Түркияда заңсыз иммигранттармен күресу мақсатында елге кіретін барлық шетелдік азаматтың саусақ іздері алынады. Бұл туралы Түркия ІІМ басшысы Әли Ерлікая мәлімдеді, деп хабарлайды түркиялық Sabah сайты.
«Түркияға кірген кезде АҚШ пен Ұлыбританиядағыдай саусақ іздері алынады», - делінген басылымда.
Алайда, бұл өзгеріс қашаннан бастап іске қосылатыны белгісіз.