Қазақстанда қосымша құн салығын төлейтін компанияларды тіркеуге алудың шегі 78 млн теңге. Бүгін вице-премьер, Ұлттық экономика министрі ол шекті 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды Ulys.
Оның айтуынша, елімізде тіркелген 2,3 млн салық төлеушінің тек 137 мыңы ғана қосымша құн салығын төлейді.
«Бұл жалпы салық төлеушілердің тек алты пайызы ғана. Оның бірден бір себебі – қосымша құн салығын төлеудің шегі өте биік, 78 млн теңге. Сондықтан, бірінші кезекте біз осы шекті 15 млн теңгеге дейін төмендетуді ұсынамыз», - деді Серік Жұманғарин.