Валюта бағамы
  • USD -

    521.1
  • EUR -

    611.5
  • RUB -

    6.65
Тоқаев  Үкіметтің жұмысын жандандыру қажет екенін айтты
Фото: Ақорда 17 қазан 2024
Тоқаев Үкіметтің жұмысын жандандыру қажет екенін айтты

Президент Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2024 жылдың үшінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында экономиканы әртараптандыру шаралары күшейтілген. Есепті кезеңде шикізаттық емес секторды дамыту нәтижесінде ішкі жалпы өнімнің өсімі 4 пайызды құрады. Ең жоғары өсімді ауыл шаруашылығы (11,4%), құрылыс (10,1%), көлік (8%), байланыс (6,4%), сауда (6,3%), өңдеу өнеркәсібі (4,8%) салалары көрсеткен. 14 өңірде өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі артқан.

Биылғы қаңтар-тамыз айларында сыртқы тауар айналымы 91,7 миллиард долларды құрады, оның ішінде экспорттың үлесі 3,3 пайызға көбейді. Оң сауда балансы 34,8 пайызға өсіп, 15,4 миллиард долларға жетті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел бюджетіне 14,9 триллион теңге түскені туралы мәлімет берілді. Әлеуметтік төлемдер бюджет шығысының негізгі бөлігін құрайды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына заңсыз иеленген активтерді қайтару жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы жайында айтылды. Жыл басынан бері комиссия 450 миллиард теңгеге жуық активтерді қайтару жөніндегі келісімдерді мақұлдаған. Бүгінде мемлекетке 265 миллиард теңгені құрайтын активтер, соның ішінде ақшалай 177 миллиард теңге қайтарылды. Барлық қайтарылған қаражат әлеуметтік маңызы зор жобаларға жұмсалып жатыр. «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңның субъектілері бірқатар жобаларды, атап айтқанда, мұқтаж адамдарды оңалту және әлеуметтендіру бағдарламаларын, мәдени-білім беру орталығы мен спорттық манеж құрылысын қаржыландыруды бастады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Исламабадта өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесі отырысының қорытындысы жөнінде баяндалды.

Президент Үкіметтің жұмысын жандандыру қажет екенін атап өтті. Бұл ретте ел экономикасын әртараптандыру арқылы оның тұрақты өсімін қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп кешенінде инновацияны дамыту, ірі индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру шараларын жалғастыруды тапсырды.

RELATED NEWS
Азық-түлік дүкендері қосылған құн салғынан босатылмақ
09 сәуір 2025
Азық-түлік дүкендері қосылған құн салғынан босатылмақ

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қандай қызметтер мен тауарлар қосылған құн салығынан босатылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Ulys.

Оның айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, кітап басып шығару, археология қосылған құн салығын төлеуден босатылады.

«Әлеуметтік салада, денсаулық сақтау саласында Үкімет қосылған құн салығынан босатылған дәрі-дәрмектің әлеуметтік тізімін айқындайды. Қосылған құн салығы тек ақылы медициналық қызметтерге салынады. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 10% болады. Әлеуметтік саладағы корпоративтік табыс салығы 2026 жылдан бастап 5% және 2027 жылдан бастап 10% болады. Ал банк операцияларына қосылған құн салығы салынады. Олардың қымбаттауына жол бермеу үшін Бәсекелестікті қорғау агенттігі Үкіметпен бірлесіп қазіргі бағалардың дұрыстығына талдау жүргізеді», - деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар, арнаулы салық режимі бойынша рұқсат етілген тізім емес, тыйым салынған тізім енгізіледі. Тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі.

Жұманғарин ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін бәрі өзгеріссіз қалатынын атап өтті. Яғни, 70% жеңілдік қалады. Ал өңдеу өнеркәсібіне корпоративтік табыс салығының 20% мөлшерлемесі бойынша салық салынады.

ҚҚС көтеру: Үкімет Мәжіліске 20 ақпанға дейін ұсыныс енгізеді
06 ақпан 2025
ҚҚС көтеру: Үкімет Мәжіліске 20 ақпанға дейін ұсыныс енгізеді

Бүгін Сенат қабырғасында вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қосымша құн салығын көбейту туралы ұсынысты Мәжіліске 20 ақпанға дейін енгізетінін айтты, деп хабарлайды Ulys

Жобаны 20 ақпанға дейін Мәжіліске енгізуіміз керек. Қазір Мәжілісте Салық кодексіне толықтырулар енгізу туралы заң жобасы жатыр. Соған қосымша ретінде біздің түзетулер енеді, - деп мәлім етті ол.

Қазақстанда 2,3 мыңнан астам ғылыми жоба қаржыландырылады 
11 наурыз 2025
Қазақстанда 2,3 мыңнан астам ғылыми жоба қаржыландырылады 

Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек республиканың ғылыми әлеуеті туралы баяндады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Ол бүгінгі таңда еліміздің ғылыми әлеуеті – 25,5 мың ғалымды құрайтынын, оның 46%-ы 40 жасқа дейінгі мамандар екенін атап өтті. Ғылым саласында 425 ұйым жұмыс істейді.

«Енді гранттық конкурстар жыл сайын өткізіледі, бұрын 3 жылда бір өкізілетін. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау тетіктері кеңейтілді: постдокторанттар мен жас ғалымдарға гранттар, әзірлемелерді коммерцияландыруды қаржыландыру, іргелі институттарды тікелей қаржыландыру, шетелдік тағылымдамалар және мега-гранттар енгізілді. Қазіргі уақытта 264 ғылыми-техникалық бағдарлама, 2,3 мыңнан аса ғылыми жоба және 208 коммерцияландыру жобасы қаржыландырылуда. 1,4 мыңнан астам ғалым шетелде ғылыми тағылымдамадан өтті»,

 — деді Саясат Нұрбек.

Министр жас ғалымдарға арналған гранттар конкурстарының арқасында 2 мыңнан астам зерттеуші 835 жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік алғанын айтты. 

 

 

 

 

Министр добавил, что благодаря конкурсам грантов для молодых ученых более 2 тыс. исследователей получили возможность реализовать 835 проектов.  

 

📱 @KZgovernment

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.