Валюта бағамы
  • USD -

    496.5
  • EUR -

    525
  • RUB -

    5.03
Түркі тілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің төтенше саммиті өтті
10 сәуір 2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында «СОVID-19 пандемиясымен күресудегі ниеттестік және ынтымақтастық» тақырыбында өткен Түркі тілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің (ТТМЫК) төтенше саммитіне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Жиынның күнтәртібінде ұлттық деңгейде қабылданатын шаралар бойынша тәжірибе алмасу, сауда және транзит-көліктік байланыстардың үзіліп қалмауын қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты күшейту және ТТМЫК-ға қатысушы елдердегі азаматтарға өзара көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан бөлек шараға ТТМЫК-ға мүше мемлекеттердің басшылары – Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Түркия Президенті Реджеп Таийп Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, шағырылған қонақ ретінде Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, сондай-ақ Түркі кеңесіне бақылаушы мәртебесіне ие Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус қатысты.

Мемлекет басшысы шараға қатысушыларға арнаған сөзінде осы төтенше саммитке бастамашы болғаны үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, Президент ТТМЫК көшбасшыларымен бірге байланысқа шыққан ДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуске алғыс айтып, жаһанға қатер төнген сын сағатта ол басқарып отырған Ұйымға әлем жұртшылығы құлақ асып, ерекше үміт артатынын айтты.

Қазақстан Президенттің айтуынша, бүгінгі таңда Түркі кеңесі толыққанды көпжақты алаңға айналып, ұйымның халықаралық беделі мен ықпалы артып, бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесінің төтенше саммиті дүниежүзіне коронавирус індеті тараған күрделі кезеңде өтіп жатқанына назар аударды. – Қазақта «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген мақал бар. Дәл осындай қиын-қыстау сәтте барлық мемлекеттер күш-жігерін жұмылдыруы тиіс. Біз де сол көштен қалмауымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, коронавирус пандемиясын ауыздықтау және оны еңсеру үшін жедел ақпарат алмасу, коронавирусқа қарсы іс-шаралар жүргізу, диагностика жасау және инновациялық емдеу тәсілдерін ойластыру, ғылыми ынтымақтастықты күшейту аса қажет.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы COVID-19 пандемиясы жағдайында еліміз үшін бауырлас мемлекеттердің азаматтарына барынша қолғабыс көрсететудің маңыздылығын айта келе, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қырғызстан мен Тәжікстанға (әр елге 5 мың тоннадан ұн беріледі) қолдау көрсетілетіні туралы айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті саммит қатысушыларын елімізде коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар, халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау және экономиканы ынталандыру туралы егжей-тегжей хабардар етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңдағы жаһандық дағдарысқа тойтарыс беру үшін ТТМЫК елдерінің басшыларын ортақ күш жұмылдыруға шақырып, бірқатар бастамаларға тоқталды. Біріншіден, Мемлекет басшысы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіріп, нақты шаралар қабылдау қажеттілігін аттап өтті.

"Бүгінде әлемнің барлық дамыған елдері вакцина дайындаумен айналысып жатыр. Меніңше, біздің де осы үрдіске барынша үлес қосуға мүмкіндігіміз бар. Жақында Қазақстанның ғылыми институттары коронавирусты анықтайтын диагностикалық тест жүйесін әзірледі. Біз осы тәжірибені бөлісуге дайынбыз", – деп мәлімдеді Қазақстан Президенті.

Екіншіден, Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда Түркі Кеңесінің Хатшылығымен әзірленіп жатқан, өткен жылы Ұйымның жетінші саммитінде Елбасы, Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Түркі келешегі – 2040» атты бағдарламасын еске салды. – Осы стратегиялық құжатты әзірлеу кезінде медицина саласына баса мән беру қажеттігіне назар аударғым келеді, — деді Президент. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті коронавирустың теріс салдары Түркі кеңесіне мүше елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарына кері әсерін тигізетінін айтып, оның алдын-алу үшін бірлескен «Іс-шаралар жоспарын» әзірлеуді ұсынды. – Бұл құжатта өзара сауданы және инвестицияны ынталандыру шаралары көрсетілуі тиіс. Бұл тұрғыда, Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының және Түркі инвестициялық қорының жұмысын жаңғыртсақ, бәрімізге тиімді болары анық, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Экономикалық ынтымақтастық саласын жалғастыра келе, Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі дағдарыстан кейін бүкіл әлем бойынша мүлдем басқа экономика қалыптасатыны туралы ой білдірді.

"Қазірдің өзінде экономика жедел түрде цифрлық платформаға көшірілуде. Халықаралық сарапшылардың болжамына сәйкес екі мың жиырма үшінші жылы әлемде электрондық коммерция нарығы 2,8 триллион долларға дейін өседі. Соған дайын болу – болашақта тұрақты дамудың және бәсекеге қабілетті болудың кепілі", — деді Президент. Сөз соңында Қазақстан Президенті коронавирус індетін еңсергеннен кейін ынтымақтастыққа жаңа серпін берудің жайын ойластыруды, халықтарымыздың қауіпсіздігі мен елдеріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын баянды ету үшін Түркі кеңесі елдерімен тізе қосып жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Бейнесаммит қорытысында мемлекеттер басшылары бірлескен Декларация қабылдады. 

RELATED NEWS
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ  БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
15 қазан 2019

Бүгін Бакуде өтіп жатқан түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің 7-ші отырысына қатысып жатқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев түркі мемлекеттерінің президенттерімен кездесті.   

elbasy.kz сайтының таратқан ақпараты бойынша, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Ердоғанмен кездескен. Кездесу барысында тараптар түркі әлемі елдері интеграциялық үдерісінің қазіргі жағдайы мен алдағы перспективаларын талқылаған. Сонымен қатар, олар аймақтық қауіпсіздікті және Еуразия құрлығы мемлекеттерінің тұрақты дамуын қамтамасыз ету мәселелері жөнінде пікір алмасқан. Ал  

Елбасы Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесуінде Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевтің басшылығымен қол жеткізілген Өзбекстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелеріне тоқталған. Сосын ол «Қазақстан мен Өзбекстан өте жақын және маңызды серіктес. Өзара тауар айналымы 2,5 миллиард долларға жетті. Бұған дейін мұндай көрсеткіштер болған емес. Бұл жақсы перспективаларға жол ашып отыр», – деп атап өткен. Ал өз кезегінде Шавкат Мирзиёев болса, екі елдің табысты ынтымақтастығына көбіне Қазақстанның Тұңғыш Президентінің салиқалы саясатының арқасында қол жеткізілгенін айтқан. Сондай-ақ, Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылы аясында өтіп жатқан іс-шаралардың орындалу барысына тоқталған. Ал Нұрсұлтан Назарбаев пен Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесуі барысында  Елбасы екі ел қатынастарының дамуындағы оң динамиканы атап өткен.

– Бұл менің Қазақстанның Тұңғыш Президенті мәртебесінде сіздерге алғаш келуім. Елімізде экономикалық даму бағдарламаларын жүзеге асыру және тәуелсіздікті нығайту жұмыстары жалғасуда. Біздің қарым-қатынасымыз қарқынды дамып жатыр. Қазір бізде ынтымақтастықты кеңейту үшін біраз мүмкіндік бар. Сауда көлемін арттыру маңызды. Біз тиісті логистиканы құрдық. Ертең Түркі кеңесінің отырысы өтеді. Мен Құрметті Төраға мәртебесін қуана қабылдадым, өйткені мемлекеттеріміздің арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға үлес қосуды жалғастырғым келеді, – деген Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде Ильхам Әлиев Елбасына Түркі кеңесінің отырысына келгені үшін алғыс білдірді және оның екіжақты қатынастарды нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

–  Қазақстанның Тұңғыш Президентін Әзербайжан жерінде қарсы алу біз үшін зор мәртебе. Сіз Әзербайжанның үлкен досысыз. Көптеген халықаралық мәселелер бойынша әрқашан біздің елімізді қолдадыңыз. Сіздің түркі тілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы үлесіңіз орасан. Мерейтойлық саммиттің Бакуде өтіп жатқанына біз өте қуаныштымыз, – деді Әзербайжан Республикасының Президенті. Сонымен қатар, Ильхам Әлиев Қазақстан астанасының салынуы Баку қаласының дамуына үлгі болғанын айтты.

– Мен Қазақстан астанасының тез өзгергенін байқадым. ЭКСПО көрмесін тамашалаған кезде құрылыстың ауқымы мен сәулеттік шеберлігіне риза болдым. Қазақстанның барлық жетістіктері Сіздің атыңызбен байланысты, – деді Әзербайжан Республикасының Президенті.

Ал Елбасы Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездескен кезде түркі интеграциясын одан әрі тереңдетудің ерекше маңыздылығы аталып өтті.

– Қазақстан түркі әлемінің барлық елдерімен серіктес. Мен Кеңестің көптеген институттарын құруға бастамашы болдым. Ең маңыздысы – елдеріміз арасындағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, – деді Елбасы.

Ал өз кезегінде Сооронбай Жээнбеков Қазақстанның Тұңғыш Президентінің түркі елдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін атап өтіп, Елбасының Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесінің құрметті төрағасы мәртебесіне ие болуымен құттықтаған.

Суреттер elbasy.kz  сайтынан алынды.

Түркі тілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің төтенше саммиті өтті
10 сәуір 2020
Түркі тілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің төтенше саммиті өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бейнеконференция форматында «СОVID-19 пандемиясымен күресудегі ниеттестік және ынтымақтастық» тақырыбында өткен Түркі тілдес мемлекеттері ынтымақтастық кеңесінің (ТТМЫК) төтенше саммитіне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Жиынның күнтәртібінде ұлттық деңгейде қабылданатын шаралар бойынша тәжірибе алмасу, сауда және транзит-көліктік байланыстардың үзіліп қалмауын қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты күшейту және ТТМЫК-ға қатысушы елдердегі азаматтарға өзара көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан бөлек шараға ТТМЫК-ға мүше мемлекеттердің басшылары – Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков, Түркия Президенті Реджеп Таийп Ердоған, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, шағырылған қонақ ретінде Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, сондай-ақ Түркі кеңесіне бақылаушы мәртебесіне ие Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбан және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус қатысты.

Мемлекет басшысы шараға қатысушыларға арнаған сөзінде осы төтенше саммитке бастамашы болғаны үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ, Президент ТТМЫК көшбасшыларымен бірге байланысқа шыққан ДСҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесуске алғыс айтып, жаһанға қатер төнген сын сағатта ол басқарып отырған Ұйымға әлем жұртшылығы құлақ асып, ерекше үміт артатынын айтты.

Қазақстан Президенттің айтуынша, бүгінгі таңда Түркі кеңесі толыққанды көпжақты алаңға айналып, ұйымның халықаралық беделі мен ықпалы артып, бауырлас елдер арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі кеңесінің төтенше саммиті дүниежүзіне коронавирус індеті тараған күрделі кезеңде өтіп жатқанына назар аударды. – Қазақта «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» деген мақал бар. Дәл осындай қиын-қыстау сәтте барлық мемлекеттер күш-жігерін жұмылдыруы тиіс. Біз де сол көштен қалмауымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымдауынша, коронавирус пандемиясын ауыздықтау және оны еңсеру үшін жедел ақпарат алмасу, коронавирусқа қарсы іс-шаралар жүргізу, диагностика жасау және инновациялық емдеу тәсілдерін ойластыру, ғылыми ынтымақтастықты күшейту аса қажет.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы COVID-19 пандемиясы жағдайында еліміз үшін бауырлас мемлекеттердің азаматтарына барынша қолғабыс көрсететудің маңыздылығын айта келе, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қырғызстан мен Тәжікстанға (әр елге 5 мың тоннадан ұн беріледі) қолдау көрсетілетіні туралы айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті саммит қатысушыларын елімізде коронавирус індетіне қарсы қабылданып жатқан шаралар, халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындау және экономиканы ынталандыру туралы егжей-тегжей хабардар етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңдағы жаһандық дағдарысқа тойтарыс беру үшін ТТМЫК елдерінің басшыларын ортақ күш жұмылдыруға шақырып, бірқатар бастамаларға тоқталды. Біріншіден, Мемлекет басшысы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін жетілдіріп, нақты шаралар қабылдау қажеттілігін аттап өтті.

"Бүгінде әлемнің барлық дамыған елдері вакцина дайындаумен айналысып жатыр. Меніңше, біздің де осы үрдіске барынша үлес қосуға мүмкіндігіміз бар. Жақында Қазақстанның ғылыми институттары коронавирусты анықтайтын диагностикалық тест жүйесін әзірледі. Біз осы тәжірибені бөлісуге дайынбыз", – деп мәлімдеді Қазақстан Президенті.

Екіншіден, Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда Түркі Кеңесінің Хатшылығымен әзірленіп жатқан, өткен жылы Ұйымның жетінші саммитінде Елбасы, Түркі кеңесінің Құрметті төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Түркі келешегі – 2040» атты бағдарламасын еске салды. – Осы стратегиялық құжатты әзірлеу кезінде медицина саласына баса мән беру қажеттігіне назар аударғым келеді, — деді Президент. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті коронавирустың теріс салдары Түркі кеңесіне мүше елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарына кері әсерін тигізетінін айтып, оның алдын-алу үшін бірлескен «Іс-шаралар жоспарын» әзірлеуді ұсынды. – Бұл құжатта өзара сауданы және инвестицияны ынталандыру шаралары көрсетілуі тиіс. Бұл тұрғыда, Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының және Түркі инвестициялық қорының жұмысын жаңғыртсақ, бәрімізге тиімді болары анық, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Экономикалық ынтымақтастық саласын жалғастыра келе, Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі дағдарыстан кейін бүкіл әлем бойынша мүлдем басқа экономика қалыптасатыны туралы ой білдірді.

"Қазірдің өзінде экономика жедел түрде цифрлық платформаға көшірілуде. Халықаралық сарапшылардың болжамына сәйкес екі мың жиырма үшінші жылы әлемде электрондық коммерция нарығы 2,8 триллион долларға дейін өседі. Соған дайын болу – болашақта тұрақты дамудың және бәсекеге қабілетті болудың кепілі", — деді Президент. Сөз соңында Қазақстан Президенті коронавирус індетін еңсергеннен кейін ынтымақтастыққа жаңа серпін берудің жайын ойластыруды, халықтарымыздың қауіпсіздігі мен елдеріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын баянды ету үшін Түркі кеңесі елдерімен тізе қосып жұмыс істеуге дайын екенін айтты.

Бейнесаммит қорытысында мемлекеттер басшылары бірлескен Декларация қабылдады. 

«ТҮРКІ КЕҢЕСІНІҢ» АТАУЫ «ТҮРКІТЕКТЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ» БОЛЫП ӨЗГЕРУІ МҮМКІН
15 қазан 2019
«ТҮРКІ КЕҢЕСІНІҢ» АТАУЫ «ТҮРКІТЕКТЕС МЕМЛЕКЕТТЕР ҰЙЫМЫ» БОЛЫП ӨЗГЕРУІ МҮМКІН

Бүгін Әзербайжанның астанасы Бакуде Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесіне (Түрік Кеңесі) мүше елдер басшыларының VII саммиті болып өтті

Жиынға Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев,  Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков, Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан, Түрікменстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары    Пурли Агамурадов пен Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев қатысты.

Алдымен саммитке қатысушылар бірге естелік суретке түсті. Сосын Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев саммитті салтанатты түрде ашып, алқалы басқосуға келгендерге өз разылығын білдірді. Одан соң сөз алған Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Түркі Кеңесінің төрағалығы Әзербайжанға өтетінін хабарлады. Іле-шала Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы, «Түркі Кеңесінің Құрметті Төрағасы» Нұрсұлтан Назарбаевқа «Түркі әлемінің жоғары орденін» тапсырды. Одан кейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев,  Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан, Түрікменстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Пурли Агамурадов пен Түркі Кеңесінің Бас хатшысы  Бағдад Әміреев сөз сөйледі. Бұдан кейін келесі саммитті Түркия Респубикасында өткізу туралы шешім қабылданды. Ары қарай құжаттарға қол қою рәсімдері жасалды. Соңында Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев Түркі Кеңесіне мүше елдер басшыларының VII саммитін қорытындылады. Айта кетерлігі, бұл жолы  Түркі Кеңесіне Өзбекстан республикасы  толыққанды мүше болды. Өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаев «Кеңестің құрамына Өзбекстанның мүше болуы – бүкіл түркі тілдес қауымдастық үшін тарихи әрі көптен күткен оқиға. Будапештте Түркі кеңесінің өкілдігін ашу - ынтымақтастықтың Еуропа векторын дамытуда ерекше маңызды»,-деді. Сосын ол «болашақта Кеңесіміздің атауын қайта қарауды ұсынамын. Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесін Ұйым деңгейіне дейін көтеруге болады деп санаймын. Осылайша, біздің құрылымды «Түркітектес мемлекеттер ұйымы» деп атауға болады», – деп ойын түйіндеді.

Суреттер president.az сайтынан алынды.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.