеді.

Құмар ойын мен бәс тігу, ұтыс жариялау біздің елде табысты бизнес болып есептеледі. Ал қоғамнан сұраныс болмаса, бизнестің табысты болуы тіптен мүмкін емес. Құмар ойын бизнесі табысты деп кесіп айтуымызға Ұлттық бюро статистикасының былтырғы ресми мәліметі негіз бола алады.

2023 жылы букмекерлік кеңселер мен казинолар 368,7 млрд теңгенің қызметін көрсеткен.  Кейінгі бес жылда көрсетілген қызметтің жалпы сомасы 1 трлн теңгеге жеткен. Салыстыру үшін айтсақ, 2023 жылы мемлекет ғылымды дамытуға жалпы ішкі өнімінің 0,14 пайызын жұмсаған. Мұны теңгеге шақсақ, 172,6 млрд теңге болады.

 Заң пәрмені

 Мұндай ауқымдағы бизнесті заңмен қатаң реттемесе, салдары сұмдық болуы мүмкін екенін Президент те талай айтқан.

Ұлттық құрылтай мүшелері де бұл мәселені қайта-қайта көтеріп, Парламенттің арнайы заң актілерін қабылдауына ықпал етті. Сол нормалардың ең маңызды дегендері мыналар:
- Лицензиялау процедуралары қатаңдатылды. Нақтырақ айтсақ, құмар ойындарын ұйымдастыратын ұйымдардың лицензия алуы қиындады. Арнайы лицензия алу үшін олар қаржылық тұрғыдан тұрақтылықты кәсіпорын екенін дәлелдеп, тапқан табысы мен төлеген салығы, жұмыс тәртібі туралы жүйелі есеп беруге міндеттелді.
- Жарнамасы шектелді. Яғни, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамасын көлік сыртына жапсыруға, масс-медиада жарнамалауға, кино мен бейнероликтерге кіріктіруге,  анықтамалық қызмет арқылы насихаттауға тыйым салынды. Ұтыс жарнамасын осы іске маманданған, ресми жұмыс істейтін кәсіпорын ғимаратына ғана ілуге рұқсат беріліп отыр. Сондай-ақ, спорт саласына маманданған БАҚ арқылы, спортшылардың жарысқа киетін киімі арқылы жарнамалауға рұқсат бар.
- Құмар ойынға тәуелділіктен емдеу мен алдын алуға арналған орталықтарды дамытуға мемлекеттен бөлінетін қаржы көлемі арттырылды.
- Онлайн ойындар заңмен реттелді.  Шетелдік онлайн-казино мен букмекерлік кеңселерге тыйым салынды.
- Ойын бизнесінің кәсіпорындары ойыншыларды қолдап, ақпараттық-кеңес беруге міндеттелді.
Наурыз айының ортасында  қазақстандықтарға құмар ойын мен бәстен өзін -өзі шектеудің онлайн қызметі пилоттық режимде іске қосылған болатын. Айналдырған бір аптаның ішінде 10 мың адам осы қызметті пайдаланып, өзін шектеу туралы шешім қабылдаған.
       Қазақстандағы лудомандардың ортақ бет-бейнесі де әлі беймәлім. Бұған бір жағынан аталмыш жаман әдеттің жаппай таралуы кедергі болып отыр. Ойын бизнесі ұсынатын қызметтің әр түрін еңкейген қарттан мектеп қабырғасындағы оқушыға дейін пайдаланып жүр.  Психологтар 14-18 жас арасындағы өспірімдердің құмар ойынға айналасындағы достарының әсерінен, гаджеттерде самсап тұратын жарнамалардың кесірінен душар болатынын айтады. Дегенмен баланың бұл ойындарға құмарлығы өмірдегі, отбасындағы басқа қиындықтар кезінде үдейтін көрінеді.

Лудомания жас талғамайды

 Ал 18-30 жас арасындағы адамдардың ортасында спорт жарыстары кезінде бәс тігу сәнге айналған. Бұл санаттағы жастар «артылған ақшасын» онлайн казиноға салуға құмар келеді. Бұл жастағы азаматтардың көбі отбасын құрмаған немесе жас отбасы иесі болғандықтан мойындағы жауапкершілікті сезінбей, аз уақыттың ішінде көп пайда табуға әуес келеді.

30 бен 50 жас арасындағылар отбасы мен жұмыстағы күйзелістерден бір сәт арылу үшін ұтысқа салынып жатады. Бұлардың арасында тұрмысы жолға қойылған, тұрақты табысы бар адамдар да жиі кездеседі. Мұны психологтар «комфорт аясының кері салдары» деп түсіндіреді. 

50-ден жоғары жастағылардың арасында зейнет жасындағылардың да лудоманияға ұшырау фактілері тіркеле бастаған. Мамандар оның себебін жалғыздықтан көреді. Қазақ қоғамы кейінгі 20 жылда жаппай қалаға көшкенін ескерсек, отбасындағы ата мен әже институтының қала жағдайына сай  бейімделуі қарттарды жалғыздыққа душар еткені жасырын емес.

 Ойын құмарлық – қымбат дерт

 Ойын бизнесі табысты екенін айттық. Ал лудоманиядан емдеу қызметі қаншалықты табысты? Бұл туралы ресми статистика жүргізілмейді. Бізге тек қандай ресми клиникалар бар екені белгілі.

 Олар:

- Астана қаласындағы республикалық психикалық денсаулық орталығы;

- Алматы қаласындағы психикалық денсаулық орталығы;

- Шымкент қаласындағы психикалық денсаулық орталығы;

- Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Тараз, Өскемен қалаларындағы тәуелділіктен арылту орталықтары.

Бұл орталықтарда лудоманиядан емдеудің бірнеше тәсілі қолданылады. Нақтырақ айтсақ, психотерапия, дәрі-дәрмекпен емдеу, топтық терапия, отбасы терапиясы.

Мемлекеттік орталықтар негізінен дертке душар адамдарды тегін емдейді. Бірақ ондай орталыққа бір жатып шыққан адам ресми есепке алынады дейтін үрей келешегіне, мансабына алаңдаған адамдардың өздігінен емделуіне кедергі.

Ал жеке меншік клиникалардың қызметі әжептәуір қымбат. Жеке психикалық-терапиялық  орталықтар мен оңалту мекемелерінің жарнамасына зер салсаңыз, емделу шығындары  50 мың теңге мен 200 мың теңгенің арасында  болатыны айтылады. Өйткені ем нәтижелі болу үшін 3 айдан 6 айға дейін клиникада қамап емдеу тәсілі жиі қолданылады. Өзінің лудоманияға шалдыққанын іштей мойындай білген адамдар түрлі сауалнамаларда әсіресе бәс тігуден, онлайн казино ойындарынан, покер мен рулетканың тәуелділігінен зардап шекенін айтқан.