Валюта бағамы
  • USD -

    531.5
  • EUR -

    552
  • RUB -

    5.07
Түркіменстанмен 5 күндік визасыз режим енгізу мәселесі талқыланады  –  әкім
Фото: ortcom.kz 20 желтоқсан 2024
Түркіменстанмен 5 күндік визасыз режим енгізу мәселесі талқыланады – әкім

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы виза алу мәселесінде қиыншылықтар бар екенін айтты, деп хабарлайды Ulys.

Әкімнің айтуынша Маңғыстау облысының Түрікменстанмен шекаралас жатқанын және екі ел арасындағы азаматтардың шекараны кесіп өтудегі қиыншылықтарды шешу бағытында Қазақстан президентінің бастамасымен тиісті жұмыстар жасалып жатыр.

«Екі бауырлас ел арасында шекарадан өтудегі қиыншылықтар бар. Көптеген адамдар Түркіменстанда жатқан ата-бабаларының жатқан жеріне бара алмай жатады. Көптеген қандастарымыз сол жақта. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа барған соңғы сапарында Түркіменстан президенті алдында осы мәселені көтерді. Мемлекет басшысының ұсынысынан кейін осы бағытта арнайы жұмыстар қолға алынды. Сыртқы істер министрлігі Түркіменстан шекарасынан азаматтардың өтуін жеңдету бойынша жұмыс тәртібінде жұмыстар жүргізуге ұсыныс жасады. Алдағы уақытта  осы мәселемен Түркіменстанға барғымыз келеді. Ондағы мақсат – Түркіменстанмен 5 күндік визасыз режим енгізу мәселесін көтеру», - деді әкім.

 

RELATED NEWS
Қазақстанда тек шетел азаматтарына арналған казино ашылмақ
20 желтоқсан 2024
Қазақстанда тек шетел азаматтарына арналған казино ашылмақ

Маңғыстау облысында тек шетел азаматтарына арналған казино ашылмақ. Бұл туралы аталған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Ulys.

Әкімнің айтуынша казиноға Қазақстан азаматтарының баруына тыйым салынатын болады.

-  Ойынханаға адамдар тек шетелдік төлқұжатпен кіре алады, яғни шетелдіктер ғана бара алады. Мұндай тәжірибе әлемде бар. Мысалы, жалақы алып, сосын ойынханаға барып ұтылып қалдыңыз, әрине ренішті. Бұл кімге керек? Біздің мақсат шетелден келетін адам Қазақстан экономикасына ақша қалдырып кетуі керек, — деді Нұрдәулет Қилыбай.

 

 

Талдықорған тұрғындар үшін жайлы қала болмақ
26 желтоқсан 2024
Талдықорған тұрғындар үшін жайлы қала болмақ

Жетісуда соңғы екі жыл ішінде облыс бюджетінің басым бөлігі аудандардағы ауыл халқының тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыруға бағытталды. Бұл туралы бүгін Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуі кезінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев мәлімдеді,  деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Енді алдағы екі жылда облыс орталығын дамытуға ерекше көңіл бөлінетін болады. Осыған байланысты 2025-2026 жылдарға қала бюджетін орта есеппен 30%-ға ұлғайту жоспарланып отыр. 

Облыс әкімі өз баяндамасында қала басшылығына қысқа мерзімде алдағы екі жылға арналған кешенді даму жоспарын бекітуді тапсырды.

- Ең алдымен тұрғын үй құрылысына, инженерлік инфрақұрылымды жаңғыртуға, соның ішінде жылу, сумен жабдықтау, су бұру, газбен жабдықтау желілеріне және жол құрылысына басты назар аударылуы тиіс. Сондай-ақ, аулаларды абаттандыру, тұрғын үйлердің қасбеттері мен шатырларын жаңарту, көшелерді жарықтандыру жұмыстарын жалғастыру қажет. Жалпы Талдықорғанды тұрғындар үшін жайлы, әрі қолайлы қалаға айналдыруымыз керек. Әсіресе қаланың шеткі аймақтарында тұратын азаматтар заманға сай, жайлы тұрмыс жағдайларын сезінуі тиіс, - деді Б. Исабаев.

Маңғыстаудағы ауыз су мәселесі: Ауылдарда  шағын зауыттар салынып жатыр
27 желтоқсан 2024
Маңғыстаудағы ауыз су мәселесі: Ауылдарда шағын зауыттар салынып жатыр

Маңғыстау облысында ауызсу мәселесі әлі де түйінді болып қалуда. Әзіресе жаз мезгілінде ауыз су тапшылығы тұрғындарды әуреге салып жатады. Президенттің тапсырмасымен аталған мәселені кезең-кезеңмен шешу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Маңғыстау облысында ауыз су мәселесін шешу бағытында 10 жоба іске асуда.

 2025 жылға дейін жалпы су тұщыту қуаты қуаты 140,5 мың текше метрді құрайтын 10 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде: Қаражанбас кен орнында тәулігіне 17 мың текше метр су тұщыту зауыты іске қосылды. Нәтижесінде «Астрахан - Маңғыстау» су құбырынан босаған 15 мың текше метр ауыз су Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Жетібай ауылдары тұрғындарының игілігіне пайдаланылуда.

«Каспий» су тұщыту зауытының қуатын 40 мың текше метрге дейін жеткізудің 2-ші кезеңі бойынша жұмыстар жалғасуда. Биыл жыл аяғына дейін бұл жұмыстарды толықтай аяқтау көзделіп отыр.

Ақтау қаласында жеке инвестор есебінен қуаттылығы тәулігіне 7 000 текше метр су тұщыту зауытын салу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда зауыт тәулігіне 5 мың текше метр ауыз су беріп отыр.

Сайын Шапағатов ауылында жеке инвестор тарапынан қуаттылығы тәулінгіне 6500 текше метр су тұщыту қондырғысы орнатылды. Бүгінгі күні қондырғы 4000 мшекше метр ауыз су өндіріп, Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылдарын ауыз сумен қастамасыз етіп отыр.

Қондырғының қуаты алдағы уақытта арттырылатын болады.

 «Биыл Форт-Шевченко қаласында тәулігіне 5 мың текше метр, «МАЭК» аумағында 24 мың текше метр және Кендірлі аймағында 50 мың текше метр су тұщыту қондырғыларын салу жұмыстары басталды. Зауыт құрылысы «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда және аталған жобаларды 2025 жылға дейін аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтын боламыз»,- деді жуырда ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Су ресурстарының баламалы көздерінің бірі – Ақтау қаласынан 43 шақырымда орналасқан «Құйылыс» кен орны. Бүгінде құбыр толығымен ескірген. Сондықтан осы кен орнының суын игеру үшін «Каспий» су тұщыту зауытына дейін су құбыры жаңартылуда екен.

«Каспий» су тұщыту зауытын жаңғырту жұмыстарына жауапты мердігер мекеме - «Каспиан Конструкторс Траст» компаниясы. 

Мердігер мекеменің жұмысты кешеуілдетуіне байланысты, қондырғыны іске қосуда іркіліс болды. Мердігер компания басшылары қараша айының соңына дейін 10 000 текше метрлік қондырғыны іске қосуға уәде беріп отыр. 

Жалпы зауытты модернизациялау жұмыстары үш жылдан бері жүргізілуде. Жоба бойынша зауыттың өндірістің қуатын 40 000 м3-қа дейін арттыру көзделген.

-Технологиялық тәртіпке сәйкес, қондырғыларды іске қосқаннан кейін, он күндей су дайындалады. Оның ішінде қосу-реттеу және залалсыздандыру жұмыстары бар. Бекітілген жоспарға сәйкес, қалаға 20 қараша күні бірінші 5000 м3 су беріледі. Ал қараша айының соңына дейін зауыт қондырғы арқылы 10 000 м3-қа жуық суды беруді жоспарланып отыр, - деді «Каспий» су тұщыту зауыты ЖШС директоры Серік Гусман.

Сондай-ақ, Ақтауда Құйылыс кен орнынан «Каспий» су тұщыту зауытына дейінгі ұзындығы 47 шақырым су құбыры салынуда. Мердігер мекеме – «Алъянс ЛТД» ЖШС. Құрылыс жұмыстарына 15 арнайы техника және 32 қызметкер жұмылдырылды. Аталған жоба қаладағы ауыз су жетіспеушілігі мәселесінің реттелуіне септігін тигізеді.

-Құйылыс кен орнынан «Каспий» су тұщыту зауытына дейінгі ұзындығы 47 шақырым, диаметрлері 900 мм құрайтын су құбыры салынуда. Жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін, жартылай учаскесінде құбырды сумен толтыруға қоятын боламыз, - деді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы Анвар Туляков.

Бұдан бөлек Қарақияда су тұщыту зауытының құрылысы жүріп жатыр. Қарақия ауданы прокуратурасының қадағалау актісі негізінде аудан әкімдігімен инвесторға, яғни «Алека» ЖШС-не тәулігіне 5000 м³ ауыз су өндіретін зауытын салу мақсатында Құрық ауылында 5 га жер учаскесі берілген.

Маңғыстау облысының прокуратурасының хабарлауынша, қазіргі таңда «Су тұшыту» зауытының 20 ұңғымасы қазылып, судың тұздылығын тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұған дейін, ауыл тұрғындарын Ақтау қаласында орналасқан «Каспий» су тұщыту зауыты» ЖШС ауыз сумен қамтамасыз етіп келген. Мамандар алдағы уақытта мәселе толық шешімін табады деп отыр. Жалпы б
ұл жұмыстар Мемлекет басшысының жіті бақылауында тұр.

 

 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.