Валюта бағамы
  • USD -

    523.7
  • EUR -

    616.5
  • RUB -

    6.57
Төтенше жағдайдан кейін жаңа кәсіп бастайтындарға 6 пайызбен несие беріледі
23 сәуір 2020
Төтенше жағдайдан кейін жаңа кәсіп бастайтындарға 6 пайызбен несие беріледі

Жаңа кәсіп бастайтындар үшін жеңілдетілген несие беру бағдарламасы төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін жұмыс істейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы «Даму» КДҚ» АҚ мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету департаментінің директоры Гүлсая Зейнелғабдина ОКҚ онлайн-брифингінде айтты. 

«Иә, бизнес бастайтындар үшін біздің бағдарламамыз жұмыс істеді және істей береді де. Төтенше жағдай кезінде де істеп жатыр. Жаңа кәсіпкерлерге арналған нәтижелі жұмыспен қамту «Еңбек» бағдарламасы бар. Бұл арқылы кәсіпкер 6,5-8 мың АЕК мөлшерінде 6 пайыздық мөлшерлемемен несие ала алады. Заем мерзімі - 5 жыл. Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында да жаңа кәсіпкерлерді қолдаймыз. Бұл - субсидиялау, кепілдік беру инструменті. Бұл арқылы кәсіпкер бизнесін ауылда немесе шағын қалада бастаса, онда бірінші бағыт бойынша 750 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Мұнымен қоса, айналмалы капиталын толықтыру үшін 360 миллион теңгеге дейін алуына мүмкіндігі бар. Кепілдік беру инструменті арқылы жаңа кәсіпкердің несие сомасы 180 миллион теңгеден аспаса, несие сомасынан 85 пайыз кепілдік беріледі», - деді Гүлсая Зейнелғабдина.

Департамент директорының айтуынша, кәсібін қалада бастағысы келетіндер үшін несие мөлшері 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайған.

«Екінші бағыт бойынша кәсіпкер бизнесін қалада бастаса, 7 миллиард теңгеге дейін ұлғайды, 6 пайыздық мөлшерлемемен несие ала алады. Кәсіпкерлер «Даму» қорына қазір де өтініш білдіруіне болады. Төтенше жағдай біткеннен кейін де жүгінуге болады. Тек банктер бизнес жобаға несие бергеннен «Даму» қоры субсидия мен кепілдік беруге қатысты шешім шығарады», - деп толықтырды спикер.

RELATED NEWS

ЖЕТІСУДЫҢ ЖЕР АСТЫНДАҒЫ ТАМЫРЫ: ГАЗ БЕН СУҒА ҚАНША ЖАҚЫН, ҚАНША АЛЫС ТҰРМЫЗ?
14 желтоқсан 2025
ЖЕТІСУДЫҢ ЖЕР АСТЫНДАҒЫ ТАМЫРЫ: ГАЗ БЕН СУҒА ҚАНША ЖАҚЫН, ҚАНША АЛЫС ТҰРМЫЗ?

Жетісу – табиғаты сұлу, тұрмысы ауырлау өңір. Бұл қарама-қайшылықты әр үйдің қазандығын ашып көрсең де, әр ауылдың құдығын қазып қарасаң да аңғарасың. Бүгінгі заманның екі талабы бар: жылы үй және таза су. Ал осы екеуі әрбір отбасының тағдырын шешеді.

Газ бен су – құр инфрақұрылым емес. Ол – тіршіліктің тамыры. Тамыр соқпаса, бүкіл ағза әлсірейді. Өңірдің жағдайы да осыған ұқсас: бір ауылда газ от болып жанып тұрса, келесі ауыл әлі де көмірдің түтінін жұтып отыр. Бір елді мекен краннан су ішсе, екінші ауыл әлі де құдықтың бетіндегі мұзды ойып, тіршілік іздейді.

Сонда Жетісудың газ бен суға қатысты шынайы жағдайы қандай? Біз ашық деректерді ақтарып, тұрғындар пікірін тыңдап, ресми жоспарларды зерделеп, өңірдің күрделі картасын қайта жинап шықтық.

ГАЗДАНДЫРУ: ҚҰБЫР ҚАЙДА БАРСА, ТІРЛІК СОНДА ЖАНАДЫ

Талдықорған–Ұшарал магистральдық газ құбырының іске қосылуы – өңір үшін үлкен белес. Бұл жай ғана металл құбыр емес, ондаған ауылдың маңдайын жылытатын, жүздеген мың адамның тұрмысын жеңілдететін өмір өзегі.

Міне, бүгінгі нақты көрініс:

- Жетісуда 358 елді мекен болса, соның 192-сін газдандыру жоспарда тұр.

- Қазірдің өзінде 84 ауыл көгілдір отынмен танысты.

- 400 мыңнан астам адам газдың игілігін көріп отыр.

- 2025 жылдың өзінде 42 ауылға газ баруы тиіс.

- Бұл іске 7,9 млрд теңге бағытталған.

Цифрлар тіпті пафоссыз-ақ сөйлейді. Газ жеткен ауылдардың ауасы да, тұрмысы да өзгереді. Көмірден шаршаған қарт ана, күлмен алысып өскен жас отбасы, таңғы аязда пеш жаққан бала – бәрінің өмірі жеңілдейді.

Бірақ газ құбыры бір күнде салынбайды. Жер бедері, жоба құжаттамасы, сараптама, тендер, қаржы – бәрі уақыт жейді. Және бұл уақыт әр үйдің пешіндегі жалынды кешеуілдетіп тұрады.

АУЫЗ СУ: ӨМІРДІҢ ЕҢ ҮНЕМШІЛ ДЕРЕГІ

Сумен қамту мәселесінде картина одан да күрделі. Газсыз өмір сүрсең де болады, бірақ сусыз – ештүрлі мүмкін емес. Су – тек денсаулық емес, гигиена, ауыл шаруашылығы, бала тәрбиесі, тіпті бір отбасының ішкі рухани тыныштығы.

Ресми деректерге қарасақ:

- Бір ауданның өзінде 49 елді мекеннің 43-і сумен қамтамасыз етілген.

- Тағы 6 ауыл әлі де құдық пен ұңғымаға тәуелді.

- Бірнеше елді мекенде су сапасын жақсарту үшін сорғы станциялары жаңартылып, құбыр желілері жөнделді.

- Жансүгіров ауылында су тазарту станциясын салу жобасы қаржыны күтуде.

Мұның артындағы шындық: облыста су жүйесі толық, біркелкі шешілген жоқ. Бір ауыл кранды ашып шай қайнатады, ал бір ауыл әлі де коляскаға бөшке тиеп, тіршілік суын тасып жүр.

Бұл – 21 ғасырдың Қазақстанына лайық сурет емес.

ҚАЙ АУЫЛ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ, ҚАЙСЫСЫ КҮТІП ОТЫР?

Жетісудың басты теңсіздігі – магистральға жақын отырғандар мен шалғай ауылдардың арасында. Жолдың бойындағы елді мекен газды ертерек көреді, суды тезірек алады. Ал тау арасындағы, шекараға жақын, халқы аз ауылдар көбіне «кезегін тосып» қалады.

Су мен газ – саясаттың, бюджеттің, инфрақұрылымның айнасы. Әділетті бөлініс жоқ жерде реніш те, түсініксіздік те көп.

ТҰРҒЫН ДАУЫСЫ: «БІЗДІҢ ӨМІР ҚАШАН ЖЕҢІЛДЕЙДІ?»

Газ барған ауылда өзгеріс бірден сезіледі.
– «Таңертең пешке от жағу жоқ»,
– «Үйдің іші үнемі жылы»,
– «Көмірге шығатын шығын азайды»,
– «Балалар таза ауа жұтады».

Осындай сөздерді жиі естисің.

Ал су жетпеген ауылдардың әңгімесі бөлек. Су – алтынға пара-пар. Жұрт құдыққа тәуелді, жазда су тартылып кетеді, қыста мұз қатып қалады. Судың сапасы – бөлек әңгіме. Құдықтан ішкен судың қауіпі көп.

Сондықтан ең ауыр сұрақты үнемі сол ауылдар қояды: «Бізге кезек қашан келеді?»

НЕГІЗГІ БЕС МӘСЕЛЕ: ӨҢІР ҚАЙ ЖАҚТЫ ТҮЗЕУІ ТИІС?

Өңірдің су мен газ мәселесі бір-екі жылдың шаруасы емес. Бірақ нақты бес бағытты реттеу – жағдайды айтарлықтай жақсартады.

1. Инфрақұрылымды толық түгендеу

Қай ауылда су бар? Қай ауылда газ бар? Қай ауыл кезекте? Бұл тізім ашық болуы тиіс.

2. Ресурстарды әділ бөлу

Үлкен ауылы бар аудан ғана емес, халқы аз болса да шалғай ауыл да назарда болуы керек.

3. Қоғамдық бақылауды күшейту

БАҚ, қоғам белсенділері, жергілікті ұйымдар – бұл процесте сырттай бақылаушы емес, серіктес болуы тиіс.

4. Жобаларды жеделдету

Құжаттаманың кешігуі – ең үлкен тежегіш.

5. Әлеуметтік топтарға қолжетімділік

Газ бар, су бар – бірақ қосылу құны ауыр. Бұл қарапайым отбасы үшін басты кедергі.

ҚОРЫТЫНДЫ: СУ МЕН ГАЗ – ЖАЙЛЫЛЫҚ ЕМЕС, АЗАМАТТЫҢ ҚҰҚЫҒЫ

Жетісу соңғы жылдары талай шаруаны еңсерді. Газ барған ауылдар көбейді, жаңа су желілері тартылды, тазарту станциялары жобаланды. Бірақ толық қамтуға әлі жол ұзақ.

Газ бен су – артықшылық емес.
Олар – әрбір адамның өмір сүруіне қажетті ең төменгі деңгей.
Өңірдің өркендеуі осыдан басталады.

Пештен көк түтін шығып, құдықтан мұз ойған ауыл барда – бұл тақырып жабық емес. Бұл – қоғамның, биліктің, журналистиканың ортақ жауапкершілігі.

Жетісудың жер астындағы тамыры – су мен газ құбыры.
Құбырдың қайда тартылуы – өңірдің ертеңі қайда бет алғанын көрсетеді.

Ulys.kz осы жолдың қалай салынып жатқанын бақылауды жалғастырады.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.