Валюта бағамы
  • USD -

    519.1
  • EUR -

    547.5
  • RUB -

    5.21
Түрікменстан президенті Ердоғанның ұлына сыйлық жасады
Фото: Хроники Туркменистана 29 қыркүйек 2024
Түрікменстан президенті Ердоғанның ұлына сыйлық жасады

Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен халық мәслахатының төрағасы Мәслахаты Гурбангулы Бердімұхамедов Тәуелсіздік күні қарсаңында Ашхабадқа келген шетелдік қонақтарды жеке қабылдады. Бұл туралы  Хроники Туркменистана  хабарлайды.

Атап айтқанда, Гурбангулы Бердімұхамедов Түрікменстандағы спорттың дамуын Түркия президентінің ұлы, Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының төрағасы Билал Ердоғанмен талқылады.

Мерекелік сыйлық ретінде Бердімұхамедов оған алабайдың екі күшігін сыйлады. Қонаққа Аркадак қаласы да көрсетілді.

RELATED NEWS
Қазақстан мен Түрікменстан серіктестікті тереңдету туралы декларация қабылдады
10 қазан 2024
Қазақстан мен Түрікменстан серіктестікті тереңдету туралы декларация қабылдады

Бүгін Түрікменстанға жасаған ресми сапары барысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы достықты нығайту және көпжақты стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы декларацияны қабылдады. Бұл туралы Ақорда жазды.

Сонымен қатар екі елдің делегация мүшелері үкіметаралық, ведомствоаралық және өңіраралық деңгейдегі мынадай құжаттарға қол қойды:

1. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы достықты нығайту және көпжақты стратегиялық серіктестікті тереңдетудің 2025 – 2027 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы;

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара қорғау және ынталандыру туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы көлік, логистика және транзит саласындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім;

4. 1997 жылғы 27 ақпанда жасалған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктерді автомобильмен халықаралық тасымалдау туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама;

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы қылмысқа қарсы күрес бойынша ынтымақтастық туралы келісім;

6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түрікменстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы өсімдіктер карантині саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

7. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен Түрікменстанның Мәдениет министрлігі арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;

8. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Түрікменстанның Министрлер кабинеті жанындағы Бас архив басқармасы арасындағы архив ісі бойынша ынтымақтастық туралы келісім;

9. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Түрікменстанның Қаржы және экономика министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

10. Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Түркіменстанның Министрлер кабинеті жанындағы Көлік және коммуникация агенттігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІКМЕНСТАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
23 тамыз 2019
ҚАЗАҚСТАН-ТҮРІКМЕНСТАН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде аталған ведомствосының басшысы Бейбіт Атамқұловтың Орталық Азия СІМ басшылары мен АҚШ өкілінің «С5+1» форматындағы кездесуіне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Түрікменстан Министрлер кабинеті Төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен келіссөз өтті.

Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған дерек бойынша, кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің айтарлықтай әлеуетін атап өтті. Өзара сауданы арттыру перспективалары, сондай-ақ транзиттік-көлік және энергетика салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері нақты қаралды. Оған қоса жоғары деңгейдегі алдағы кездесулердің кестесі талқыланды.

Қазақстан СІМ басшысы түрікмен әріптесін 2019 жылы 12 тамызда Түрікменбашы қаласында өткен алғашқы Каспий экономикалық форумының табысты өтуімен құттықтады. Форум өткен жылдың 12 тамызында Ақтаудағы Каспий маңы мемлекеттері басшыларының 5-ші саммитінің маңызды қорытындыларының тағы бір дәлелі болды, оның барысында Каспий өңірі мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастың жаңа бетін ашқан Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы тарихи Конвенцияға қол қойылды.

Өз кезегінде Р. Мередов қазақстандық әріптесін «С5+1» форматындағы кездесудің сәтті өтуімен құттықтап, халықаралық және аймақтық ұйымдар аясында Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы сындарлы өзара іс-қимылды атап өтті.

 

Суреттер http://mfa.gov.kz сайтынан алынды.

Достығымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі бар - Тоқаев
11 қазан 2024
Достығымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі бар - Тоқаев

Мемлекет басшысы Түрікменстанға ресми сапары аясында түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай өткен «Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі» атты халықаралық форумға қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Президент өз сөзінде Мақтымқұлының күллі шығыс жұртына ортақ ұлы ойшыл, түрікмен классикалық әдебиетінің негізін қалаған бірегей тұлға екенін атап өтті. 

– Мақтымқұлы Пырағы – әлем руханиятында орны бар тарихи тұлға. Сондықтан ЮНЕСКО ақын мұраларын «Әлем жады» атты халықаралық тізімге енгізген. Ал ТҮРКСОЙ ұйымы осы жылды «Түркі әлемінің ұлы ақыны әрі ойшылы Мақтымқұлы Пырағы жылы» деп жариялады. Бұл – барша түркі жұртының ерекше сый-құрметі екені сөзсіз. Ұйымның шешімі ақын шығармаларын халықаралық деңгейде танытуға септігін тигізеді деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысының пікірінше, әлемде геосаяси ахуал ушығып, түрлі жаһандық сын-қатерлер пайда болып жатқан күрделі кезеңде ұлы ойшылдың рухани мұрасы айрықша өзекті бола түсті.

– Мақтымқұлы поэзиясы терең гуманистік ойларға толы. Ақын өз шығармаларында бейбітшілік, өзара сенім мен құрмет сияқты мызғымас құндылықтарды дәріптейді. Оның әр туындысында Отанға деген шексіз сүйіспеншілік бар. Мақтымқұлы халықты басқа елдермен, яғни күллі әлеммен ынтымақта өмір сүруге шақырды. Мұны жарқын болашақтың кепілі деп түсінді, – деді Президент.

Президент
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінде Түрікменстан ауқымды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүргізіп, қарқынды даму жолына түскеніне назар аударды. Сонымен қатар бұл шаралар сан ғасырлық тарихы бар түрікмен мемлекеттілігін нығайта түсетініне сенім білдірді.

– Келесі жылы Түрікменстан тұрақты бейтараптық саясатының отыз жылдығын атап өтеді. Бауырлас жұрт осы қағидатты берік ұстанып отыр. Ұлттық бірегейлігін сақтап, елдік мүддесін қорғап келеді. Осы табанды саясатының арқасында Түрікменстанның халықаралық деңгейдегі абырой-беделі арта түсті. Бейтарап Түрікменстан әлемдегі қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға мол үлес қосуда. Сондай-ақ Орталық Азия және Каспий аймағында көпжақты ынтымақтастықты дамытуға ықпал етуде. Біріккен Ұлттар Ұйымы 2025 жылды Халықаралық бейбітшілік және сенім жылы деп жариялады. Бұл игі бастаманы Түрікменстан елі көтерді. Мақтымқұлы түрікмен жұртының іргелі ел болуын аңсап өтті. Бүгінде ұлы бабаның арманы ақиқатқа айналды. Түрікменстан өсіп-өркендеген мықты мемлекет болып отыр, – деді Президент.

халықаралық форум
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Мақтымқұлы Пырағының 300 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған мәдени іс-шараларға тоқталып, бұл бастамалар ұлы ойшылдың мұрасын жан-жақты насихаттауға жол ашатынын және мәдени дипломатияны дамыта түсетінін жеткізді. Әсіресе, Астанада бой көтерген Мақтымқұлының ескерткішін екі ел арасындағы мызғымас достық пен тату көршіліктің символы деп бағалады.

форумға қатысушылар
Фото: Ақорда

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы кеше Түрікменстанға ресми сапары аясында Ашхабадта қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлының ескерткіші салтанатты түрде ашылғанын атап өтіп, Абай мен Мақтымқұлы туындыларында өзара үндестік пен үйлесім бар екенін айтты.

– Олардың рухани мұрасы екі елдің сан қырлы мәдениетін байытып, барша адамзаттың ортақ құндылығына айналды. Қазақ-түрікмен халықтарының тамыры – бір, тарихы – ортақ. Достығымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі бар. Осы мызғымас құндылықтардың негізінде екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық белсенді дамуда. Мұның бәрі қазақ-түрікмен қатынастарын одан әрі нығайта түсері сөзсіз, – деді Президент. 

форум
Фото: Ақорда

Сонымен қатар форумда Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари, Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Түркия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш сөз сөйледі.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.