Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде өткен жекпе-жекте ирландиялық Иан Мачадо Гэрриді жеңді, деп хабарлайды Ulys.
Спорттық жекпе-жек АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында орналасқан T-Mobile Arenaстадионында өтті. Бұл жеңіс Рахмоновтың UFC ұйымындағы жетінші, ал жалпы мансабындағы 19-жеңісі. Сонымен қатар бұл Иан Гэрридің кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісі.
Жекпе-жек бес раундқа созылды. Бес раундтан кейін судьялар бірауыздан жеңісті Шавкат Рахмоновқа берді.