Валюта бағамы
  • USD -

    503.5
  • EUR -

    527.5
  • RUB -

    5.43
ТҮРКИЯНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ ТҮРКІ КЕҢЕСІНЕ БАРДЫ
15 мамыр 2019
ТҮРКИЯНЫҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ ТҮРКІ КЕҢЕСІНЕ БАРДЫ

Түркияның сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлы Түркі Кеңесінің Ыстамбұлдағы штап-пәтерінде болды.  Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен арада  халықаралық және аймақтық мәселелерге қатысты, сонымен қатар, түркі әлемінің күн тәртібіндегі тақырыптарға байланысты әңгіме өрбіді. Бұның сыртында тараптар Түркі Кеңесінің қазіргі жасап жатқан жұмыстары мен осы жылдың қазан айында Әзірбайжанда өтетін Түркі Кеңесіне мүше елдердің мемлекет басшыларының VII саммитіне қатысты да ойларын ортаға салды. Екеуара кездесуде  ұйымның реформасы барысы мен түркітілдес елдердің ортақ инвестиция қоры мен ортақ сауда палатасына қатысты экономикалық жұмыстардың ахуалы да айтылды. Сондай-ақ тараптар Будапештте ашылуы жоспарланған  Түркі Кеңесі өкілдігі жайы мен мүше емес елдердің халықаралық ұйымдармен байланысы сынды өзге де тақырыптарда пікір алысты.

 

RELATED NEWS
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда
15 мамыр 2024
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда

Түркияда мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Осыған байланысты ел президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның барлау және Әділет министрлігінің басшыларымен шұғыл отырыс өткізді, деп хабарлайды Ulys түркиялық басылымдарға сілтеме жасап.

Түрік ұлтшылдарының жетекшісі Девлет Бахчели2016 жылдың шілдесінде елді дүрліктірген мемлекеттік төңкеріс қайталануы мүмкін екенін ескертті.

Бір күн бұрын Анкара Бас прокуратурасы "Айхан Бора Каплан" қылмыстық ұйымына қатысы бар деген күдікпен  үш полицейге қатысты тергеу бастады. Олардың үйлерінде тінту жүргізілді.

Türkiye газеті өз кезегінде "Айхан Бора Каплан" ұйымымен байланыста болды деп айыпталған Анкара қауіпсіздік басқармасында бірқатар полиция қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуына байланысты Түркияда үлкен қарсылық көрсетілгенін жазады. Олардың үйлерінде цифрлық материалдарды алу мақсатында тінту жүргізілді.

"Президент Ердоған Әділет министрі Йылмаз Тунджмен және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрагим Калынмен Бахчелидің мәлімдемесінен кейін Мемлекет басшысының резиденциясында шұғыл түнгі отырыс өткізді", — деп жазады Türkiye.

Ердоған ел Парламентінде сөз сөйлейді деп күтілуде.

Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды
24 қазан 2024
Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды

Кеше кешкісін Түркия Анкарадағы TUSAŞ аэроғарыш компаниясы штаб-пәтерінің маңында қатты жарылыс болған. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады. 

Түркия ІІМ жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар барын айтады. Ал ел билігі оқиғаны "теракт" деп атады. 

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая хабарлауынша,  теракт салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 22 адам жарақат алғаны айтылған.

Шабуылды жасаған екі лаңкес өлтірілді. Лаңкестердің бірі әйел.

ЕРДОҒАН МЕН ГУТТЕРИШ УКРАИНАҒА ТАРАПТАРДЫ  ТАТУЛАСТЫРУ ҮШІН КЕЛДІ
17 тамыз 2022
ЕРДОҒАН МЕН ГУТТЕРИШ УКРАИНАҒА ТАРАПТАРДЫ  ТАТУЛАСТЫРУ ҮШІН КЕЛДІ

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гуттериш Украинаға келді.

Бүгін олар Украина президенті Володимир Зеленскиймен бірге үшжақты кеңес өткізеді. Аталған жиында орыс-украин соғысының дипломатиялық жолмен бітуіне ықпал ету, Украина астығын әлемдік нарыққа шығаруға қатысты жасалған тетіктерді күшейту, сондай-ақ қауіпті жағдайда тұрған Запорожье атом электр стансасының мәселесі талқыланбақ.

Зеленскийдің шақыруын қабыл алып келген Гуттериш ертең  Одесса қаласына барып, келесі күні Ысанбұлға табан тірейді.

Екі әлемдік саясаткердің тараптарды татуластыру талпынысынан жемісті нәтиже күту өте қиын... Тек соңғы екі мәселенің оңалуына ықпал етсе де үлкен олжа болар еді.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.