Валюта бағамы
  • USD -

    518.5
  • EUR -

    600.5
  • RUB -

    6.63
Ұлттық банк ақша аударымдарына қатысты схеманы түсіндірді
Фото: ашық көзден 25 қараша 2025
Ұлттық банк ақша аударымдарына қатысты схеманы түсіндірді

Ұлттық банк "қате аударымдарға" қатысты алаяқтық оқиғалар жиілеп кеткенін ескертеді.

ҰБ мәліметінше, көп таралған схемалардың бірі – ақша түскені туралы жалған хабарлама жіберу. Ондай кезде банк шотына түскен ақша сомасы туралы SMS-хабарлама келеді.

"Кейін ол адамға қаскөйлер қоңырау шалып, өзін ақша аударған адам ретінде таныстырады да, "қателесіп аударыппын" деген сылтаумен түскен ақшаны кері қайтаруды сұрайды. Бірақ, көбіне мұндай хабарламалар жалған болып шығады", - делінген хабарламада.

Осындай хабарлама немесе қоңырау келген кезде ақшаның қайдан түскенін банктің ресми мобильді қосымшасы немесе интернет-банкинг арқылы тексеріп алған абзал. Белгісіз нөмірден келген SMS-хабарламаға сақ болып, күдікті сілтемеге өтпеу керек.

 
 
 
 

Алаяқтық схеманың тағы бір түрі бар. Ол жағдайда қаскөйлер белгілі бір азаматтың шотына шын ақша аударады.

Кейін олар ақша аударған адам болып қоңырау шалып, "қателесіп аударғанын" айтады да, түскен ақшаны басқа шотқа аударуды сұрайды. Әңгіме кезінде психологиялық қысым (мысалы, ақша баланың еміне керек екенін айтып) көрсетуі немесе құқық қорғау органдарына, болмаса, сотқа шағымданатынын айтып, қорқытуы мүмкін.

"Ұлттық банк осындай оқиғаға тап болған жағдайда немесе белгісіз біреулерден ақша түскенде үшінші тараптың шотына ақша аударудан сақ болуға шақырады. Өзге адамнан түскен ақшаны қайтару үшін дереу банкке хабарласқан дұрыс. Қажет болса, тиісті өтінішті тапсыру үшін банктің ең жақын бөлімшесіне бару керек", - дейді мамандар.

Еске сала кетейік, Ұлттық Банк қызметкерлері аудио және видеоқоңырау шалмайды, жекетұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, түрлі инвестициялық қорлар мен қаржы өнімдерінеқаржы салымдарын ұсынбайды, ақша құралдарын сақтандырумен айналыспайды, халықпен де ақшалай есеп айырыспайды.

"Егер алаяқтық әрекетке тап болсаңыз, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына арыз түсіруге кеңес береміз. Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөміріне қоңырау шалып, Ұлттық банктің Байланыс орталығына хабарласуға болады".

RELATED NEWS
Павлодарда туысқан қарындасын зорлаған жеткіншек 10 жылға сотталды
26 наурыз 2025
Павлодарда туысқан қарындасын зорлаған жеткіншек 10 жылға сотталды
 

Былтыр жазда Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы ауылдардың бірінде туысқан ағасы зорлап, артынан жүкті болған қыз босанған еді. Бүгін Павлодар облысында осы іске қатысты сот өтті, деп хабарлайды Ulys.

Күдікті болған 17 жастағы бала кәмелет жасына толмағандықтан, сот оны 10 жылға бас бостандығынан айырды. Соттың бүгінгі шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.

Жазда оқушы қыздың босанғаны белгілі болған соң Павлодао облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова 12 жасар қыздың ауылына барған. Қыз бала отбасымен Павлодар облысы Шарбақты ауданы Галкино ауылында өмір сүріп жатыр. Атажұртқа көшіп келген қандастарды Қазақстанға ерте көшіп келген туыстары осы ауылға қоныстандырған көрінеді.

Вьетнамнан демалып келген қазақстандық әуежайға қонған бетте қамауға алынды
20 тамыз 2025
Вьетнамнан демалып келген қазақстандық әуежайға қонған бетте қамауға алынды
 

Астана халықаралық әуежайында Камрань – Астана рейсімен келген 30 жастағы елорда тұрғыны мас күйінде ұшақта жанжал шығарғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Ulys.

Мәліметке сүйенсек, ер адам рейс кезінде айғайлап, бейәдеп сөздер айтқан және экипаждың заңды талаптарына бағынбаған. Оқиғаға байланысты көліктегі полиция қызметкерлері оны ұшақтан түсіріп, әкімшілік хаттама толтырды.

Сот қаулысымен тәртіп бұзушы 5 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар ол қоғамдық орында мас күйде жүру, спирттік ішімдік ішу және әуе кемесіндегі тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көліктегі полиция департаменті азаматтарға қоғамдық орындарда, әсіресе әуе рейстерінде тәртіп сақтаудың маңыздылығын ескертеді.

Ақмола облысында әжесі немересін өлтіріп, денесін үйдің ауласында көмген
04 наурыз 2025
Ақмола облысында әжесі немересін өлтіріп, денесін үйдің ауласында көмген

Ақмола облысының Щучинск қаласында асырап алынған баланың өліміне байланысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulys.

HALYQSTAN хабарлауынша, бес жылға жуық уақыт бойы жан түршігерлік қылмыстың іздері жасырулы болып келген. Бұл атышулы іс бойынша бала асырап алған анасы мен әжесі сот алдында жауап берді.

Бес жасар баланың денесі үйдің бақшасына жерленген, ал бұл сұмдық оқиға тек өткен көктемде ғана анықталды. Қылмыстың беті күтпеген қателіктің арқасында ашылған.

Асырап алған анасы басқа баласын денесі  көгеріп жүргендіктен ауруханаға алып келген, алайда құжаттарды шатастырып алған. Кейінірек оның төрт жыл бойы қайтыс болған балаға тиесілі туу туралы куәлікті қолданып жүргені анықталды.

Басты күдікті 65 жастағы әжесі бірден қамауға алынса, 29 жастағы асырап алған анасы да уақытша ұстау изоляторына жіберілді.

Сот жабық есік жағдайында өтіп, үкім шықты. Баланың әжесі – 21 жылға, өгей анасы 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.