Валюта бағамы
  • USD -

    512.7
  • EUR -

    582
  • RUB -

    6.41
Үкімет салық туралы ұсыныстарын 20 ақпанға дейін Мәжіліске ұсынбақ
Фото: ҚР Үкіметі 11 ақпан 2025
Үкімет салық туралы ұсыныстарын 20 ақпанға дейін Мәжіліске ұсынбақ

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Салық реформасы мәселесі қаралды. Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде салық реформасын кәсіпкерлермен, депутаттармен және сарапшылармен бірге талқылауды тапсырды.

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. 

Оның айтуынша, әкімшілендіруді жеңілдету үшін нақты мөлшерлеме құрылымы (16%, 10%, 0% және босату) енгізіледі. ҚҚС мөлшерлемесін 16%-ға дейін арттыру ұсынылып отыр, бұл бюджеттің мұнай кірістеріне тәуелділігін азайтып, қосымша қаражатты басым жобаларға бағыттауға мүмкіндік береді. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін ҚҚС төлеуден босату енгізіледі, бұл олардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Денсаулық сақтау саласына да 10% төмендетілген мөлшерлеме ұсынылып отыр, бірақ оны басқа салаларға да кеңейту мүмкіндігі талқылануда. 

Сонымен қатар ҚҚС бойынша есепке қою шегі 80 млн теңгеден 15 млн теңгеге дейін төмендетіледі, бұл бизнесті жасанды бөлшектенуімен күресуге және барлық компанияға тең жағдай жасауға мүмкіндік береді. Бөлшек салық режимі қайта қаралуда, жұмысшылар саны бойынша шектеулер алынып тасталады, ал іске асыру B2C сегментімен шектеледі. Салық түсімдерінің күтілетін өсу көлемі – жыл сайын 4-5 трлн теңге. Бұл Ұлттық қорға тәуелділікті және мемлекеттік қарызды азайтуға, инфрақұрылым мен өнеркәсіпке қаражат бөлуге көмектеседі. Ықтимал инфляциялық әсер қысқамерзімді болады және 2,5–3% деңгейінде бағаланады.

Ұсынылған тәсілдер «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуде талқыланды. 

«Жалпы ұсыныстарды қолдаймыз. Осы аптада өңірлерге  барып, халықтың барлық санатымен егжей-тегжейлі талқылау жүргізу керек. Мен де Астанадағы  және өңірлердегі бизнес өкілдерімен талқылаулар өткіземін. Осы жұмыстардың нәтижесі бойынша 20 ақпанға дейін Салық кодексінің жобасы мен ілеспе заң жобасына түзетулерді Мәжіліске енгізу керек. Әрі қарай Мәжілісте талқылауды жалғастырамыз», — деп атап өтті Премьер-министр.

RELATED NEWS
Азық-түлік дүкендері қосылған құн салғынан босатылмақ
09 сәуір 2025
Азық-түлік дүкендері қосылған құн салғынан босатылмақ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қандай қызметтер мен тауарлар қосылған құн салығынан босатылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Ulys.

Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

«Әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында Үкімет қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектің әлеуметтік тізімін айқындайды. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болады. Әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы 2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10% болады. Ал банк операцияларына қосылған құн салығы салынады. Олардың қымбаттауына жол бермеу үшін Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп қазіргі бағалардың дұрыстығына талдау жүргізеді», - деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар, арнаулы салық режимі бойынша рұқсат етілген тізім емес, тыйым салынған тізім енгізіледі. Тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі.

Жұманғарин ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бәрі өзгеріссіз қалатынын атап өтті. Яғни, 70% жеңілдік қалады. Ал өңдеу өнеркәсібіне корпоративтік табыс салығының 20% мөлшерлемесі бойынша салық салынады.

ҚҚС көтеру: Үкімет Мәжіліске 20 ақпанға дейін ұсыныс енгізеді
06 ақпан 2025
ҚҚС көтеру: Үкімет Мәжіліске 20 ақпанға дейін ұсыныс енгізеді

Бүгін Сенат қабырғасында вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосымша құн салығын көбейту туралы ұсынысты Мәжіліске 20 ақпанға дейін енгізетінін айтты, деп хабарлайды Ulys

Жобаны 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізуіміз керек. Қазір Мәжілісте Салық кодексіне толықтырулар енгізу туралы заң жобасы жатыр. Соған қосымша ретінде біздің түзетулер енеді, - деп мәлім етті ол.

Қазақстанда 2,3 мыңнан астам ғылыми жоба қаржыландырылады 
11 наурыз 2025
Қазақстанда 2,3 мыңнан астам ғылыми жоба қаржыландырылады 

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек республиканың ғылыми әлеуеті туралы баяндады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол бүгінгі таңда еліміздің ғылыми әлеуеті – 25,5 мың ғалымды құрайтынын, оның 46%-ы 40 жасқа дейінгі мамандар екенін атап өтті. Ғылым саласында 425 ұйым жұмыс істейді.

«Енді гранттық конкурстар жыл сайын өткізіледі, бұрын 3 жылда бір өкізілетін. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау тетіктері кеңейтілді: постдокторанттар мен жас ғалымдарға гранттар, әзірлемелерді коммерцияландыруды қаржыландыру, іргелі институттарды тікелей қаржыландыру, шетелдік тағылымдамалар және мега-гранттар енгізілді. Қазіргі уақытта 264 ғылыми-техникалық бағдарлама, 2,3 мыңнан аса ғылыми жоба және 208 коммерцияландыру жобасы қаржыландырылуда. 1,4 мыңнан астам ғалым шетелде ғылыми тағылымдамадан өтті»,

 — деді Саясат Нұрбек.

Министр жас ғалымдарға арналған гранттар конкурстарының арқасында 2 мыңнан астам зерттеуші 835 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік алғанын айтты. 

 

 

 

 

Министр добавил, что благодаря конкурсам грантов для молодых ученых более 2 тыс. исследователей получили возможность реализовать 835 проектов.  

 

📱 @KZgovernment

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.