Валюта бағамы
  • USD -

    514.7
  • EUR -

    534.5
  • RUB -

    5.33
ТРАМП ӘКІМШІЛІГІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ЖАҢА СТРАТЕГИЯ ДАЙЫНДАУДА
18 желтоқсан 2019
ТРАМП ӘКІМШІЛІГІ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ЖАҢА СТРАТЕГИЯ ДАЙЫНДАУДА

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ-қа ресми сапармен барып қайтты. Вашингтонда екі күнге ұласқан  сапарға АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның шақыруы негіз болған. 

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары екіжақты қатынастардың барлық спектрі бойынша көп жоспарлы өзара іс-қимылмен сипатталатын кеңейтілген стратегиялық әріптестікті дамытуға ниетті. М. Тілеубердінің Вашингтон қаласына сапарының бағдарламасы Мемлекеттік департаменттегі өзінің әріптесі М. Помпеомен екіжақты кездесуінен басталған. «Біз сенім мен өзара түсіністік рухында дамып келе жатқан АҚШ-пен ынтымақтастығымызды одан әрі кеңейтуге үлкен мән береміз. Осының арқасында Қазақстан мен Құрама Штаттар кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне жетті, ол ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы қаңтардағы Вашингтонға ресми сапарының қорытындысы бойынша бекітілді», - деді Қазақстан СІМ басшысы.

Қазақстанның АҚШ-пен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға бейімділігі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылғы қыркүйекте Нью-Йоркке жасаған сапары барысында атап өтілді. «Қазақстан Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет, оған Құрама Штаттар өңірдегі сенімді серіктес ретінде сенеді. Біз сіздің еліңізді өңірлік қауіпсіздікті қолдаудағы басты серіктес деп санаймыз», - деді Мемлекеттік хатшы М. Помпео

Сапар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығын мерекелеу қарсаңында өтуде. АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған және біздің елде өзінің дипломатиялық өкілдігін ашқан алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Сол күні Министр М. Тілеуберді Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің басшылығымен және Қазақстанның «достар тобындағы» АҚШ конгрессмендерімен келіссөздер жүргізді. Сыртқы саяси күн тәртібіндегі экономикалық дипломатияның басымдылығын ескере отырып, СІМ басшысы Дүниежүзілік банктің Вашингтондағы штаб-пәтеріне барды. Еуропа және Орталық Азия бойынша Вице-президенті Сирил Мюллермен кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Банк тобының қаржы институттары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. С. Мюллер Дүниежүзілік Банктің Директорлар кеңесі 2020-2025 жылдарға арналған Дүниежүзілік банктің елдік серіктестік стратегиясын мақұлдағанын хабарлады. Тараптар сондай-ақ 2020-2024 жылдарға ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы бірлескен жобаны талқылады. Экономикалық ынтымақтастық дәстүрлі түрде Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі болып табылады. 2019 жылғы қаңтар-қазан аралығында екі ел арасындағы тауар айналымы 1,8 млрд. долл. құрады. Қазақстаннан АҚШ-қа экспорт 682 млн. долл., ал АҚШ-тан Қазақстанға импорт - 1,1 млрд. долл. жетті.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға американдық инвестициялар 5.3 млрд. АҚШ долл. жетті. Тұтастай алғанда, АҚШ-тан ҚР экономикасына тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 2005 жылдан бастап шамамен 40 млрд. долл. құрады.

Екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту аясында, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында Министр М. Тілеуберді АҚШ Конгресінің кітапханасына барып, қазақ әдебиетінің екі томдық антологиясы мен ұлы ақынның қара сөздер кітабін салтанатты түрде табыс етті.

1800 жылы құрылған АҚШ Конгресінің кітапханасы әлемдегі ең ірі болып табылады және 450-ден астам тілдерде 38 миллионға жуық кітап пен басқа да баспа материалдары бар.

         Бұл сапарда мәлім болған тағы бір жәйт, АҚШ Орталық Азияға қатысты жаңа стратегиясын жарияламақ екен. Azattyq.org сайтының хабарлауынша, АҚШ мемлекеттік департаменті өкілі Дональд Трамптың әкімшілігі Орталық Азияға қатысты жаңа стратегия дайындап жатқанын мәлімдеген. Сайт тартқан ақпратта «Мемлекеттік департамент өкілі АҚШ-қа барған Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесуден соң баспасөз мәслихатын өткізіп, биыл Вашингтонның Орталық Азиядағы бес елмен қарым-қатынасы “жанданғанын” айтқан. Шілдеде АҚШ делегациясы төрт жылда алғаш рет Қырғызстанға барған. Қарашада мемлекеттік департамент Түркіменстан сыртқы істер министрі Ришад Мередовті қабылдаған. Мемелкеттік департамент өкілінің сөзінше, АҚШ келесі жылы көктемде Тәжікстан мен Өзбекстан делегациясымен кездесуді жоспарлап отыр. Ресурсқа бай Орталық Азияға Ресей мен Қытай ықпал еткісі келеді. Бұл аймақтың тыныштығына Ауғанстандағы содырлар да қауіп төндіріп тұр. Қытай Орталық Азия елдеріне экономикалық әрі саяси ықпалын күшейтуге тырысып жатқан тұста АҚШ та бұл аймақтағы елдермен дипломатикалық қарым-қатынасты кеңейтпек. Пекин Шыңжаңнан қашқан мұсылмандарды да кері қайтару үшін қазір Орталық Азия елдеріне қысым жасауға тырысып отыр. 2017 жылдың көктемінен бері Қытайдың Шыңжаң өлкесінде мұсылмандар, оның ішінде қазақтар мен қырғыздар “саяси лагерьге” қамалғаны туралы хабар тарап жатыр. Батыс елдері Қытайдың Шыңжаңдағы саясатын сынайды» деп жазылған.

 

Суреттер mfa.gov.kz сайтынан алынды.

RELATED NEWS
ҚАУІП ҚЫТАЙДАН
19 желтоқсан 2018
ҚАУІП ҚЫТАЙДАН

«ULYS» túsinikteme: Жақында АҚШ-тың вице-президенті Майк ПЕНС Ақ үй әкімшілігінің Қытайға қатысты саясаты туралы арнайы мәлімдеме жасаған болатын. Соның ең өзекті жерлерін ағылшын тілінен тікелей аударып, назарларызға ұсынып отырмыз.

Бейжің бұрын-соңды болмаған жағдайда күшін көрсетуге бел буып кірісті. Қытай кемелері әкімшілік-аумақтық тұрғыда Жапонияға тиесілі Сенкаку аралдарын тұрақты карауылдай бастады. Қытай басшысы 2015 жылы Ақ үйде тұрып «оның елі Оңтүстік Қытай теңізіне әскер әкелуге ниетті емес» деп мәлімдеген еді, бірақ Бейжің қазір жасанды аралдарға әскери базаларын құрып, кемелер мен әуе шабуылдарына қарсы күштерін әкеліп қойды.

Бүгінде Қытай тыңшы мемлекетке айналды. Бұл істе олар АҚШ-тың технологиясына иек артып отыр. «Қытайдың ұлы қорғаны» атты интернет ақпаратын қатаң сүзгіден өткізетін жоба жасалды.

2020 жылға қарай Қытай билеушілері адам өмірінің әр қырын виртуалды түрде бақылауға алатын жүйені енгізгелі отыр.

Қытайдағы діни бостандықта мәз емес. Христиандар, буддистр мен мұсылмандарға қысым жасаудың жаңа науқаны қарқынды жүріп жатыр.

Өткен айда Бейжің Қытайдағы ең ірі жерасты шіркеулерінің бірін жапты. Билік бүкіл ел бойынша крестерді қиратып, Библия кітаптарын өртеп, дін қызметкерлерін темір торға тоғытуда. Бейжің жақында Ватикамен мәміле жасады. Бұл келісім бойынша атеистік Коммунистік партия католик молдаларын өздері тікелей тағайындай алады. Осыған қарап Қытай христиандарын азапты күндер күтіп тұр деуге әбден болады.

Бейжің буддистерді де қуалап жатыр. Соңғы 10 жылдың ішінде 150-ден астам тибет будис монахы діни наным-сеніміне жасалған қысымға наразылық ретінде өзін өртеп жіберген. Коммунистік партия Шыңжаңда 1 миллион мұсылман ұйғырды миларын әбден айналдыру үшін үкімет лагерлеріне қамады. Лагерден босап шыққандар ондағы азапты айта алмай, зарлап отыр.

Қытай АҚШ үкіметінің іс-әрекеттері мен мақсаттарына қарсы күресті күшейтті. Оның ішінде, Американың одақтастары мен жауларымен өзінше қарым-қатынас орнатуда.

Қытай ықпалын кеңейту үшін «қарызға батыру дипломатиясын» кеңінен пайдалануда. Бүгінде бұл ел Азиядан Африкаға, Еуропадан Латын Америкасына дейінге мемлекеттердің үкіметтеріне инфрақұрылымды дамыту деген желеумен жүздеген миллиард долларды аямай үлестіруде. Бұл берешектің терминдері өңін айналдырып, ең көркем түрде түсіндірілуде, бірақ олардың астарында Бейжіңнің үстемдігін күшейту жатыр.

Мысалға Шри-Ланканы алайық. Қытайдың мемлекеттік компанияларынан қыруар қарыз алған бұл ел коммерциялық бағытта деп түсіндірілген, бірақ анық күдік тудырып отырған айлақты салуға рұқсат беруге мәжбүр болды. 2 жыл бұрын алған таудай берешегін уақытылы қайтара алмаған Шри-Ланка үкіметін Қытай қысымға алып, ақыр аяғында жаңа айлақты Қытай жағына басы бүтін беруге еріксіз көндірді. Енді бұл айлақ Қытайдың алдыңғы қатарлы теңіз-әскери базасына айналатын күн алыс емес!

Бейжің Венесуэладағы жемқор және дәрменсіз Мадуро режимін де қарызға белшесінен батырып, берешектің өтемі ретінде мұнайына толық өз қарауына алды. Сондай-ақ Қытай Венесуэлаға несие беріп отырған жалғыз ел, Бейжің Венесуэла халқына 50 млрд-тан астам несие таратқан. Бейжің Қытайдың стратегиялық мақсаттарын қолдайтын партиялар мен үміткерлерге тікелей қолдау көрсетіп, кейбір елдердің саясатына араласып отыр.

Былтыр Қытайдың Коммунистік партиясы Латын Амарикасындағы 3 мемлекетті Тайпеймен арадағы қарым-қатынасты үзіп, оны Қытайдың құрамында деп тануға көндірді. Бұл амалдар Тайвандағы тұрақтылыққа қауіп төндіріп тұр.

Сіздерге Қытайдың біздің елде жасап отырған іс-әрекеттері туралы айтқым келеді, олардың біразын барлау қызметінен алдық, кейбірін халыққа жариялаймыз. Бұлардың бәрі ақиқат нәрселер.

Бейжің АҚШ-тың ішкі саясатына араласу айла-амалын белсенді жүргізіп келеді. Қытайдың Коммунистік партиясы америкалық бизнес нысандарын, киностудияларды, университтерді, сараптамалық орталықтарды, ғалымдарды, журналистерді және өңірлік, штаттық, федералды билік өкілдерін қатты ынталандырып отыр.

Ең сорақысы, Қытай Америка халқының қоғамдық пікіріне, 2020 жылғы президент сайлауына ықпал етуге барын салып отыр. Президент Трамптың көшбасшылығы олардың адымын аштырмай отыр, сондықтан Қытайға келесі сайлауда басқа басшының сайланғаны ауадай қажет.

Қытай Американың демократиясына араласып отыр. Бұған еш күмәндануға болмайды. Маусымда Бейжің «Пропаганда және цензура мәселесі» деген маңызды құжат қабылдады. Онда оның стратегиясы анық баяндалған. Бұл құжатта Қытай АҚШ-тағы әртүрлі жергілікті топтардың арасына жік салу үшін дәл және сақ әрекеттер ұйымдастыруы керек» деп анық жазылған. Сонымен бірге, Бейжің америкалықтардың қытай саясатын оң қабылдауына ықпал ету үшін белсенділерді, озық топтарды және үгіт-насихат материалдарын іске қосып отыр.

Қытайдың жоғары лауазымды шенеуніктері бизнес лидерлеріне ықпал етіп, біздің сауда саласындағы іс-шараларымызды айыптауға көндіруге әрекет жасауда. Қолданғандарға Қытайда кедергісіз жұмыс істеуге кепілдік беріп отыр. Жақында болған оқиғадан бір мысал: Қытай ірі америкалық корпорацияларға біздің әкімшіліктің саясатын айыптаудан бас тартса, лицензияларының күшін жоямыз деп қоқан-лоқы жасады.

Бақытымызға қарай, америкалықтар сатылып отырған жоқ. Мысалы, америкалық фермерлер Президент жағында және оның саяси бағдарынан нақты нәтиже көріп отыр. Осы аптада АҚШ-Мексика-Канада келісім-шарты сәтті жасалды. Осылайша біз Солтүстік Америка нарығына АҚШ өнімдерін шығаруға мүмкіндік алдық. Бұл америкалық фермерлер мен америкалық өндірушілердің үлкен жеңісі.

Қытайдың әрекеті біздің саясатқа ықпал етуге ғана бағытталып отырған жоқ. Бейжің экономикалық мүддесін қорғау үшін де қам қылып жатыр.

Бейжің Қытайда жұмыс істейтін америкалық бірлескен кәсіпорындардың ішінде «партия ұйымдарын» құруды талап етуде, осылайша Коммунистік партияның ықпалын арттырып, жұмысқа алу мен инвестицияға қатысты шешімдерді қабылдауда дауыс беру, тіпті вето қою құқығына ие болуды көздеп отыр.

Қытай билігі Тайванды жеке географиялық аумақ ретінде қарастыратын немесе Тибетке байланысты қытай саясатын қолдамайтын америкалық компанияларға да қысым жасап отыр. Бейжің уебсайтында Тайванды «Қытайдың провинциясы» деп атамаған Delta Airlines-ті жариялы түрде кешірім сұрауға мәжбүрледі. Сондай-ақ Marriott-тан Тибетке туралы тіуиттік жазбаға лайк басқан америкалық қызметкерді жұмыстан шығаруды талап етті.

Бейжің Голливудтан Қытайды тек қана жағымды жағынан суреттеуді талап етуде. Бұл талапқа көнбеген студиялар мен продюсерлерді жазалап жатыр. Бейжің Қытайды сәл болса да сынаған киносценарийлерді редакциялатып, цензураны күшейтті. Мысалы, “World War Z” (“Z дүниежүзілік соғысы”) фильміндегі вирус Қытайдан шықты деген жерін алдырып тастаған. Сондай-ақ, “Red Dawn” (“Қызыл арай”) фильміндегі құбыжықтарды қытайлық емес, солтүстікамерикалық деп өзгерттірген.

Бизнес пен ойын-сауықтан басқа Қытайдың Коммунистік партиясы АҚШ пен бүкіл әлем бойынша үгіт-насихат материалдарына миллиардтаған доллар жұмсауда.

China Radio International (Қытайдың халықаралық радиосы) қазір Бейжіңді жақсы жағынан насихаттайтын 30-дан астам хабар таратады, олардың көбі АҚШ-тың ірі қалаларына таралады. The China Global Television Network-ты (Қытайдың Ғаламдық телевизия желісі) 75 млн-нан астам америкалық тыңдайды екен, оның хабарларын Коммунистік партия тікелей бақылайды.

Коммунистік партия америкалық журналистердің Қытайдағы отбасы мүшелеріне қоқан-лоқы жасап, біразын қамап тастады. Бейжің АҚШ-тың ақпарат құралдарының уебсайттарын жауып тастады, біздің журналистерге виза беру ісін қиындатып жіберді. Мұндай қыспақ New York Times қытай басшыларының байлығы туралы зерттеу есебін жариялағаннан кейін басталды.

Цензура ғылым-білім саласында да асқынып тұр.

«Қытайлық студенттер мен ғалымдар қауымдастығының» АҚШ кампустарында 150-ден астам филиалы бар. Бұл топтар Америкада оқитын 430 мың қытай азаматына әлеуметтік іс-шаралар өткізуге көмектесіп отыр. Сондай-ақ олар Коммунистік партияның бағыт-бағдарынан ауытқыған қытай студенттері мен америкалық мектептер туралы ақпаратты Қытай елшіліктері мен консулдықтарына шұғыл жеткізіп тұрады. Мысалы, жақында Мериленд университетінде қытай студенті диплом алу салтанатында Америкадағы «сөз бостандығының жылы лебі» туралы айтқан. Оның бұл сөзін Коммунистік партияның ресми газеті сынап жазды. Осылайша әлгі қызды Қытайдың қатаң бақыланатын әлеуметтік желісіндегілер талап, жерден алып, жерге салды және оның Қытайдағы отбасы мүшелеріне қуғынға ұшырады. АҚШ-тағы ең ауқымды жобалардың бірі болып келген Қытайдың студент алмасу бағдарламасының аясы аяқ астынан тарылып шыға келді.

Бейжің университеттер, сараптамалық орталықтар мен ғалымдарға ақшаны аямай береді. Бірақ егер олардың еңбектерінен Коммунистік партияның ісіне қайшы келетін ой-пікір табылса, бірден қысымға тап болады. Сондықтан қытай сарапшылары Бейжің саясатына қарсы пікір айтса, виза берілмейтінін жақсы біледі.

Қытайдың ұлы жазушысы Лу Син: «Қытай шетелдіктерге мал ретінде немесе әулие ретінде қараған, бірақ оларға ешқашан тең адам ретінде қарамаған» деп жазады. Бейжің сөзден нақты іске көшеді деп сенім артады. Бірақ біз Қытаймен арадағы қарым-қатынасымыз әділдікке, ортақ игілікке және біздің егемендігімізді құрметтеуге негізделмейінше, қол қусырып, отыра алмаймыз.

 

Ернат ҚАШҚЫНОВ, ағылшын тілінің маманы, журналист

 

Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетті, ол Ақ үйге оралмақ
06 қараша 2024
Дональд Трамп сайлауда жеңіске жетті, ол Ақ үйге оралмақ

АҚШ-тың бұрынғы президенти Дональд Трамп сказал жегіске жетіп, Ақ үйге оралды. Оған берілген дауыстар с басты қарсыласы Камала Харристен басовые песни, депбарлайды Fox News.

Сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша, Д. Трамп также жету үшін қажетти 270 сайлаусының дауысынан асып түсіп, 277 дней жинады, - деп хабарлайды Fox News.

Аталмыш телеарнаның мәліметінше, Харристің 226 дауысы бар. Они также были приглашены в Палату представителей, выступающие за поддержку Майка в борьбе с жарией. 

Еще раз, Трамп алғаш рет 2016 г. жылы бұрынғы мемлекеттіктшы Хиллари Клинтонды жеңіп, президенттикке Сайланған Болатын. В 2020 году были жылы жаһандық коронавирусные пандемии кезіндегі сайлау кезінде Байденнен жеңіліп қалды. 

Джо Байден президент сайлауына қатыспайтын болды
22 шілде 2024
Джо Байден президент сайлауына қатыспайтын болды

АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден алдағы президенттік сайлауға қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulys.

Өзінің бұл үндеуін ол Х әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Байден президенттік лауазымды мерзімі аяқталғанша атқаратынын, бірақ қайта сайлауға түспейтінін алға тартты.

Мен үшін сіздердің президенттеріңіз ретінде қызмет атқару өмірімдегі ең үлкен құрмет болды. Мен өкілеттігім аяқталғанша президент ретіндегі міндеттерімді орындауға көңіл деп жазды Байден.

 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.