Валюта бағамы
  • USD -

    521.9
  • EUR -

    600
  • RUB -

    6.37
«ТҮРІК ӘДЕБИЕТІ» ЖУРНАЛЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИТІНЕ ТҰТАС БІР  САНЫН АРНАДЫ
14 тамыз 2019
«ТҮРІК ӘДЕБИЕТІ» ЖУРНАЛЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИТІНЕ ТҰТАС БІР САНЫН АРНАДЫ

Бауырлас Түркияның айына бір рет шығатын «Түрік Әдебиеті» (Türk Edebiyatı) журналы шілде айында шыққан санын тұтастай қазақ әдебиетіне арнады.   

Қазақ әдебеитін түрік тіліне аударып, бауырлас елдердің байланысын тереңдетіп жүрген жас түрколог  Др. (PhD) Омер КУЧУКМЕХМЕТОГЛУ өзінің фейсбук парақшасында сүйншілі хабар туралы жазды. «Мен редакторлық ететін басылымның қазақ әдебиетіне арналған арнайы саны Түркияның Стамбұл қаласында жарық көрді. Аталған санға қазақ әдебиетінің алыптары: Абай, Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин, Міржақып Дулатов шығармаларымен қатар ХХ ғасырдың ортасы мен ХХІ ғасыр әдебиетінің көрнекті өкілдері: Жұмағали Сайын, Баубек Бұлқышев, Мұқағали Мақатаев, Берік Шаханов, Сәбит Досанов, Талғат Кеңесбаев, Ұлықбек Есдәулет, Ерлан Жүніс және Ақберен Елгезек сынды қаламгерлердің шығармалары енді. Бұл жұмысты мен Қазақстанның мәдени астанасы саналатын Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи университетінің түркология институтында директорлық атқарған кезде қолға алған болатынмын. Қыруар шаруаға қарамастан біз осы басылымның сапалы шығуы үшін кітапханаларда отырып, біраз іздендік. Осы орайда маған қол ұшын созып, көмек берген баршаңызға алғысымды білдіремін. 
Сонымен бірге, аталған санымызда шығармалары, мақалалары мен аудармалары жарық көрген ғалымдар мен қаламгерлерді, әріптес аудармашыларды құттықтаймын! Сондай ақ, Бахтияр Аслан басшылық ететін «Түрік әдебиеті» журналына ерекше құрметімді білдіремін! 
Түркия мен Қазақстан қаламгерлерінің шығармашылық байланыстары жандана берсін деген үлкен үмітпен ...» деп жазды түрколог.

RELATED NEWS
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда
15 мамыр 2024
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда

Түркияда мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Осыған байланысты ел президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның барлау және Әділет министрлігінің басшыларымен шұғыл отырыс өткізді, деп хабарлайды Ulys түркиялық басылымдарға сілтеме жасап.

Түрік ұлтшылдарының жетекшісі Девлет Бахчели2016 жылдың шілдесінде елді дүрліктірген мемлекеттік төңкеріс қайталануы мүмкін екенін ескертті.

Бір күн бұрын Анкара Бас прокуратурасы "Айхан Бора Каплан" қылмыстық ұйымына қатысы бар деген күдікпен  үш полицейге қатысты тергеу бастады. Олардың үйлерінде тінту жүргізілді.

Türkiye газеті өз кезегінде "Айхан Бора Каплан" ұйымымен байланыста болды деп айыпталған Анкара қауіпсіздік басқармасында бірқатар полиция қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуына байланысты Түркияда үлкен қарсылық көрсетілгенін жазады. Олардың үйлерінде цифрлық материалдарды алу мақсатында тінту жүргізілді.

"Президент Ердоған Әділет министрі Йылмаз Тунджмен және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрагим Калынмен Бахчелидің мәлімдемесінен кейін Мемлекет басшысының резиденциясында шұғыл түнгі отырыс өткізді", — деп жазады Türkiye.

Ердоған ел Парламентінде сөз сөйлейді деп күтілуде.

Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды
24 қазан 2024
Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды

Кеше кешкісін Түркия Анкарадағы TUSAŞ аэроғарыш компаниясы штаб-пәтерінің маңында қатты жарылыс болған. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады. 

Түркия ІІМ жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар барын айтады. Ал ел билігі оқиғаны "теракт" деп атады. 

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая хабарлауынша,  теракт салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 22 адам жарақат алғаны айтылған.

Шабуылды жасаған екі лаңкес өлтірілді. Лаңкестердің бірі әйел.

АҚШ Түркияға қарсы заң қабылдамақ
10 наурыз 2025
АҚШ Түркияға қарсы заң қабылдамақ

АҚШ-тың Өкілдер палатасы Түркияның демократиялық статусын қайта қарауға және оны Еуропаның емес, Таяу Шығыстың елі деп тануға бағытталған арнайы заң жобасын қарауға алды. Бұл туралы Fox News хабарлады.

Заң Түркияны Еуропа мен Еуразия істері жөніндегі бюросының құзырынан алып тастап, оны Таяу Шығыс істері жөніндегі бюроға ауыстыруды қарастырады.

Fox News хабарлауынша, мұндағы мақсат "АҚШ-тың жауы саналатын елдермен байланыс жасайтын Түркияны тосқауылдап ұстауға талаптану". Вашингтон Анкараны "АҚШ пен НАТО одақтастарынан алыстап бара жатқан мемлекет" деп есептейді.

"Бұл Үкімет ХАМАС содырларын жасырып отыр. Экономикалық одақтастық арқылы Путиннің әскери машинасына қолдау көрсетеді. Сонымен бірге, Батыс одақтасынан артықшылық талап етуін жалғастыра отырып, НАТО-ның бірлігіне кедергі келтіреді. Америкалық дипломатия көзбояушылық жасауын доғарып, Түркияны бұрынғыдай Еуропаның бір бөлігі деп санауын қоюы керек", – деді жобаны Конгресс қарауына енгізген топты басқаратын конгрессмен Брэд Шнайдер.

Бұл ұстанымға Түркия Үкіметі наразылығын білдірді және түріктің сыртқы саясаты мен еуропалық бағдарын Конгресс мүшелерінің дұрыс түсінбей отырғанына нұсқады.

Айта кетсек, Түркия – НАТО-ның АҚШ-тан кейінгі ең қуатты мүшесі. 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.