Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Руслан Сейсембаев пен Асқар Әмірханов Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі жұмыстарынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
«Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Руслан Темірғалиұлы Сейсембаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Терроризмге қарсы қызметінің бастығы лауазымынан босатылды;
Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.